Бұл кітəпта Күрсары Керей руының Бəйімбет батыры жəне Бəйімбет əулетінің бастан



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата07.02.2017
өлшемі6,42 Mb.
#3612
1   2   3   4

3 БƏЙІМБЕТ ЕЛІ 

3.1 Бəйімбет елінің бұрынғы қонысы 

Бəйімбет  батырдың  кейінгі  ұрпақтары  қазыргі  Солтүстік  Қазақстан  облысының 

бұрынғы Қызылту (қазыргі Ақжар) ауданында Кіші жəне Үлкен Қарой деген жерді мекендеген 

екен.  Тарихи  деректерге  сүйенсек,  1925-1933  жылдары  Қазақстанды  басқаруға  Мəскеуден 

келген  Ф.  Голощекин  қазақ  даласында  Кіші  қазан  төңкерісін  жасап,  үш  миллион  қазақты  

жойып құртып жіберді. Ұлы кəмпеске, ауыр-ауыр алым-салықпен қабаттаса құрылған колхоз 

дегенің жауыннан кейін қаулап өскен саңырауқұлақтай қаптап кетсе керек. Əр ауыл өз алдына 

бір  колхоз,  колхоз  сайын  өріп  жүрген  өкіл,  екінің  бірі  социализмді  елден  бұрын  мен  өзім 

орнатам деп ентіккен – шаш ал десең, бас алатын қызыл белсенді. Белсенді мен өкілдің жүрген 

жері күндіз де жиын, түнде де жиын. Жиын сайын: «Голощекин жолдастың нұсқауынан шабыт 

алып,  қазақ  еліндегі  кіші  Октябрьдің  жеңісін  жеделдете  түсейік.  Байлардың  тамырына  балта 

шабылды,  енді  оның  құйыршықтарын  құртайық.  Жойылсын  жекеменшік.  Колхоз  құрудың 

жоспарын  жүз  процентке  жеткіземіз  деп  күн  көсем  Сталин  жолдасқа  ант  берейік.  Ешқандай 

асыра  сылтау  болмасын,  алайда,  алым  салыққа,  колхозға  алынбаған  аша  тұяқ  қалмасын»,  - 

деген ұран, көпірме сөзден бас айналады. Оның үстіне «жұт жеті ағайынды» дейтін тəмсіл дəл 

келіп,  қазақ  даласының  жазын  қуаңшылық  жайлап,  кыс  айлары  ақ  сүйек  жұтқа  айналып, 

сақылдаған сары аяз адамды да, малды да жалмап жатса керек. 

  Үлкен  Қарой  деген  жерде  Басқұдұқ  ауыл  советі  құрылғанда  оның  төрағасы  болып 

Кашкенов Абылхайыр сайланады. Өзі момын, аздап мұсылманша сауаты бар Əбекең ешкімге 

кеуделеніп  қысым  жасамайды.  Сол  кезеңнен  ол  кісіні  «Ауыл  атасы»  деп  құрметтейді. 

Коллективизация  уақытында  жиі  жоғары  жақтан  келіп  жиналыс  өткізеді,  салық  жинайды. 

Кенжебай  Нүрпейісұлы  сол  кездерде  ауыл  советінің  мүшесі  болған  екен.  Бұл  елде  кім  бай 

дегенде  қол  көтеріп  айтқан  екен:  «Сатыбалдыда  бəлен  қара  өгіздері  бар,  өзі  молда,  өзі 

саудагер!» - деп. Сонда «Ауыл атасы»: «Əрбір малдың басына 25 сомнан шитидату (считать) 



 

14 


керек»  -    деген  екен.  Міне  сол  сөз  мəтел  болып  қалды.  «Ауыл  атасының»  баласы  Қабдолла 

Күльпаш  апамды  алып  жақсы  жезде  болды,  ал  Рамазан  деген  баласымен  бала  жастан  бірге 

ойнап,  оқып  дос  болдық,  студенттік  шағымызды  Омбы  қаласында  өткіздік.  Рамазанмен  біз 

жолдастары,  құрбылары  ойын-тойға  барғанда  қалжыңдайтынбыз:  «Бапасы  25  сомнан 

шитидатайық» - деп.  

Жаңа  құрылған  кеңес  қоғамында  кейбір  жасалып  жатқан  іс-əрекеттерді  халық 

түсінбейді. 1929-1931 жылдары қызыл үкіметтің “асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” 

деген  идеяға  негізделген  саясатының  қысымына  халық  шыдай  алмайды.  Оған  қоса  байлар, 

қажы-молдалар  тізімге  алынып  қудалана  бастайды.  Отыз  бірінші  жылдан  бастап  күллі  қазақ 

жерінде  баяғы  тоқшылық  пен  молшылық  берекеден  жұғын  да  қалмапты.  Ең  əуелі  бүкіл  ел 

кəмпеске-кəмпеске  деп  жінігіп  жүріп,  байлардың  мал-мүлкі  түгіл,  өзін  де  аластап  тыныпты. 

Бір  жаманы  өмір  бойы  бірге  жасасып,  қасында  жүрген  қандасының  зар  еңіреп,  қан  жылаған 

көз  жасы  мен  қарғысы  кедейлердің  көсегесін  көгерте  қоймапты.  Табан  ақы,  маңдай  терімен 

таппай,  бай-қулактардан  тартып  алған  қайырсыз  мал  мүлік,  қардың  суындай  тез  сарқылып 

бітіпті. 

3.2 Бəйімбет елінің Ресейге қоныс аударуы 

Бəйімбет  елінің  діншіл  ақсақалдары  ақылдасып:  «Қытайға  жеткенімізше  балаларымыз 

да,  өзіміз  де  түгелдей  қырылып  қалармыз»    деген  қауіппен  Омбы  облысының  Назыбай 

ауданына көшуге шешім қабылдайды. 

Өйткені  18  ғасырдың  аяғында  Ресейдің  Күрті,  Назыбай  аудандарына  алғашқы  қоныс 

аударған  Бəйімбет  кісілері:  Макей,  Мыңжасар,  Иса,  Əубəкір,  Мұқыш,  Хасен,  Қазы  т.б. 

Аталарымыз  тоғайлы,  көлді,  шөбі  шүйгін,  құнарлы,  малға  жайлы  жерлерде  орналасады. 

Артынан  іздеп  келген  ағайындарына  бауырларының  тұрған  жерлері,  тұрмыс-тіршіліктері 

ұнайды,  қырдағы  бəйімбеттіктердің  құлағына  жетеді.  Сондықтан  Омбы  жеріне  қоныс  аудару 

ақылдасып шешілген мəселе болған екен.  

Омбы  облысының  басқа  Азов,  Одесса,  Шарбаққөл,  Москаленко,  Марьяновка,  Есілкөл 

аудандарындада  қазақтар  17-18  ғасырларда  тұрған  екен.  Көшпенді  қазақтар  малдың 

жайылымын  көбірек  ойлағандықтан  Ресейдің  суы,  шөбі  мол  ағаш  арасынан  қоныс  тапқанға 

ұқсайды. 

Қожа-молдаларға,  байларға

 

қуғындық  басталып  күшейгесін,  Сəтжан  аман  қалсын  деп 



үлкендер ақылдасып атамызды салт атпен түнде жалғыз Омбы жаққа жібереді. Сəл кейінірек 

бүкіл  ел  болып,  түнделетіп,  бала  шағасымен,  малымен  көшеді.  Үйлерін  ашық  тастап, 

шамдарын  жағып  кетеді.  Атамның  малдарын  ағайындары  бөліп  алып  өз  малдарымен  бірге 

айдайды. Полтавканы Сарыкөлді басып Назыбай жеріне жетеді.  



 

15 


Кашкенов Абылхайыр - «Ауыл атасы» елге қауып төнгенде өз басын бəлеге байлап, елді 

аман  алып  қалуға  себепші  болады.  Ертеңінде  ауданнан  келген  бастықтарға:  «Менің  есігімді, 

тереземді сыртынан бітеп жəне тіреп бүкіл ел қашып кетті. Далаға шыға алмағансоң бөгет ете 

алмадым» - дейді. Құдай жарылқап «Ауыл атасы» кеңестің қысымынан аман қалады, дүниеден 

өткенінше елде «Ауыл атасы» деп құрметтеді. 

Ел ақсақалдарының шешімі дұрыс болып Бəйімбет атамыздың тұқымы Ресейге қоныс 

аударуымен ғана аман қалды. 

 

3.3



 

Жаңа Ресей жерінде 

   Ең бірінші болып Бəйімбеттің «Алтыншы ауылы» 1929-30 жылдары Назыбай ауданына 

47  разъездің  жанына  орналасады  жəне  «Алтыншы  ауыл»  деген  бұрынғы  Қазақстандағы  атын 

сақтап  қалады  (орысша  «Шестой  аул»),  бірден  колхоз  құруға  кіріседі.  1931  жылы  «14-ая 

годовщина Октября» колхозы құрылады. Колхоздың алғашқы төрағасы болып Хасенов Билял, 

орынбасары  Мəкейұлы  Қапкен  сайланады.  Соғыстан  кейін  ауылға  жəне  орта  мектепке 

Бəйімбет атамыздың аты беріледі. 

Сатыбалды  атам  ағайын-туыстарымен  Назыбай  ауданына    Аленкеу  деген  жерге, 

орыстардың  қалған  үйлеріне  орналасады.  Жүкен  бапам  1933  жылы  Аленкеуде  тудым  деп 

айтатын.  Кейінірек  ол  жерден  көшіп  қазыргі  отырған  орынға  қоныстап  Бостандық  ауылы 

атанады. Бұл шамасы 1933 жылдың аяғы болу керек. 

   Екі Бəйімбет ауылының арасы 8 шақырым. Бұл Бəйімбет елінде Алжапар қажы, Жапар 

қажы, Хұсайын, Сатыбалды, Темірғали молдалардың абыройы өте жоғары болған. Себебі олар 

дінге  беріліп,  таза  имандылықпен  өмір  сүрген.  елдің  адамдары  ғана  емес,  Тюмень  жəне 

Солтүстік  Қазақстан,  Көкшетау  облыстарының  азаматтарыда  қатты  құрметтеген.  Сондықтан 

Бостандық  ауылы  үлкен  Бəйімбет,  ал  «Алтыншы  ауыл»  кіші  Бəйімбет  деп  аталған  екен.  Екі 

Бəйімбет ауылын екі қажының ауылы деп те атайды. 

Шолақ белсенділерден өлдім – талдым деп ес жия бастағанда соғыс басталады. «Аттан, 

қазақ, аттан» деген соң туған ел, өскен жермен қоштасып азаматтар соғысқа кетті. «Ер етігімен 

су  кешкен,  ат  ауыздығымен  су  ішкен  заман»  келді.  Сұрапыл  соғыс  аш-жалаңаш  елдің 

берекесін əбден-ақ кетірді. Бір ғана біздің Бəйімбет ауылынан 1941 жылы 60 жігіт аттанған еді, 

көбі қайтпады. Мəкейұлы Қапкен, Қабыш Мұқанұлы, Қарамысов Мұқатай, Қанапия Хасенұлы,  

Бешкенов Топан Қали, Дүйсенбаев Қажымұрат, Абдрахманов Мəнтəу, Қапаров Қалмұрат т.б. 

Ұлы  Отан    соғысында  елін  қорғағаны  үшін  орден  жəне  медальдармен  марапатталды.  Отан 

үшін жандарын қиған аталарымыздың да аруақтарына бас иіп, тағзым етеміз, жатқан жерлері 

жайлы, топырақтары торқа, жандары жəннатта болсын дейміз. 



 

16 


Өткен  ғасырдың  60—.70  жылдары  Бəйімбеттің  екі  ауылында  көкірегі  даңғыл,  көсем 

сөйлейтін  көнекөз  қариялар  көп  болатын  еді.  Олар  Сатыбалды  молла,  Əбілмажын  молла, 

Хұсайын  молла,  Мəнтау,  Кəрім,  Ғұсман,  Абылхайыр,  Кенжебай,  Нүрке,  Əту,  Темірғали, 

Шəріп,  Асқап,  Асқар,  Қарағұсман,  Дюсенбай,  Сарсенбай,  Аушахман,  Еслам,  Əміре,  Хаби 

молла  т.б.  Сол  ақсақалдардың  басы  қосылған  жерлерде  көне  тарихты,  даңқты  бабалардың 

ерлік  істері,  ел  басына  күн  туған  қасіретті  сүргін  жылдар  əсерлі  етіліп,  желілене 

əңгімеленілетін.  Бəйімбет  атамыздың  Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Яссауи  кесенесінде 

жерленгенін,  Абылай  ханның  қолбасшыларының  бірі  болғанын  мақтанышпен  айтып 

отыратын. Менің атам - Сатыбалды молланың əңгімесін тыңдау  бір ғанибет болатын. Ол кісі 

тек өз аулы, өз руымен шектелмей, бұрынды-соңды өмір сүрген басқа ел-жұрт, ондағы белгілі 

адамдар  жөнінде,  ұланғайыр  өлкеде  болып  өткен  дүбірлі  тарихи  оқиғалар  турасында 

мазмұнды-мəнді əңгімелер айтушы еді.  

Осындай жиындарда ел  ақсақалдары ел ішіндегі мəселелерді шешеді екен: мал ұрлау, 

қыз алып қашу, су, жер, шөп т.б. Ғұсман (Айғай бапам) батырлардың (Алпамыс, Ер-Тарғын, 

Бəйімбет) қиссаларын тыңдаушылардың шыдамы жеткенге дейін жатқа айтып беретін. 

Қайда барып, кімнен сұрасаңыз да Бəйімбет елін - ынтымақты, тату-тəтті, ұжымды ел 

дейді.  Кісілер,  батырлар,  қажылар  көп  шыққан  ел  деп  мақтайды.  Неге?  Менің  ойымша,  ол 

ауылдың қариялары дін жолымен, хақ жолымен жүрді жəне құдай мен құран шындығына жас 

балаларын  да  сендіре  білді.  «Қарғадан  қарға  туар  қарқылдаған,  сұңқардан  сұңқар  туар 

жарқылдаған»  -  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  ілерсіз.  Міне  Бəйімбет  елінің  ұрпағының 

аталарының салған жолымен жүргенін əкем Жүсіп-қажының інісі Жүніс 1999 жылы қажыдан 

келгенде Лұқпан-қызы Əсия апамыздың жазған өлеңінен көреміз:   

 

Қайырлы болсын тойың жиналған – жұрт 

Жойылсын ел басынан төнілген бұлт 

Мадақтап діннің жолын той-тойлайсыз 

Кетпесін елімізден мереке құт 

 

Ежелге дінге берік Бəйімбетім 

Алдыңнан талай хазрет өткен 

Топырағы торқа болсын жарықтық 

Аль-Жаппар, Жаппар қажы алда кеткен 

Бүгінгі той иесі Жүкен-аға 

Хазірет Сатекеңнен қалған бала 

Сатекең Күсекеңі боп қатал кезде 

Аталар дін исламға болған пана 

 

Екінші тілек айтам Жұсып-аға 

Сіздерді мақтан қылған осы маңай 

Ардақты Бəйімбеттің азаматы 

Дəл қазір жүрседе елден шалғай 

 

Жасында бала оқытып өнер құған 

Алдынан талай өрен білім алған 

Мендағы сол кездегі кəрі шəкірт 


 

17 


Құттықтап тойыңызға келіп тұрған 

 

Тайма деп мұсылманның хақ жолынан 

Атаңыз сізге уағыз айтқан екен 

Анадан ақ сүт емген перзенттері 

Тайдырмай ата-жолын құған ел 

 

Ағалар араб елін көріп кепті 

Басына Қағбатолла тəуап етті 

Орындап бес парыздың бір тарауын 

Қабырына Расулолла дұға етті 

 

Қайырлы болсын барған сапарларың 

Қажы боп басқа ораған сəлделерің 

 

 



 

Сіздерде ата жолын қуыпсыздар 

Сіздерден үлгі алсын балаларың 

 

Шаттанып қуаныңыз туыстары 

Біз бүгін қажылар деп қылдың кеңес 

Өздері өзі-ғалім, өзі-қажы 

Əркімнен мұндай ұлдар туа бермес 

 

Бұл өлең сəл ертерек жазылып еді 

Ол кезде Жұсып-аға аман сау еді 

Тек тойы жыртылмасын деп тілегім 

Тұщы етіп ауырмаққа демеуші ме еді 

 

Сəлемдеме болсын бұл өлең ағамызға  

Бір Алла сырқатына берсін шипа 

Лəйлəміз сұраған соқ жазып бердім 

Бəйімбет Лұқпан-қызы мен Əсия 

 

Сонау Бəйімбет атамыздан бері қарай ел аузында аңыз болып жүрген Əльжапар қажы, 

Жапар  қажы,  Құсайын,  Əбілмəжын,  Сатыбалды,  Темірғали  моллалар....баршасы  хақ 

мұсылмандар еді. Алла тағаладан мұсылман балаларына рахмет назарымен қарап, тыныштық, 

бейбітшілік, ырыс-ынтымақ болуын сұрап, дұға етейік. Алла жар болсын сіздерге. Аумин!      

 

 

4 БƏЙІМБЕТ БАТЫР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР 

Бəйімбет батыр туралы деректер қазақтың үш жүзінде де кездеседі. 



4.1    Ұлы жүз ішіндегі Бəйімбет 

            Ұлы  жүздің  шежіресін  жазған  А.  Байғозыұлы  «Байдибек-Баба  Алып.  Ұрпақтар 

шежіресі» (Алматы, Өнер, 2000ж) кітəбында Бəйімбет туралы шежіре келтіреді: 

Шапыраштыда екі Бəйімбет болған екен:  

1. Шапыраштыдан Ыстық, одан Малды, Желді, Қалды. Малдыдан Екей, одан Бəйімбет. 

2.  Қалдыдан  Айқым,  одан  Қайдауыл,  одан  Бəйімбет.  Бұл  Бəйімбеттердің  батыр 

болғандығы туралы деректер кездеспеді.  


 

18 


3.  Қараша  бидің  ұлы  шақшам  Бəйімбет  батыр  болыпты.  ШАҚШАМ  АТА  Бəйдібектің 

бауыры Байдолладан тарайды деседі. 1864 жылдары орыс əскерлерімен болған  Ақбұлақ жəне 

Алтынтөбедегі  шайқас  кезінде  елден  шыққан  қарапайым  жігіт-  белгілі  Қараша  бидің  ұлы 

шақшам  Бəйімбет бірнеше  ерліктерімен елге  белгілі болды. Осы мəліметтер (Қосымша №3 -  



«Байдибек-Баба Алып. Ұрпақтар шежіресі» 19,50 беттер) келтірілген. 

Қорытынды:  

            Ұлы  жүзде  Қараша  бидің  ұлы  шақшам  Бəйімбет  батыр  1864  жылдары  орыс 

əскерлерімен шайқаста ерлігін көрсетіпті. 

 

4.2 Орта жүз ішіндегі Бəйімбет 

 

4.2.1 Арғын атығай ішіндегі Бəйімбет 

Орта жүзде арғын атығай ішінде Бəйімбет тайпасы болған. Ол туралы Мұхтар Мағауин 

«Қобыз  сарыны» Алматы, 1968 ж. (894.342.09, М12) кітəбінда Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы 

1748-1819  жылы)  туралы  жазады:  «Қазақ  əдебиетіне  қатысты  мақалалардың  бірінде  Шоқан 

Уалиханов «Менің бабам Абылай ханның замандасы, арғын атығай ішінде Бəйімбет табынан 

шыққан  Шал  ақын  қазақ  халқын  құраған  рулар  жайлы  аңыздарды  жинақтап,  тамаша  эпос 

жасады» - дейді. Əкесі Құлеке батыр болған екен». 

Шал  ақынның  əкесі  Құлеке  батыр  Бəйімбеттен  кейінгі  бесінші  буын  (Бəйімбеттен  – 

Жоламан, Жоламаннан – Дəулетей, Дəулетейден – Тəңірберді, Тəңірбердіден – Құлеке батыр) 

болады.    Құлеке  батыр  Абылай  ханның  ширек  ғасырдай  уақытта  ең  жақын  қадырлес  досы, 

сенімді  батыры,  беделді  елшісі,  орта  жүздің  ішіндегі  қолбасшы  батырлардың  бірі  болғаны 

тарихтан белгілі. Құлеке батыр мен атамыз Бəйімбет батыр бір уақытта жəне бір өңірде өмір 

сүрген  батырлар.  Арғыннан  шыққан  көп  ақындар  өз  руының  батырларын  жырлағандықтан 

жəне  Күрсары  Керейде  сол  заманда  ақындардың    болмағандығынан    біздің  аталарымыз 

Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен батырлар туралы жырлар кездеспейді. 



Қорытынды:  

1. Орта жүзде арғын атығай ішінде Бəйімбет тайпасы болған. Шал (Тілеуке Құлекеұлы 

1748-1819  ж.)  ақынның  əкесі  Құлеке  батыр  атасы  Бəйімбеттен  кейінгі  бесінші  буын 

болғанда, бабалары Бəйімбет 1600 жылдары өмір сүрген деп болжаймыз. 

2. Құлеке батыр мен Күрсары Керейдің Бəйімбет батыры бір уақытта жəне бір өңірде 

өмір сүрген батырлар. 

 

 

19 


4.2.2  Күрсары Керейдің Бəйімбет батыры 

Біздің  атамыз  Бəйімбет  батыр  есеппен  1710-1790  жылдары  өмір  сүрген.  Мұхтар 

Мағауин  «Қобыз  сарыны»  Алматы,  1968  ж.  (894.342.09,  М12)  кітəбінан  Бұқар  Жырау 

Қалқаманұлы (1693-1787) туралы жазады: 

            Жыраудың шығармаларын жинастырған Мəшһүр Жүсіптің айтуынша Бұқар Жырау 

Арғын  ішінде  Тортуыл  Қаржастан  шыққан.  Бұқардың  əкесі  Қалқаман  –  батыр  болған 

көрінеді.  Бұқар  малсыз  адам  екен  деп  жазады  Мəшһүр.  Өзіне  байдан  мінуге  ат  сұрапты. 

Сонда Бұқардың айтқаны: 

Бұқарекең біз келдік, 

 Ақан, Төбет байларға, 

Бесті берсең семіз бер 

    Жаздай Бұқар жайларға. 

Бермеймін деп атама, 

                                                                       Асауыңды матама, 

               Шынжырыңнан берік тартсам, 

        Шамырқанып, шамданып, 

Шалқасынан жата ма, 

Алпыстағы Бұқардың 

Сілесі құрып қата ма, 

     Құлдарың мен күңдерің 

                                                                       Мерекеге бата ма. 

Жоғарыдағы  Бұқар  Жыраудың  ат  сұраған  Төбет  бай    Бəйімбет  батырдың  əкесі  болуы 

мүмкін,  өйткені  бір  заманда  Көкшетау  өңірінде  өмір  сүрген  адамдар.  Мəшһүр  Жүсіптə  сол 

өңірдің  азаматы.  Төбет  байдың  төрт  ұлы  болған:  Өтебай,  Бəйімбет,  Асан,Үсен.  Бұқар  Жырау 

(1693-1787) сол уақытта 60-жаста болса, өлеңдегі келтірілген уақыт 1753 жылдары шамасында 

болған. Төбет бай 70 жаста деп есептесек, оның туған жылы 1683 жылы болуы мүмкін. Төбет 

бай 20-24 жасында үйленсе, үлкен баласы Өтебай бір жылдан кейін дүниеге келсе, Өтебайдың 

туған жылы 1704-1708 жылы болуы мүмкін. Ал Өтебаймен екінші баласы Бəйімбеттің арасын 

екі жыл деп алсақ,  онда Бəйімбеттің туған уақыты 1706-1710 жылдары болуы мүмкін. Елдегі 

ақсақалдардың  айтуынша  Төбет  байдың  төрт  ұлыда  (Өтебай,  Бəйімбет,  Асан,Үсен)  батыр 

болған екен. Ел ақсақалдарының айтқанын мына тарихи деректер  дəлелдеп отыр:  

1.  1742  жылы  23-30  августа  орыс  ханшасы  Елизавета  Петровнаға  жазылған  №  93 

хатта 184 ант беріп қол қойған билер мен батырлардың арасында орта жүздің керей руынан 


 

20 


Асан,Үсен  батырлардың  қолдары  бар.  Ал  билер  мен  батырлар  бір  жұма  бойы  кезекпен  келіп 

қол  қойып  отырғандықтан,  белгісіз  себептермен  кешігіп  келген  бабамыз  Бəйімбет  батыр 

арғын руының 37 батырларының тізімінде төртінші болып 28 августа қолын қойыпты. Сол 

тізімде 35-ші болып Құлякя - батыр жазылыпты. Бұл орыс тілмаштардың бұрмалап жазған 

арғын атығай ішіндегі Шал ақынның əкесі Құлеке батыр.  

Түпнұсқасы № 4 Қосымшада келтірілді - 1742 жылы 23-30 августа орыс ханшасы 

Елизавета Петровнаға Орта жүздің билері мен батырларының ант беріп қол қойған № 93 

хаты  (Сборник  материалов  и  документов.  Казахско-русские  отношения  16-18  в.в.  – 

Алматы, 1961 г. 220-222 стр.). 

2. Шоқан Уалихановтың «Исторические предания о батырах ХVIII в.» (Қасенов Е. Б. – 

Век  казахско-джунгарского  противостояния.  Павлодарский  ГУ.)  деген  еңбекте  12  əңгімеде 

орта жүздің:  Үсен батыр, Алтай батыр, Байғозы батыр туралы деректер кездеседі. 

Қорытынды:  

1.

 

Орта  жүзде  Бəйімбет  батыр  тек  Күрсары  Керейде  ғана  болғанына 

ешқандай  күмəн  жоқ,  өйткені  арғынның  атығай  руындағы  Бəйімбет  1600  жылдары  өмір 

сүрген екен.  

2.

 

Күрсары  Керей  Бəйімбет  батыр  1706-1710  жылдары  туған  деп  болжаймыз. 

Орта  жүздің  билері  мен  батырлары  орыс  ханшасы  Елизавета  Петровнаға  жазылған 

хатта  ант  беріп  қол  қойғандардың  арасында  керей  руынан  Асан,  Үсен,  Бəйімбет 

батырлары бар. 

 

4.3 Кіші  жүз ішіндегі Бəйімбет 

 4.3.1 Шекті руының



 

ішіндегі Бейімбет 

Кіші хүз ханы Əбілқайырды Барақ сұлтан өлтірген соң таққа талас басталды 

Əбілқайырдың əйелі Бопай ханша жəне оның балалары, Нұралы сұлтанды Əбілқайырдың 

орнына таққа отырғызу заңды құбылыс деп есептеді. Əбілқайырдың тірі кезінде оның тым 

орысшылдығын құптамаған бірсыпыра  билер мен старшындар , осы ұрымтал шақты тиімді 

пайдаланып қалуға тырысты. Сөйтіп,  Əбілқайыр хан өлген соң, Шыңғыс əулетінің  ежелден 

келе жатқан атақты жəне өте көп таралған бұтағынан шығатынын, негізгі аргумен деп 

есептеген,сонымен бірге Əбілқайырдың баласы Нұралы хан тағына отырса , Кіші жүздің 

орысқа бодандығы одан əрі тереңдей түселді деп санаған Кіші жүздің шөмекей - балы, шекті - 

кішкене, төртқара,  қарасақал   сияқты іргелі руларының бірсыпыра өкілдері Қайып ханның 

баласы Батыр сұлтанды хан тағына сайлаған болатын. Сөйтіп, хан тағына Батыр 

 

 



 

21 


сұлтанның  таласқаны Əбілқайыр əулетінің  үлкені Нұралы сұлтанның хан тағына отыруына 

үлкен қауіп туғызды. 

           1748-жылы 21-қыркүйекте Нұралы сұлтан анасы  Бопай ханшаның үйіне келді . Осы 

сапарда Нұралы сұлтанға, оны хан тағына отырғызуды қолдайтын 400- ден астам Кіші жүздің 

билері, старшындары жəне батырлары  еріп келген болатын.Олардың осы сапардағы негізгі 

мақсаттары Бопай ханшаға Əбілқайыр қазасына байланысты көңіл білдіру, сонымен бірге осы 

сын сағаттарда өздерінің Əбілқайыр ханның əруағына адал екендіктерін білдіріп, Нұралы 

сұлтанды қолдайтындықтарына Əбілқайырдың əйелі мен балаларын сендіру еді . Кіші жүздің 

негізгі билері мен старшындары жəне батырларының қолдауына ие болған соң, Нұралы сұлтан 

Ресей патшайымына, өзін əкесінің орнына, хан етіп бекітуді өтініп 1748-жылы 5 - қазанда хат 

жолдады. 

Бопай ханша да Нұралыны əкесінің орнына хан дəрежесінде бекітуге жəрдем сұрап, 

бригадир  Тевкелевке өтініш хат жіберді.  

         Сонымен бірге  Орта жəне Кіші жүздің атақты билері мен беделді батырлары өздерінің 

Нұралы сұлтанды қазақ халқының бұрыннан сақталып келе жатқан дəстүрі бойынша  əкесі 

Əбілқайырдың орнына хан сайлағандарын қағаз жүзінде растап, императрица Елизаветаға хат 

жазған болатын. Осы хатқа Шекті руының атынан  Бейімбет  батырда өз қолын қойып, 

таңбасын басқан болатын. Енді осы тарихи маңызы зор хаттың мазмұнымен оқушы қауымды 

таныстырайық : 

                            1748-жылғы 5-қазанда Кіші жəне Орта жүздердің билері мен    



                батырларының  Нұралы сұлтанды  Орта жəне Кіші жүздердің 

                ханы етіп бекіту туралы Елизавета патшайымға жазған хаты. 

... Біз, төменде қол қоюшылар, қырғыз-қайсақтың Орта жəне Кіші жүз билері мен батырлары 

жəне барлық атақты адамдары, біздің өзіміздің   мəлімдемізді келесі  тармақтар арқылы 

білдіреміз: 

            1. Сіздің императорлық билігіңізді толық мойындаған Əбілқайыр хан бұл жарық 

дүниеден өтті, оның орнына мұрагерлік жолмен біз оның баласы Нұралы сұлтанды сайладық. 

            2. Біз оны, Нұралы ханды, өзіміздің əдет-ғұрпымызбен сайлағанымызбен, Сіздің 

императорлық  мəртебелі жоғары Жарлығыңызсыз біздер оны өзіміздің  бас ханымыз ретінде 

толық хан санай алмаймыз.Сондықтан Сізден жоғары императорлық мəртебеліміз,толық 

боданыңыз ретінде, Сіз өзіңіздің жоғары императорлық мəртебелі Жарлығыңызбен, осы 

Нұралы сұлтанды  өзінің əкесі Əбілқайыр ханның орнына, бас хан етіп тағайындауыңызды 

өтінеміз, жəне оған хан болып тағайындалғанының белгісі ретінде, оны Сіздің  императорлық 

 

22 


мəртебеңіздің   алтын мөрі басылған Грамотаңызбен марапаттаңыз. 

             Қайырымды  патшайым, Сіздің  императорлық мəртебеңізден толық боданыңыз 

ретінде біздің осы мəлімдемемізге мейірімізбен қарап қол қоюыңызды өтінеміз. 

                                                                                      1748 жылғы 5 қазан. 

            Мəлімдеменің түп нұсқасына Орта жүз Шақшақ-Шарджы  Тым  руынан Жəнібек 

тархан өз мөрімді қойдым. Осы орданың Керей руынан Наурыз би өз таңбамды бастым. 

Шақшақ руынан Қойсары би өз таңбамды бастым. Осы рудан Жалмəмбет би. өз таңбамды 

бастым. Осы рудан Құдайшүкір батыр өз таңбамды бастым. 

             Кіші жүз Шөмекей руынан Қыдай би, Мəмет аталық   Жайылған би өз таңбаларын 

басқан. 

              Қаракесек руынан Қожанай би өз таңбамды бастым. 

             Шекті руынан Бабый би өз таңбамды бастым. Осы рудан Бақтыбай би, Мөңке би, 

Айдаралы би, Исанбай би, Мышанақ би, Мəметек би өз таңбаларын басқан. Осы рудан 

 

 Бейімбет  батыр . өз таңбамды бастым. 



             Төртқара руынан Құдайназар би, Дəулет би, Анақ би, Болат би, Тілеуімбет би өз 

таңбаларын басқан. 

              Байұлы Алаша руынан Байсау би, Байтерек аталық өз таңбаларын басқан. 

               Кете руынан Алтай би, Қағалық би, Жұлдыз батыр, Бостыбай би,Тұнаша 

батыр,Өмірзақ би, Кенжалы би, Қаратай би, Жəнібек би таңбаларын басқан.        

                                                                                                      (Аударған тілмаш Яков Гуляев.) 

Жоғарыдағы хаттардың орысша жазылған түпнұсқасы № 5 Қосымшада келтірілді - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет