Тіркелуші сәулеті («тіркегіш» типтегі сәулеті) мөлтікүрдісшінің ішіндегі үлкен интегралдық сұлбалары тіркегіштердің жеткілікті үлкен жиынын анықтайды. Бұл тіркегіштер жиыны өзіндік жазбасы мен ақпарат таңдауымен бірге өте тез жедел жады аумағын түзеді.
Тіркегіш сәулеті бар мөлтікүрдісшілерде тіркегіштердің жұмыс облыстары үрдісшілердің логикалық бөліктерінде орнығады. Алайда логикалық жүйелердің аз тығыздығы жадының тығыздық сұлбаларымен салыстырғанда тіркегіш архитектураның мүмкіндігін шектейді. Жадыға бағытталған МҮ сәулеті, контекстілерді ауыстыру қажет болғанда, жұмыс облыстарына тез қосылуын қамтамасыз етеді. Контекстілерді өзгерту үш регистрлердің векторлерін өзгерту арқылы іске асырылады – командалар есептегіші, күй тіркегіші және жұмыс облысының көрсеткіші. Бұл архитектураның контекстілерді өзгертуіне байланысты қатынас артықшылығы контекстілердің толық векторын жіберу үшін тек бір командаларды орындаумен байланысты болып табылады.
Тіркегіш архитектурасы бар микроүрдісшілер ғылыми-техникалық тапсырмаларын шешудің жоғары эффектілігі бар, ӨЖЖҚ жұмысының жоғары жылдамдығы арифметика-логикалық блоктарының жылдам мүмкіндіктерін тиімді түрде қолданады. Алайда басқару тапсырмаларын шешуге өткенде, мұндай микродүрдісшілердің эффиктивтілігі түседі, себебі бағдарламаларды ауыстыру кезінде ӨЖЖҚ тіркегіштерін жүктеп және түсіру қажеттігі туады.
Достарыңызбен бөлісу: |