Қансорғыш кенелер – сарып, туляремия, пироплазмоз, қайталама сүзек, оба, гемоспоридиоз, т.б. ауруларды таратушылар. Олар ауру қоздырғыштарын (спирохеталарды, бактерияларды, вирустарды) кемірушілерден, жәндікқоректілерден, құстардан, жабайы жануарлардан өздеріне жұқтырып алып, бірнеше жыл бойы сақтап, адамды шаққанда жұқтырады. Бұдан адам және мал көп зиян шегеді. Мысалы, Қансорғыш кенелер шаққан малдың салмағы төмендеп, сүт беруі азаяды. Қансорғыш кенелердің ең қауіпті өкілдері Ixodes persulcatus және Ixodes rіcіnus – кене энцефалиті ауруын таратушылар. Табиғатта энцефалит вирусы ала тышқанда, кірпіде, сұр тышқанда және құстарда кездеседі. Ал Dermacentor pіctus және Hyalomma – туляремия, қырым геморрагиялық қызбасының таратушылары.