Барлық оқу орындарында, оның ішінде жоғарғы оқу орындары, мектептерде және әрбәр компьютерленген мекемелерде шу дәрежесі 50 д БА дан аспауы керек. Инженерлі-техникалық жұмысты, сарамандық және аналитикалық өлшей бақылауды орындағанда шу дәрежесі 60д БА дан аспауы тиіс. Операторлардың ЭЕМ бөлмесіндегі шу дәрежесі 65д Ба дан аспауы керек, есептеуіш машиналардың шу агрегаттары 75д Ба дан аспауы керек.
Бөлмедегі шу дәрежесін азайту үшін арнайы шу толқындарын өзіне тартып алатын материалдар қолданылады. Қосымша шу толқындарын өзіне тартып алатындарға: мықты матадан тігілген, бөлмедегі қабырға түсіне сәйкес келетін перде жатады. Перделердің еңдері терезе еңінен екі есе үлкен болуы керек.
1.7 Иондалған сәулелердің және иондалмаған мәулелердің деңгейіне
қойылатын талап
Электростатикалық өрістің қуаты компьютерді қолданатын оқушыларға, институт, универститет және колледж оқушыларына – пернеден 1 см ара қашықтықта отырғанда берілетін мәні 15 кв.м, монитордан (70 см) бас аралығындағы берілетін мәні – 15 кв.м.
Барлық кабинеттердің терезелерінде сыртқы қалпақшасы тура күн сәулелерінің түсуінен сақтайтын және жарық сәулесін реттеп отыратын жалюзилары мен перделері болуы керек.
Қатар орналасқан компьютердың:
Бір видеомонитрдың сыртқы бет жағы екіншісінен кем дегенде 2,0м ара қашықтықта болуы керек Сонымен қатар видеомонитор қалай орналасса да олардың жақтарының ара қашқтығы 1,0м болуы тиіс.
Терезе орналасқан қабырға ойығымен столдардың ара қашықтығы 0,25-тен – 0,5м-ге дейін болуы керек.
Жұмыс столдарының құрылымы ДЭЕМ орналасуына қолайлы
болуы тиіс.
Жұмыс орындығы көтеруге-түсіруге ыңғайлы, айналмалы және биіктігін және сондай-ақ орындықтың арқасы мен отыратын жерін бұрышқа қарай бұрылуын реттейтін жиһаздар болу керек.
Видеомонитор экраны көзден 70-80 см ара қашықтықта болып, 50 см жақындықта болмау керек.
Компьютер орналасқан кабинетті күнде-күнде дымқылдап жинау керек.
ДЭЕМ кабинетінде міндетті түрде аптечка мен өрт сөндіргіштер болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |