3) «Проблеманың мәні» үшінші блогы Өзіңіздің басты мақсатыңызды, туындаған қажеттіліктерді қалай қанағаттандыратыңызды егжей-тегжейлі түсіндіріңіз. Инвесторлар сіздің не сататыныңызды және оның қалай жұмыс істейтінін анық түсінулері тиіс, алайда мәселенің техникалық қыр-сырына қатты беріліп кетпеңіз. Тек түпкі мән-жайын ғана айтыңыз.
Мысалы: біз төрт дүкенді күніне 200 бөлке нанмен қамтамасыз ете алатын шағын наубайхана ашқымыз келеді.
4) «Процес технологиясы» төртінші блогы Жұмыстың қалай ұйымдастырылғаны, наныңыздың құрамын ерекшелейтін құпиясы туралы айтып беріңіз. Мәтіннің аз, фотосуреттер, диаграммалар, сызбалар мен кестелердің көбірек болғаны дұрыс. Инвесторды идеяңызды техникалық жағынан іске асыра алатындыңызға бір слайдпен ғана сендіруіңіз керек.
Мәселен: таныстырылымға наныңыздың қаншалықты дәмді, пайдалы және бағасының қолжетімді екенін көрсету үшін пісірген наныңызды алып келуіңізге болады. Егер жолыңыз болса, қалған слайдтар керек те болмай қалады.
5) «Бизнес-модель» бесінші блогы Қалай өмір сүретініңізді айтып беріңіз: сізге кім төлейді, өніміңізді кім таратады, алатын табысыңыз туралы.
Мысалы: дүкендермен сөйлесіп, ауызша не жазбаша болсын, келістіңіз бе? Олар күн сайын бірдей көлемде сатып ала ма, әлде тапсырыстар саны көбейетін бола ма?
6) «Сатып алушыларға қатысты жоспар» алтыншы блогы Тұтынушыларды қалай табатыныңыз жайлы, маркетингтік саясатыңыз туралы айтып беріңіз. Стратегияңыздың тиімді және сенімді екендігіне, сонымен қатар кедергі туындаған кезде жоспарыңыздан бас тартпайтыныңызға инвесторды сендіре біліңіз.
Мәселен: егер күндердің бір күнінде наныңыздың дүкендерде сатылмай жатқанын байқасаңыз, әрі қарайғы стратегияңыз қандай болмақ? Жаңа дүкендер іздейсіз бе, әлде кешегі нанды сатуға көмектесесіз бе? Бизнесіңіздің қалай дамитынын өзге түгілі, өзіңіз де болжай алмайсыз. Сондықтан сатудың нақты көлемі туралы сандарды қамтитын кестелер аңғал адамның ісі болып көрінеді. Алайда жоспар құрған кезде кейбір гипотезалар мен болжамдарға арқа сүйейсіз («мысалы, А бәсекелесім жақын арадағы 3 жылда дәл осындай нәтиже алмайды», «мысалы, Б сатып алушымен келісімшарт жасауға мүмкіндік туды» және т.б.). Болжамыңыз «егер [шарт], онда [нәтиже]» деген формула бойынша құрылуы керек. Жобаңызды дамытудың негізгі тұстары мен дұрыс жолда екеніңізді түсіну үшін қандай көрсеткіштерге қол жеткізе алатындығыңыз туралы ойланыңыз. Таныстырылымыңызға осы метрикаларды қосыңыз.