Қазіргі әлемдегі саяси терроризм



Дата19.09.2023
өлшемі42,71 Kb.
#108646

Қазіргі әлемдегі саяси терроризм

Саяси терроризм - [лат. terror - қорқыныш] - қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі. Тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру, бұзақылық әрекеттерді жасау.

  • Терроризм мақсаты күш көрсетіп қорқыту арқылы алға қойылған міндеттерді шешу.
  • Терроризм қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды.
  • Терроризмнің өсу себептері - дағдарыстық құбылыстардың өсуі, саясаттың бақылаушылық-реттеушілік қызметінің әлсіреуі, кейбір елдердің, тіптен әлемдік қауымдастықтың күрделі әлеуметтік-саяси үрдістерді реттей алмауы, идеалдар мен құндылықтардың жылдам өзгеріп отыруы.

Терроризм әлемдік деңгейдегі ұйымдасқан күшке айналып отыр.

  • Терроризмнің орталық элементі нақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейде символдық мақсаттарды көздейтін террористік актілер.
  • Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады.
  • Символдық мақсаттарға Шешенстанды Ресейден бөлуді талап етуді жатқызуымызға болады.
  • Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты - қорқыту, үркіту, хаосты туындату.
  • Терроризм субъектілері жеке тұлғалар, арнайы террористік ұйымдар және мемлекет болуы мүмкін.
  • Террористік актілерді террористер өздерінің талап-тілектерін жеткізу үшін пайдаланады.
  • Терроризмді іс-жүзінде келесі түрлерге бөлуге болады: террор бейбіт және соғыс уақытындағы саяси күрес әдісі ретінде; жеке немесе ұйымдасқан террор мемлекеттік саясат ретінде; террор ішкі саяси күрес құралы ретінде; мемлекетаралық сипаттағы террористік актілер; халықаралық терроризм.
  • Бүкіл әлемнің саяси, мәдени, рухани, әлеуметтік және экономикалық жағдайына ықпал етіп отырған экстремизм мен терроризм XXI ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін қайшылықтар уақыт өткен сайын өсе түсуде және де бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси- экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет