Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар науқастарда артериялық гипертензияның емдеудің заманауи қАҒидаттары



бет3/5
Дата06.04.2023
өлшемі183,35 Kb.
#79811
1   2   3   4   5
Байланысты:
Статья ХПН АГ

Зерттеу жұмысының мақсаты: Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда гипертензияға қарсы терапияға талдау жүргізу және тағайындаулардың қазіргі заманғы ұсыныстарға сәйкестігін бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Зерттеу жұмысында 2019-2022 жылдары Алматы қаласы, Орталық клиникалық ауруханасының «Терапия» бөлімшесі базасында ІІ кезеңді станционарлық ем алған 83 науқастың ауру тарихына ретроспективті талдау жүргіздік, оның ішінде 37 (44,57%) ер адам (орташа жасы 59,5±10,8 жас) және 46 (55,42%) әйел адам (орташа жасы 63,7±9,6 жас) құрады. Науқастардың барлығы екі топқа (сурет 1) бөліп ажыратылды: І топ - β-адреноблокатор/диуретик комбинациясымен ем қабылдаған, ІІ топ - кальций антагонистері мен ИАПФ дәрілік терапиясын қабылдаған науқастар тобы.
Зерттеуге қосу критерийлері: СББЖ (+) және артериялық гипертензиясы бар 18 жастан асқан науқастар.
Алып тастау критерийлері: эндокринді жүйенің аурулары, созылмалы аурулардың декомпенсация кезеңіндегі науқастар.
Науқастар зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерімен қатар, қауіп-қатер факторлары, арнайы клиникалық бағалау жүйесі (KDIGO мен EHA/AHA ұйымдарының ұсыныстарының негізінде) бойынша талданды.



1 – сурет. Зерттеуге жұмысындағы науқастардың үлесі (%)


Нәтижесі және талқылау: Жалпы саны n=83 науқастың ауру тарихын талдау барысында
І топ (n=37) ерлер n=25 (67,5%) мен n=12 (32,4%) әйел, ІІ топтан (n=46) – ерлер n=28 (60,8%), әйелдер n=18 (39,1%) анықталды, демек екі топ арасында ер мен әйелдің үлесі 1:1 болды (р<0,05). Жас ерекшеліктері бойынша 18-40 жас, 40-60, 60-80 және ˃ 80 жастан жоғары болып бөлінді, нәтижесі №2 суретте көрсетілген (сурет 2).



2 – сурет. Зерттеуге жұмысындағы жас ерекшеліктері бойынша көрсеткіш (%)

Клиникалық тәжірибеде полиморбидтіліктің рөлі үнемі өсіп келеді. Мәселен, қосалқы жүретін аурулардың көп болуы полипрагмазияға байланысты жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін арттырады, өмір сүру сапасын айтарлықтай төмендетеді және өлім-жітімді арттырады [23,24]. KDIGO критерийлері бойынша СБЖ арасында қосалқы аурулардың таралуы n=861 науқастың арасында 65,8% (n = 584) құрады. Көпшілігінде (26,8%) кем дегенде екі қосалқы ауру, 20,7% - да үш, ал тек 20,2% - ы бір қосалқы аурумен өмір сүреді [25]


Қосалқы аурулардың кездесуі n=74 науқаста (89,15%) бар екендігі анықталды (сурет 3) , атап айтқанда І топ науқастарында қант диабетінің жиілігі 20,44%-ке, ӨСОА – 18,84%-ке, семіздік – 10%-ке, асқазан мен он екі елі ішектің ойық-жара ауруы 7,01%-ке жиі кездесті (р<0,05).



3 – сурет. Науқастардағы қосалқы аурулардың кездесу жиілігі (%)

Науқастар станционарлық ем алу барысында артериялық гипертензия дәрежелері бойынша Еуропалық кардиология қоғамының (ESC) және Америкалық жүрек ассоциасының ұйымының (AHA/ACC/HFSA) 2022 нұсқаулықтарына сәйкес қауіп-қатер топтары страфикацияланды (сурет 4). Анықталғандай, І топтағы (n=37) науқастарда жоғарғы қауіп тобы n=11, өте жоғарғы n=23, ІІ топта (n=46) – жоғарғы n=27, өте жоғарғы қауіп n=13 науқаста тіркелді. Зерттеуде науқастар арасынан төменгі қауіп деңгейі тіркелмеді (сурет 4).





4 – сурет. Артериялық гипертензияның науқастардағы страфикациясы (%)


Сондай-ақ науқастардың бірінші ретті терапиялық ем алу барысындағы артериялық гипертензияның, ССБЖ-нің, протеинурияның, Cockroft–Gault бойынша CКФ деңгейі бойынша салыстырылды (кесте 1). Біздің нәтижеміз бойынша кальций антагонистері / ИАПФ қабылдаған науқастар тобында САҚ/ДАҚ деңгейінің 26,44%-ке төмендегенін байқадық (р<0,05). САҚ І топта – 2,26%, ІІ топ - 4,47%-ке, ДАҚ І топ – 2,96%, ІІ топ- 6,9%-ке айырмашылық анықталды (р<0,05).
СБЖ диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық практикалық нұсқауларға сәйкес СБЖ прогрессиясы [19] бастапқы деңгейден 25% немесе одан да көп төмендеуімен дәлелденеді. Болжамды СКФ-тің жылына 5 мл/мин/1,73 м2-ден астам төмендеуі бүйректің зақымдануының тез дамуының көрсеткіші болып табылады, бұл жүрек-қан тамырлары асқынуларының қаупінің жоғарылауымен байланысты [19]
Кальций антагонистері / ИАПФ комбинациясы протеинурия мен СКФ ауырлығын талдау жұмысында науқастарда альбуминнің орташа мәні – А2 (жоғары қауіп - 30-299 мг/г) сәйкес келді (кесте 1) Науқастарда – СКФ (мл/мин/1,73 м2) деңгейі І топта – 12,8% - ке, ІІ топта - 23,7%-ке дейін көтерілген (р<0,05).

1 кесте. Науқастардағы негізгі көрсеткіштер бойынша орташа мәні (х)



Көрсеткіштер

І топ (n=37) – β -адреноблокатор/диуретик



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет