Ауға түскен қорегін аудың ортасынан созылған жіптің қимылынан сезеді. Қорегін күйіс аяғымен қармап, өрмек жібімен шырмап, орап тастайды да, жеміне уын жібереді. Уы жемін өлтіріп қана қоймай, оны қоймалжың сұйықтыққа айналдырады да, жұтқыншағы арқылы сорып алады. Ала бүйі жұмыртқасын күзде піллә ішіне салады. Одан көктемде ұрпағы өсіп өнеді. Ала бүйі зиянды бунақденелілерді жеп, ауыл шаруашылығына көп пайда келтіреді. Қазақстанда орманды, бұталы, тоғайлы жерлерде, бақтарда кездеседі