Бизнес-ойлау психологиясы



бет3/185
Дата08.12.2023
өлшемі4,9 Mb.
#135325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

2-тапсырма
Әр түрлі ғалымдар анықтаған кәсіпкердің барлық қасиеттерін жинақтайық. Олар: 1) тәуелсіздікке ұмтылу, 2) іс-әрекет еркіндігі, 3) шығармашылық жұмыс, 4) капитал құру, 5) үстемдікке, билікке, беделге ұмтылу, 6) жеңіске деген ерік-жігер, 7) қарсыластармен және өзімен күресте табысқа ұмтылу, 8) мүмкіндіктерді ажырата білу, 9) жобалай білу, 10) тәуекелдерді басқара білу, 11) сәтсіздікті бастан өткере білу, 12) жоспарлау емес, әрекеттерге бейімділік.
Енді сіз осы қасиеттерді кестеде тарата аласыз: бірінші бағанада – сізде бар қасиеттер, екіншісі-сізде әлі жоқ қасиеттер.

Бар

Жоқ




  1. КӘСІПКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ

Біз мұндай кәсіпкерлердің кім екенін анықтадық. Бірақ кәсіпкерлік дегеніміз не?
Кәсіпкерлік - адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, оларға пайда әкелетін және рахат сезіміне бөлейтін игіліктерді өндіру.
3-тапсырма
Кәсіпкерлердің қандай игіліктерді өндіре алатыны туралы ойланып көрейік. Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар, болжамдап көріңіз.

Не өндіріледі?

Кәсіпкерлік түрі қалай аталады

Кәсіпкерлік әртүрлі болады. Кәсіпкерлікті түріне қарай бөлудің ең қолайлы тәсілі мыналар болып табылады: B2C, B2B және B2G.
Business to Consumer B2C (яғни "тұтынушыға арналған бизнес") - бұл өндіруші немесе сатушы өз өнімін сату үшін тікелей тұтынушымен өзара әрекет жасайтын кәсіпкерлік түрі.
"Business to Business" B2B, (яғни, "бизнеске арналған бизнес") – өнімдерді немесе қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске өткізетін кәсіпкерлік түрі.
Business to Government B2G (яғни "мемлекетке арналған бизнес") – қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске емес, мемлекеттік құрылымға өткізетін кәсіпкерлік түрі.
Егер сіз кез келген дүкенге кірсеңіз, сөрелерде көптеген азық-түліктерді, мысалы, сүтті көресіз. Ол сүт фермасында өндірілген. Фермада сиырлар бар, оларды ең соңында соңғы тұтынушы - біздер сатып алатын негізгі өнім - сүтті алу үшін бағып-қағады. Бұл B2C бизнестің үлгісі.
Бірақ ол сүтті сату үшін оны Tetra Pak қаптамасына, пластик немесе шыны бөтелкеге құю қажет. Барлық осы қаптамаларда қақпақтар мен заттаңбалар болуы тиіс. Қаптаманы, қақпақтарды сататын және сүт фермасына арналған заттаңбалар шығаратын компаниялар – бұл B2B-бизнестің мысалдары.
Бизнес жасай алатындардың барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады, бұл - тауарлар мен қызметтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет