Кез келген мәселелерді шешудің көпшілігі, атап айтқанда, шамамен 90%-ы табылды. Сізге дейін ешкім ойламаған мәселені табу өте қиын. Мұны тіпті ұлы өнертапқыштардың өзі мойындайды, мысалы, Томас Эдисон былай дейді: "Егер тамаша идеяларды ойлап тапқыңыз келсе, ең жақсысын сіз көшіріп ала аласыз". Әлбетте, "алғашқы ашушылардың" алдында екі альтернатива тұрады: оңтайлы шешімді іздеудің ұзақ және көп еңбекті талап ететін жолынан өз бетінше өту немесе талдау жүргізу және бұрыннан бар ақпаратты пайдалану. Бұл плагиат деп ойламаңыз! Өйткені, уақыт пен ресурстарды үнемдеу үшін тіпті ұлы новаторлар да осылай істейді - олар басқаның идеясын пайдаланады, оны жетілдіреді, аяғына дейін жеткізеді. Егер сіздің бинесіңізге бір нәрсе пайдалы болса, оны пайдаланбау ақымақтық болады, сол себепті өз командаңызға қажетті идеяларды іздеу үшін және оны іске асыруды бастау үшін АтамекенҰКП-ның , Atameken Academy ресурcы, Astana Hub-тың VC.ru, TechCrunch, Z journal ресурсының «Шағын бизнеске арналған 100 идея» жинағын оқып-зерттеу үй тапсырмасы ретінде беріледі.
Тақырып 2.2. САЛАНЫҢ ТРЕНДТЕРІ Бизнестің салалық ерекшеліктері;
Smell Test;
Өздік жұмысқа арналған тапсырма.
БИЗНЕСТІҢ САЛАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өткен сабақта сіз түрлі әдістерді қолдана отырып, бизнес-идеяларды қалай жасауға болатынын үйрендіңіз. Бұл сабақта біз таңдаған мамандық шеңберінде бизнестің қандай ерекшеліктері мен түрлері болуы мүмкін екенін анықтауға тырысамыз.
1-тапсырма Ол үшін сізге өз бетіңізше кестені толтыру қажет. Сізге кестені толтыра отырып, "Қолданыстағы бизнес" бағанында өзіңізге белгілі бизнес мысалдарын көрсету керек. Сіз қазақстандық базнесті, сол сияқты шетелдік бизнесті де көрсете аласыз. Өткен сабақта бизнес-идеяларды генерациялай отырып, сіз таңдаған мамандық шеңберінде бизнеске арналған бірнеше қызықты идеялар ойлап тапқан шығарсыз. Егер ойлап таппасаңыз, өткен сабақ әдістерін пайдалана отырып қазір ойластырып көріңіз. Өзіңіздің барлық идеяларыңызды "Жаңа бизнес" бағанына жазуыңыз керек.