Pу=∑Pіп Мұндағы:Ру–бірдей сатыпалушылық ақша бірлігіндегі барлық активтерді бағалау;
Ріп-і-інші активті сатып алу бағасы
Itр-,бағалардың ағымдағы ортақ бағасы
Iір-і-інші объекті сатып алған жылдың ортақ баға индексі.
Бағалау процесінде бухгалтерлік есептің мөлшерлемесі. Есеп беруді мөлшерлеу мақсаты болып табыстар мен шығындарды анықтау табылады. Бағалаушы бухгалтерлік есеп принциптерін сәйкес жасалған есеп беруші, мүліктің нарықтық құнын көрсетуге тиісті еместігін түсінуі маңызды болып табылады. Операцияларын есебін жүргізу уақытында әртүрлі операцияларды есептеу әдістерін қолдану табыстар мен ақша қаражаттарының бірдей мағынада болуына әкелмейді. Активтер бөлімінің нарықтық құны (мысалы, материалдық емес активтердің құны ) баланс құру кезінде есептемеуіне болады.
Бағалау процесіндегі есеп беру мөлшерлемесі әр уақытта қолданылады, пайдаланылған түзеткіш көлемі бағалау мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Мөлшерлеуді жүргізу кезінде есептер мен өзгерістер есеп берулерде түсіндірілуі тиіс.
Қаржылық құжаттарды түзету мөлшерлемесі келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
бір рет қолданылатын типтік емес және операциялық емес табыстар мен шығындарды түзету;
операциялар есебі әдісін немесе амортизация есептеу әдісін түзету;
активтердің нарықтық құнын анықтау мақсаты мен бухгалтерлік есеп мәліметтерін түзету.
Тағы бір басты қосымша: мөлшерленген қаржылық есептілік тек қана бағалау мақсатында қолданылуы тиіс.
Бір қолданысты типтік емес және операциялық емес табыстар мен шығындарды түзету. Ақша көлемін анықтайтын басты факторлар қатарына өнімнің өзіндік құны жатады.
Өнімнің, жұмыстың қызметтің өзіндік құны ретінде ақшалай формадағы ресурстардың барлық түрлерінің шығындалуы, жұмысты жасау мен швғару процесінде пайдаланылған, сондай –ақ өндірісті сақтау мен жақсарту табылады.
өзіндік құнға қатысты шығындардан басқа табыс көлеміне әсер ететін басқару жәнекоммерциялық шығындар, басқа да операциялық табыстар ерекшеленеді. Табыс көлемінің төмендеуі мүмкін және сондықтан потенциялды инвесторды бірінші кезекте өзіндік құнның құрылымы, сосын мөлшерленген табыс қызықтырады.
Егер күтілетін болашақ табыс бағалау процесінде шешуші роль атқарса, онда бұл көрсеткішті кәсіпорын тарапынан алынған экономикалық табыс деп қабылдау маңызды, дәл осы мақсатпен бағалау процесінде қаржылық есептіліктің мөлшерлемесі жүргізіледі