Бк(б)П-ның 5-съезінде (1927, 19 желтоқсан) ел экономикасын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспарын жасау жөнінде нұсқау қабылданды



Дата17.11.2022
өлшемі16,26 Kb.
#50859

БК(б)П-ның 15-съезінде (1927, 2 – 19 желтоқсан) ел экономикасын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспарын жасау жөнінде нұсқау қабылданды.1929 – 32 жылдарға арналған бірінші бесжылдық жоспар БК(б)П-ның 16-конференциясында (23 – 29 сәуір, 1929) бекітілді. Съезде Троцкий – Зиновьев тобы лениншіл бағыттан қол үзді деп есептелініп, ол топтың көптеген мүшелері партиядан шығарылды (қ. Бесжылдықтар). БК(б)П-ның 16-съезі (1930, 26 маусым – 13 шілде) Кеңес Одағының көптеген аймақтарында болып жатқан жаппай ашаршылықтарға қарамастан өнеркәсіп пен а. ш-нда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік деп атап көрсетті. 17-съезде (1934, 26 қаңтар – 10 ақпан) бірінші бесжылдықтың қорытындысы шығарылып, екінші бесжылдық жоспары бекітілді. Осы съезде Сталин Бас хатшылыққа сайланарда көпшілік дауыс ала алмай, делегаттар партияның Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) губерниялық және қалалық комитетінің, БК(б)П-ның Солт.-Бат. бюросының 1-хатшысы, ОК Саяси бюросының мүшесі С.М. Кировты (1886 – 1934) жақтап дауыс берді. Бірақ дауыстарды санаушы комиссия сайлауды Сталиннің пайдасына бұрып жіберді. Көп ұзамай Киров белгісіз жағдайда кісі қолынан қазаға ұшырады.
1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген Голощёкин Филипп Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Алайда, қазақ жеріне келіп әлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куә болған Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деген тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды орнату мүддесі көзделді. Ал анығын айтқанда, бұның мәні көшпелілерлің ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып, отарлауды күшейтіп, қанау саясатын бүркемелеу еді. Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру деп байбалам салды, малды тәркілеп байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды. Саясаткер ретінде емес, қазақты қанауға келген қанішер ретінде есте қалған оның "Кіші қазан" идеясы расымен мемлекеттік құрылымға әсер етіп, үлкен бұрылыс жасады. Алайда, миллиондаған халықтың қазасына әкелген саясатты қалай жақтасақ та ақтауға келмейді.
Кеңестер Одағында жаппай ұжымдастыру үрдісі басталған кезде көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарын жаппай отырықшыландыру мәселесі қоса көтерілді. Қазақстандағы отырықшыландыру ісін бастаған Ф.И. Голощекин бұл іске бірден саяси мазмұн беруге тырысты. Мұның өзі жаңа экономикалық саясат жылдары саяси тұрақтылық орныққан қазақ ауылына саяси дүрбелең туғызатын қауіп болды. Алғашында Республика үкіметі отырықшыландыру аудандарындағы ұжымшарлардың бастапқы түрі жерді бірігіп өңдейтін серіктіктер және малды бірігіп өсіретін серіктіктер болу қажеттігін көрсетті. Шын мәнісіне келгенде отырықшыландыру көрсеткіші төмен болған. Қазақстан басшылығының өзі де отырықшыландыру күшпен, дайындықсыз іске асырылғанын мойындауға мәжбүр болған, сондықтан алғашқы жылдары қателіктер мен қиыншылықтар болды.
Негізгі міндет әлеуметтік теңсіздікті жою арқылы дәстүрлі қауымдастықты жою болды. Келесі қадам қазақтарды отырықшылыққа жаппай көшіру болатын. Бұл іс-шаралар жергілікті коммунистердің наразылығын тудыратынын жақсы түсінген Голощекин өзінің көзқарастарымен бөліспеген партия жетекшілерімен күресті бастады. 1926 жылы С.Сәдуақасов пен С. Ходжанов «ұлтшылдыққа» айыпталды. С. Сейфуллин, М.Мырзағалиев, Н. Нұрмақов, С. Меңдешев және басқалары қудалауға ұшырады. Ж. Сұлтанов, С.Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев өз қызметінен алынды. Олардың көпшілігі республикадан қуылды. 1928 жылдың аяғында Голощекиннің саяси қарсыластары, оның ішінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев алғаш рет тұтқындалды. Екі жылдан кейін М.Тынышпаев, Ж. Досмұхамедов, X. Досмұхамедов және басқа да ұлттық интеллигенция өкілдері тұтқындалды.
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. С. Сәдуақасов өз кезегінде Ф. И. Голощекин мен И. А. Зеленскийдің дөрекі сипатта саясиландырылған ой-пікірлері мен айыптауларына қолда бар шикізат базаларында жаңа кәсіпорындарды тұрғызудың шаруашылық мүддесі жағынан дұрыстығы, теміржолдардағы қосалқы тасымалдарды жою қажеттігі туралы дәлелдерін қарсы қойды. Сәдуақасов «Өлке комитеті хатшысымен «теориялық айтыстың ұлт өкілі үшін үмітсіз іс екенін» мойындай отырып, Голощекин көзқарастарындағы «айқын келеңсіздіктерді» көрсетуден тайынбады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет