Бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары қызметке қажет ақпаратты сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады



бет1/26
Дата08.06.2022
өлшемі0,55 Mb.
#36560
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Delphi joba (1)




Кіріспе


Бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары қызметке қажет ақпаратты сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады.


Қолданушылар көзқарасы бойынша мәліметтер қоры – ақпаратпен жұмыс жасайтын бағдарлама. Бұл бағдарламаны іске қосқанда экранда кесте шығады, мұнда қолданушы өзіне керекті ақпаратты ала алады.
Бағдарламалаушылардың көзқарасы бойынша мәліметтер қоры – файл жиынтығы, осы жиынтық ақпаратты сақтайды.
Менің өз көзқарасым бойынша мәліметтер қоры – белгілі бір іс-әрекет жасауға болатын (қосу, жою, өзгерту, көшіріп алу, жүйелеу және т.б.) жүйеленген мәліметтердің үлкен көлемінің сақталатын жері.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеуді үйрену арқылы адамзат өміріндегі ақпаратты сақтау бойынша көптеген мәселелерді дұрыс, тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік алады. Ол ірі корпорация, техникалық завод, жеңіл өндірісінің фабрикасы, сауда орталықтары немесе кішігірім үй кітапханасы болсын мәліметтерді есепке алуға, оларды өңдеуге, сақтауға, қосуға, жоюға бағытталған әрекеттерге сұраныс міндетті түрде пайда болады.
Менің қарастыратын мәселем бұл студенттер туралы мәліметтер ұйымдастыру. Осы тақырыпқа мәліметтер қорымен байланысқан қосымшаны жазбас бұрын ең алдымен осы тапсырманы шешуге арналған тілдерді қарастырып, олардың ішінен ең тиімдісін таңдаған жөн болар еді, сондай-ақ жалпы мәліметтер қорларының не екенін, олардың мәні мен мағынасы неде деген сұрақтарға жауап беру қажет.


І Мәліметтер қоры туралы жалпы мағлұмат


Мәліметтер қоры. Ең бірінші мәліметтер қорының не екені, ол не үшін қажет, оның қолданылуы туралы және т.б. сұрақтарға жауап беруіміз қажет.


Мәліметтер қорындағы барлық мәліметтерді жазбалар немесе объектілер түрінде көрсетуге болады.
Мәліметтер қорларымен нәтижелі жұмыс жасау үшін қажет ақпаратқа қол жеткізуді, мәліметтер қорына белгілі бір өзгерістер енгізуді және мәліметтерге қолданылатын басқа да іс-әрекеттер орындауды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар қажет. Бұл мақсатты орындау үшін Мәліметтер қорларын басқару жүйелері қолданылады.
Мәліметтер қорларын басқару жүйесі – мәліметтер қорының құрылуын, қолданылуын қамтамасыз ететін тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы.
Бүкіл мәліметтер қорларын басқару жүйелері екі топқа бөлінеді:

  • локальді;

  • желілік;

Локальді – бір компьютерде жұмыс істейтін мәліметтер қорларын басқару жүйелері. Оларға dBase, FoxPro, Microsoft Access және т.б. жатады.
Желілік – клиент-сервер технологиясының көмегімен мәліметтер қорын бірнеше компьютерлер қолданатындай мүмкіндік бар мәліметтер қорларын басқару жүйесі. Оған InterBase, Oracle, Microsoft SQL Server және т.б. мысал бола алады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет