Бизнес-ойлау психологиясы



бет147/185
Дата08.12.2023
өлшемі4,9 Mb.
#135325
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

1-тапсырма
Қаржылық салымсыз өз стартапын іске қосу сценарийін ойлап табыңыз.



        1. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Жоғарыда аталған барлық инвестиция іздеу нұсқаларымен қатар, кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бар. Олардың кейбірін қарайық.
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
Бұл бағдарламаның төрт бағыты бар:
1-бағыт. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
2-бағыт. Салалық қолдау;
3-бағыт. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
4-бағыт. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары.
"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бағдарламасы қаржылық емес қолдаудың мынадай түрлі құралдарын тегін пайдалануды ұсынады: бухгалтерлік қолдау; заң қызметтері; кедендік рәсімдер бойынша қызметтер; жобаны қолдау; маркетинг; ақпараттық технологиялар бойынша қызметтер; мемлекеттік сатып алу; мемлекеттік-жекеменшік серіктестік.
Бағдарлама бойынша кеңесшілер қажетті қаржыландыру көзін таңдауға көмектеседі және несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша кеңес береді; банктік заемдар бойынша ішінара кепілдік (кепіл болмаған жағдайда); гранттық қаржыландыру алу; жетіспейтін өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; кәсіпкерлік субъектілеріне салалық қолдау алу.
Бизнес-мектеп бағдарлама аясында "Бизнес-кеңесші" бағдарламасы бойынша 2 күндік оқыту, "Бизнес-өсу" бағдарламасы бойынша 5 күндік оқыту және 2 айлық жобалық оқытуды жүргізеді.
"Атамекен" ҰКП "Іскерлік байланыстар" бағдарламасы кәсіпкерлерге Қазақстанда 3 апталық бизнес-тренингтен және Германияда 4 апталық тақырыптық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
"Атамекеннің" барлық бағдарламалары туралы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының филиалында және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚК), сондай-ақ Services.atameken.kz веб-сайтынан білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет