ІІ топ (n=46) - кальций антагонистері / ИАПФ
|
(р<0,05)
|
Бірінші кезеңді ем
|
Екінші кезеңді ем
|
Бірінші кезеңді ем
|
Екінші кезеңді ем
|
сис. АҚ (мм.сын.бағ.)
|
157,78±8,33
|
153,42±5,64
|
160,21±7,57
|
152,53±6,16
|
дис. АҚ (мм.сын.бағ.)
|
97,51±5,64
|
94,62±3,16
|
98,22±4,72
|
91,41±4,57
|
Несептегі протеинурия (мг\л)
|
278,45±20,75
|
225,78±17,34
|
283,11±24,31
|
231,53±18,62
|
СКФ - CKD-EPI (мл/мин/1,73 м2)
|
41,86±11,72
|
47,25±13,15
|
44,95±9,27
|
55,63±14,32
|
СБЖ бастапқы кезеңдерінде аорта қабырғасының қалыңдауына сол жақ қарыншаның қатаюына әкеледі [26], ал СБЖ II және III сатылары қарыншалық релаксацияның бұзылуымен, сол жақ қарыншаның соңғы диастолалық қысымымен және сол жақ жүрекше көлемінің ұлғаюымен жүреді [26]. Сондықтан, СБЖ бар науқастарда созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің (СЖЖ) жиілігі бүйрек қызметі қалыпты науқастарға қарағанда 3-4 есе жоғары [27].
Ауруханаға жатқызудың екі кезеңінде де науқастарда электрокардиография (ЭКГ) эәне эхокардиография (ЭХОКГ) жүргізілген. Осы себепті, науқастардың емге дейінгі және кейінгі ЭХОГ көрсеткіштерін зерттедік. Көрсеткіштер бойынша І топтағы науқастарда сол қарынша белгілері (I топ – n=25/ 67,56% және ІІ топта – n=28/60,86%) жиі кездесті (р<0,05).
ЭХОКГ көрсеткіштерінде (сурет 5,6) екі топ арасында жақсарғанын байқауға болады. Мысалы, Simpson бойынша шығару фракциясы (ШФ) І топта (n=37) – 5,7%-ке, ІІ топта (n=46) – 8,2%-ке (р<0,05), КДР өлшемі І топ – 4,3%-ке, ІІ топ – 6,4%-ке (р<0,05), КСР өлшемі І топ – 4,9%-ке, ІІ топ – 5,3%-ке дейін төмендеді (р<0,05).
5 – сурет. І топ (n=37) - β-адреноблокатор/диуретик комбинациясын қабылдаған науқастардағы ЭХОКГ нәтижелері (х)
6 – сурет. ІІ топ (n=46) - кальций антагонистері / ИАПФ дәрілік комбинациясын қабылдаған науқастардағы ЭХОКГ нәтижелері (х)
Effect of Antihypertensive Treatment on Progression of Renal Insufficiency (ESPIRAL) зерттеуінде ИАПФ тежегіштерін қолдану ССБЖ бар науқастарында қандағы креатинин деңгейі 53%-ке, протеинурия 57%-ке дейін төмендеді [28].
Зерттеу жұмысы барысында қан сарысуында креатинин деңгейі І топ (n=37) – β -адреноблокатор/диуретик қабылдағандарда орташа мәні 8,36%-ке, мочевина – 9%-ке, ІІ топ (n=46) - кальций антагонистері / ИАПФ тобында креатинин – 15,38%-ке, мочевина – 16,26%-ке (сурет 7) деңгейі түсті (р<0,05).
7 - сурет. Қан деңгейінің креатинин және мочевина деңгейі (%)
Екінші жағынан, бүйрек функциясының бұзылуының таралуы, әр түрлі зерттеулерге сәйкес, 25-тен 60% - ға дейін [26] және жүрек жеткіліксіздігіндегі өлім-жітім деңгейі (ЖЖ) СКФ-ке кері пропорционалды, бұл СҚ шығару фракциясының немесе ЖЖ функционалды класы сияқты маңызды болжамды факторы екені анық [26, 27].
Науқастардың бірінші ретті қаралымында жалпы саны n=34 (40,96%), оның ішінде New York Heart Association (NYHA) жіктелімі бойынша І ФК – n=19, II ФК – n=10, III ФК - n=5 науқаста анықталды. Емнен кейінгі науқастарда СЖЖ-нің негізгі клиникалық көріністерінің біршама жақсарған (сурет 8).
8 - сурет. СЖЖ-нің негізгі клиникалық көріністерінің емнен кейінгі жақсаруы (%)
Достарыңызбен бөлісу: |