Бизнес-ойлау психологиясы



бет180/185
Дата08.12.2023
өлшемі4,9 Mb.
#135325
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІГІ



Құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлестеріне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестігі өз қызметі процесінде өндірген және сатып алған мүлік серіктестікке меншік құқығымен тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер нысанында құрылуы мүмкін.

ТОЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК.

Қатысушылар толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық деп танылады.

КОММАНДИТТІК СЕРІКТЕСТІК.

Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен (толық жолдастарымен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салым сомасымен шектелетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын бір немесе одан да көп қатысушыларды қамтитын серіктестік коммандиттік деп танылады.

ҚОСЫМША ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР СЕРІКТЕСТІК.

Қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға өзінің салымдарымен, ал бұл сома жеткіліксіз болған жағдайда - оларға қосымша тиесілі мүлікпен олар енгізген салымдарға еселенген мөлшерде жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет