БжмүК пәні бойнша дәрістік сабақтар конспектілері 1-дәріс тақырыбы: МӨлтекүрдісші жүйелер. Тақырып мазмұны



бет6/10
Дата25.03.2022
өлшемі390,5 Kb.
#28810
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 д-ріс

Берклийлік сәулет. Статистикаға жүгінсе, қолданылатын операндылардың 50-70% жергілікті айнымалылар мен процедуралар параметрлері құрайды. Олардың МҮ тіркегіш файлына тарату жадыға арнауларды анағұрлым азайтуға көмектеседі. RISC-те берклийлік сәулеті бар МҮ тіркегіштері, әр процедура үшін үрдісші өзінің тіркегіштер жиынын тағайындала алатындай бірнеше банктерге топталады, олардың ауысулары аппараттық көрсеткіштің модификациясы арқылы жүзеге асырылады.

Тіркегіш файлының ұйымдасуын RISC II МҮ мысалынан қарастыруға болады. Олар әр қайсысы 32 тіркегіштен тұратын виртуалды тіркегіш терезелерінен тұрады.



1.1-кесте

26-31(жоғарғы) тіркегіштері шақырылатын процедуралардан жіберілген параметрлерден тұрады. 16-25 тіркегіштері (жергілікті) жергілікті скалярлық айнымалыларды сақтау үшін қолданылады, 10-15 (төменгі) - шақырылған процедуралары жіберілетін айнымалылар мен параметрлерді сақтау үшін қоданылады. 0-9 тіркегіштері жаһандық айнымалыларды сақтау үшін арналған.

Осылайша, әр процедураның 32 тіркегішке арнауы мүмкін. Шақыратын және шақырылатын процедуралармен қолданылатын көрші тіркегіш банктер, параметрлер еш мәліметтердің көшуінсіз жіберіле алатындай жабылады. Әр үрдістікті арнау жаңа тіркегіштердің жиыны R10...R31 тағайындалады. Алайда шақырушы үрдістікті төменгі тіркегіштері жоғарғы шақырылатынға айналады, себебі олар физикалық түрде байланысқан.

Осылайша, ақпараттарды жылжытпастан 10-15 тіркегіштерде сақталатын шақырушы процедуралардың парамтерлері, 26-31 шақырылатын тіркегіштерінде пайда болады. 1.7- сурет осы жағдайды бейнелейді, яғни А үрдістік В үрдістікті шақырады, ал ол өз кезегінде С-ні шақырады.



1.7- сурет.

Көп бағдарламаларда үрдістікті енгізу тереңдігі тіркегіш терезелердің санынан көп болады, сондықтан берклийлік сәулеті бар МҮ-ні тіркегіш банкттерді тіркегіш файлдарды толтыру кезінде босату, олардың құрамын жадыға жіберу арқылы жүзеге асырылады. Егер енгізу тереңдігі тіркегіштердің логикалық жиынының шегінен асып кетсе, тіркегіш файлдардың құрамы бағдарламалық немесе аппараттық үзу өңдеуі басталады. Бірнеше тіркегіштердің құрамы жадыға жіберіледі,оның бөлек облысында тіркегіштерді толтыру стегі ұйымдастырылған. Толтыру/толтырмау дабылдары стек көрсеткішін оның төбесіне орналастырады.

Үрдістікті мұндай арнауды ұйымдастыру тиімділігі толтыру/толтырмау пайда болу жиілігіне байланысты, олар көп дәрежеде оның абсолюттік тереңдігімен салыстырғанда, стектің логикалық өзгеру тереңдігімен байланысты.



Зерттеулер көрсеткендей, толтыру/толтырмау сегіз тіркегіш банкттерінде 1% кем үрдістіктерді арнаулар пайда болады. Тіркегіштердегі айнымалыларды көрсеткіш арқылы қарату үшін барлық тіркегіштер жадының адрестік кеңістігінде бейнеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет