Бизнес-ойлау психологиясы



бет60/185
Дата08.12.2023
өлшемі4,9 Mb.
#135325
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

Қалыпты

Жарқын

3

2

1

0

-1

-2

-3

Солғын

Түсінікті

3

2

1

0

-1

-2

-3

Түсініксіз

Тартымды

3

2

1

0

-1

-2

-3

Ұнамсыз

Ұнамды

3

2

1

0

-1

-2

-3

Күңгірт

Ашық түсті

3

2

1

0

-1

-2

-3

Қара түсті

Жағымды

3

2

1

0

-1

-2

-3

Жағымсыз

Есте қаларлық

3

2

1

0

-1

-2

-3

Есте қалмайтын

Сусын туралы хабарлайды

3

2

1

0

-1

-2

-3

Сусын туралы хабардар етпейді

Сатып алғың келеді

3

2

1

0

-1

-2

-3

Сатып алғың келмейді
желания купить

Өнім-сусынға сәйкес келеді

3

2

1

0

-1

-2

-3

Сусын-өнімге сәйкес келмейді

Жоғары сапалы сусын

3

2

1

0

-1

-2

-3

Сусынның сапасы төмен

Қымбат сусын

3

2

1

0

-1

-2

-3

Арзан сусын




  1. ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

Командада жұмыс істей отырып, өз өніміңізге терең сұхбат жүргізу үшін 20 сұрақ дайындаңыз. Аудиториядан шығып, өз стартабыңыздың мақсатты аудиториясымен сұхбат өткізіңіз. Олардың жауаптары негізінде өнімдегі өзгерістер тізімін жасаңыз. Өз өніміңізді үнемі дамыта отырып, мұндай сұхбаттарды апта сайын өткізуге тырысыңыз.
Өз стартап жобаңыздың жұмыс дәптері соңында берілген бизнес-жоспар үлгісіндегі «Нарық пен бәсекелестерді талдау» бөлімін жазып, оқытушы алдында қорғаңыз.
Тақырып 4.6. ОФФЛАЙН АРНАЛАРЫ-АTL, BTL

  1. ATL және BTL-коммуникация дегеніміз не?

  2. Жарнамадағы заманауи үрдістер;

  3. Өздік жұмысқа арналған тапсырма.




  1. ATL-ЖӘНЕ BTL-КОММУНИКАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Сіз өзіңіздің мақсатты аудиторияңызды және өз БСҰ (бірегей сауда ұсынысын) білесіз. Ал енді осы өз БСҰ аудиторияға қалай жеткізу керек? - Ол үшін коммуникацияның маркетингтік арналары қолданылады. Олар екі ірі топқа бөлінеді: ATL және BTL.
"ATL" және "BTL" сияқты ұғымдар АҚШ-та өткен ғасырдың ортасында пайда болды. "ATL" аббревиатурасы Above the Line (ағылш.) деген сөз тіркесінен шыққан, аудармада "сызықтың үстінде" дегенді білдіреді. "BTL" аббревиатурасы Below the Line (ағылш .) деген сөз тіркесінен шыққан және "сызықтың астында" деп аударылады.
Жарнамалық іс-шаралар кешендерінің осындай атаулары бір ірі америкалық компанияда ірі жарнамалық акция өткізу бойынша сметаға тек қана БАҚ-қа жарнама шығындары енгізілгенін анықтағаннан кейін кездейсоқ алынған. Бюджетке тегін өнім үлгілерін, купондарды таратуға, конкурстар өткізуге, сыйлықтар таратуға және т. б. шығындар енгізілген жоқ. Барлық осы шығындарға арналған қаражат сметаға негізгі шығындар шегімен қолдан енгізілді. Сондықтан "сызықтың үстінде" және "сызықтың астында" деген ұғымдар пайда болды.
Осылайша, ATL-жарнаманы таратудың негізгі құралдарын іске қосатын тікелей жарнаманы орналастыру бойынша іс-шаралар:

  • теледидар;

  • радио;

  • баспасөз;

  • сыртқы жарнама;

  • көліктегі жарнама;

  • кинотеатрлардағы жарнама;

  • Интернет желісіндегі жарнама.




Қалған барлық маркетингтік коммуникациялар BTL-ге жатады.


Сонымен, BTL-бұл тікелей жарнамаларды орналастыруды қамтымайтын іс-шаралар. BTL-құралдарына мыналар жатады:

  • sales promotion (өткізуді ынталандыру);

Өткізуді ынталандыру — маркетингтік коммуникацияның бір түрі, тауарды барлық бағыт бойынша - дайындаушыдан логистикалық және өткізу арналары арқылы тұтынушыға дейін - тауардың сатылуын жылдамдату мақсатында алға бастыру шараларының кешені. Осы іс-шаралар - өткізудің барлық қатысушыларына (соңғы тұтынушыға да, сол сияқты бөлшек сауда және көтерме сауда сатушыларына да) екіжақты пайда ұсыну арқылы сатуды қысқа мерзімде ұлғайтудан құралған.
Өткізуді ынталандыру түрлері:

  • сатушы компаниялармен қосымша мәмілелер (мысалы, тапсырыстардың белгілі бір көлемі кезінде жеңілдіктер немесе қосымша сервистер ұсыну);

  • сатушы компанияларға немесе олардың персоналына арналған конкурстар;

  • сату ұлғайтылған жағдайда арнайы жарнамалық қолдау көрсету;

  • ниеттестік бағдарламасы (тұрақты сатып алушылар үшін жинақтаушы бонустар немесе жеңілдіктер);

  • тегін үлгілерді ұсыну;

  • жеңілдіктер;

  • сыйлық ұсыныстары;

  • конкурстар мен ұтыстар;

  • промоакциялар.

Тұтынушыларды ынталандыру бойынша іс — шаралар тікелей сату орындарында өткізіледі (жалпы қабылданған "POS" терминін қолдану-ағылш. "point of sale"). Бұл ретте, POS-іс-шаралар үлкен тиімділік үшін алдын ала жарнамалануы мүмкін, сондай-ақ тұтынушылардың назарын аудару үшін әсерлі әрі ашық түсте ресімделеді.
Сондай-ақ, өнімнің басым бөлігі сауда делдалдарының көмегімен жүзеге асырылатынын түсіну маңызды. Сондықтан олар арнайы назар аударуды, соның ішінде ынталандыруды талап етеді. Делдалдар сатып алатын тауарларының көлеміне байланысты баға жеңілдіктерін ала алады немесе өндіруші делдал компанияның жекелеген қызметкерлерін тегін оқыта алады.
Сонымен қатар, өнімді сату жүйесінде сауда қызметкерлерінің де орны маңызды. Алайда, қызметкерлерді сапалы іріктеуден басқа мотивацияның адекватты жүйесі де қажет. Сауда персоналын тиісті деңгейде ынталандыру жалақы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

  • public relation (қоғаммен байланыс);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет