Бизнес-ойлау психологиясы



бет103/188
Дата24.07.2022
өлшемі4,9 Mb.
#37886
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   188
ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАСЫ

  • Өз идеяңызды ескере отырып (сіздің болашақ бизнесіңіздің сипаттамасы) табыс түсуінің ықтимал арналарын анықтаңыз.


  • 6-бөлім. Бизнестегі негізгі ресурстар

  • 6.1 ТАҚЫРЫБЫ Стартап қызметіне арналған қажетті ресурстар

  1. Ресурстардың шектеулілігі;

  1. Негізгі ресурстардың түрлері.


  1. РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІ

  • Бүгінгі сабақта біз сіздің бизнесіңіздің қызметі үшін қажетті ресурстарды талқылаймыз. Біз негізгі ресурстар туралы айтқан кезде, мынадай сұраққа барамыз: "Сіздің бизнес-модельіңіздің жұмыс істеуі үшін Сізге қандай маңызды активтер қажет?". Қандай активтер ең маңызды болып табылады?

  • Әрбір стартап үшін ең қызықты мәселе ақша немесе қаржы болып табылады. Компания жұмысын қалай іске қосуға болады? Материалдық ресурстарды сатып алуға бизнес үшін несие алу керек пе? Өндірістік желі қажет. Жабдық керек. Машиналар қажет. Станоктар қажет. Ал зияткерлік меншік қалай? Нарықтағы позицияны анықтау керек пе, онда клиенттер бар ма? Мұның бәрі болу үшін қандай негізгі адами ресурстар қажет? Бізге ғалымдар қажет пе? Бағдарламашылар? Инженерлер? Есепші? Мүмкін, елде осының барлығы шоғырланған бір орын бар шығар? Сіз ресурстар туралы ойлаған кезде, осы мәселелердің барлығы орынды.

  • Жалпы ресурстар не үшін қажет? Олар бірнеше маңызды функцияларды орындайды. Олардың көмегімен:

  • Бірдеңені сату үшін, Сіз бұны жасауға тиіссіз, немесе қандай да бір "құпия" ингредиент қосып, ұсынысыңызды ерекше етіп жасау үшін оны басқа өндірушіден сатып алуыңыз керек. Сіз сәнді кепкаларды өзіңіз тіге аласыз, не кепка дүкенін ашып, ең танымал брендтердің кепкалары мен бейсболкаларын ұсына аласыз. Бұл жағдайдағы сіздің құндылығыңыз енді сатып алушыға өзіне қатты ұнайтын кепканы таңдап, бағаларын алыстыру үшін 10 түрлі кепка өндірушілердің сайттарына кірудің қажеті жоқ екендігінде болып отыр. Мұның бәрін бір ғана (сіздің) дүкеніңіз жасай алады, әрі түрлі модельдерді киіп көруге болады. Қай жағдайда да сізге түрлі ресурстар қажет болады – тігін шеберханасы, сату бөлімі, дүкен және т. б. немесе қойма, сатып алу бөлімі, оқытылған персонал және т. б.

  • нарыққа шығуға болады;

  • Міне, сіз өзіңіздің керемет кепкаларыңызды тектіңіз делік. Бірақ енді нарыққа шығуыңыз керек. Ол үшін дүкенді сатып алу немесе жалға алу, немесе интернет-дүкен үшін тамаша веб-сайт жасау, жарнама менеджерін жалдау, жарнамалық акцияларды ұйымдастыру, әлеуметтік желілер арқылы өз тауарыңызбен таныстыруыңыз қажет. Бұл үшін түрлі ресурстар қажет.

  • тұтыну сегменттерімен байланыс орнатуға болады;

  • Кепкаларды тіктіңіз, интернет-дүкен үшін сатылатын веб-сайтты жасадыңыз, бірақ, сонымен тоқтап қалсаңыз, осының барлығын сіздің дүкеніңіз туралы біліп үлгерген және өзіңіздің кепкаңызды сатып алғысы келетіндер жасайды. Сіздің бизнесіңіз тоқтайды. Үнемі өсіп, жетілу үшін – жаңа модельдерді, маталардың жаңа түстерін, тігудің жаңа технологияларын, өнімнің жаңа партияларын және т. б. өндіру, сізге клиенттермен үнемі өзара іс-қимыл жасау, яғни өзіңіз туралы айту, өзіңізді жарнамалау, акциялар өткізу, іс-шараларға демеуші болу және т.б. қажет. Және оған да ресурс керек.

  • пайда алуға болады.

  • Бизнестің идеяны құрудан бастап, тауар өндіру, сату, жарнама жасау және т.б. барлық кезеңдері бір нәрсеге ғана бағытталған, ол – пайда. Сондықтан өзіңізде бар ресурстар сіздің қызметіңіздің дәл осы, түпкілікті мақсаты үшін жұмыс істейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет