Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған
мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам
өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен,
адамдардың рухани өмірімен байланысын
айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің
көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель,
Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты
ғалымдар айналысты. .
Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең
беделдісі
Вильгельм Гумбольдт /1767-1835/
болды. Тіл
ғылымы тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл
білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды.
Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі
болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің
принциптері, мәселелері шеңберінен тысқары да көптеген
проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады.
Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл
мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл
тарихы, тіл білімінің салалары, т.б. Гумбольдт зерттеген
проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы
тұжырымдары толық та, айқын баяндайтын ең-бектері -
"Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы" /1827/,
"Ява аралығындағы Кави тілі туралы" /1836/
деп
аталатын туындылары
.
“Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі
құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен,
ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен
байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік
лингвистикалық, философиялық біртұтас
сындарлы жүйе құрды.
Сонымен, XIX ғасырдың алғашқы жартысы -
компаративистиканың /лат. салыстыру/ өз алдына
дербес ғылым болып қалыптасып, өзінің зерттеу
тәсілі мен әдістемесін жетілдірген, объектісін
айқындай түскен кезең болды. Бұл кезеңде тіл
ғылымының жалпы тілдік мәселесі ретінде тіл
философиясы, жеке тілдер жөніндегі тарауы,
салыстырмалы грамматика салалары қалыптасып,
дами түсті. Тілдік материалдар жинау, тіл білімін
теориялық жақтан дамыту да қызу жүріп жатты.
Бәрінен де гөрі кеңірек етек алған мәселе - үнді-
еуропа тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың
шыққан төркін, ата тілді айқындау болды. Тілді,
тілдік элементтерді тарихи тұрғыдан зерттеу ғана
ғылыми деп жарияланды.
Тіл мен философиямен сабақтастығы:
Тіл
білімі
философиямен,
біріншіден,
методологиялық қағидалар жағынан байланысса,
екіншіден, зерттелетін ортақ мәселелері жағынан
жақындасып
байланысады.
Философия
күллі
ғ
ылымдардың, соның ішінде тіл білімінің де
ә
діснамалық негізі болып саналады, ғылымдардың
дұрыс бағытта дамуы үшін бағыт-бағдар сілтейді.
Лингвист ғалымдар диалектикалық материализмнің
барлық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыста
қ
арау, бір-біріне шарттастығы тұрғысынан қарау
керек дейтін талабын басшылыққа ала отырып, тілді
басқа құбылыстармен өзара байланысы тұрғысынан
зерттейді.
Тіл философиясын зерттеудің қазіргі бағыттары:
Тіл философиясына тіл, болмыс (шындық, қоршаған
әлем) пен ойлаудың арақатынасын зерттеуге
бағытталған зерттеу салалары, сондай-ақ осы
байланысты бейнелейтін әрі қайталайтын
теориялық-әдіснамалық білімдер кіреді. Бұл салалар
– тіл, болмыс пен ойлау - әр түрлі
лингвофилософиялық концепциялар тұрғысынан
түсіндірілуі мүмкін. Тіл философиясының міндеті
бұл жағдайда болмыс пен сананың арақатынасын
тілдік тұрғыдан анықтауға барып тіреледі.
Қазіргі гуманитарлық ойларда тіл философиясы жалпы түрде
анықталады, онда «философиялық ережелер тілдің ең жалпы
заңдарын түсіндіру үшін қолданылады, ал тіл мәліметтері, өз
кезегінде, нақты уақыт тудырып отырған кейбір
философиялық мәселелерді шешу үшін қолданылады». Бұл
анықтамадан тіл философиясына қатысты зерттеулердегі
лингвистикалық және философиялық бағыттағы тілдің
гносеологиялық мәртебесіндегі айырмашылық белгілі болып
отыр. Екі бағытта да мәселе үш сала – тіл, болмыс пен ойлау
туралы болғанымен, бұл бағыттағы тіл философиясы үшін
аталған салалар тең емес. Бірінші типтегі зерттеулер үшін
негізгі зейін тілге, оның мәніне, мақсатына, шарттарына,
формасы мен өмір сүру заңдылықтарына бағытталған. Екінші
типтегі лингвофилософиялық зерттеулерде бұндай бағыт
міндетті емес.
Достарыңызбен бөлісу: |