2
Бұл кітəпта Күрсары Керей руының
Бəйімбет батыры жəне Бəйімбет əулетінің бастан
кешкендері баян етіледі.
Іздестірудің жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарының
арқасында құнды деректер табылып нəтижесінде
ПРЕЗИДЕНТ жəне ХАЛЫҚ», «ҚАЗАҚ»
газеттеріне мақалалар шықты.
Бəйімбет бабамыздың ұрпақтарына, оқырмандарға
Бəйімбет батырдың Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи
кесенесінде жерленгенін дəлелдеу үшін істелініп
жатқан жұмыстар
жəне алдымыздағы істейтін жұмыстар сипатталады
3
Автордан
Бұл кітəпті жазғаным білімім болса да, ол тасып төгіліп, артылып бара жатқандықтан
емес, ойым - ұрпағымыз ата - бабаларының қайдан шығып, қандай болғандарын, арғы жеті
атасын, олардан тараған үрім-бұтағын білсін дегенім.
Жастайымнан Сатыбалды атамның қолында өскендіктен, жанында жүріп, осыдан 50-60
жыл бұрын өмір кешкен, қазір арамызда жоқ көне көз қарияларды көріп əңгімелерін тыңдаған
едім. Мұның сыртында əкем Жұсып қажының қойын дəптеріндегі еңбектері, əкемнің достары
Ғазез, Мұқаш, Шəмшидден, Мұхаммеджан, Қабыш, Қабдыр, Ысқақ, Əдиенбек ағатайлармен
аталарымыз туралы сұбхаттары көп əсер етті. Өзім де бірəз еңбектерді ізденіп оқыдым
сондағы мақсатым - өткен тарихымыздағы ата-бабаларымыздың басынан өткен оқиғаларды
кейінгі ұрпаққа жеткізу керек деп ойладым.
Марқұм шешем Қамила Нүрпейіс қызы: «Қазыр əр жерде батыр аталарына кітəп
шығарып, ескерткіш қойып, ас беріп жатыр ғой. Шіркін Бəйімбет атамыздан тараған бір
оқымысты-журналист ұрпағы болмады ғой батырлығын зерттейтін, Түркістандағы Қожа
Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін дəлелдейтін, дəріптеп атын шығаратын» - деп айтып,
налып отыратын. Осы шешемнің айтқаны маған ой салды. «Атадан ұл туса, игі, ата жолын
қуса игі» - əркім өз əкесін, ата-бабаларын қошеметтеп сыйлау керек. Жеті Атасын білу өте
қажет жəне Бəйімбет атамыздың атын шығару үлкен құрмет. Танысуда əдетте, «Сен қай
елсің?», немесе «Руың кім?» - деп сұрайды. Сонда, «Мен Күрсары Керей Бəйімбет батырдың
ұрпағымын» десең қандай мақтаныш! Сондықтан мен осы жұмысты бастап ізденіп көрсем
қайтеді, кейін жалғастыратын ұрпақтарымыз құдайға шүкір бар ғой, жалғастырар деген
шешімге келдім. Сондағы мақсатым - өткен тарихымыздағы ұлы Бəйімбет батырды бейнелеу
арқылы өз бабаларымыздың өзгелерден еш кем болмағанын паш ету, өскелең ұрпақ санасына
сіңіріп, жаңаша танымға бет бұрмақ ниеттен туындайды.
Бұл кітəпта Күрсары Керей руының бір бұтағы Бəйімбет əулетінің бастан кешкендері
баян етіледі. Тауқыметті жылдардың темір тегеурініне шыдай алмай бабаларымыз жат елге
Ресейдің Омбы жеріне қоныс аударады. Бəйімбет əулетінің өткен тарихы басқа деректермен
жəне болған уақиғалармен толықтырылды.
Осы кітəпті бізден кейінгі ұрпағымыз оқыса, істеген еңбегімізді бағаласа, өткен күннен
бірер сөз білсе, мен өз арман - тілегім ақталды деп жасағанға шүкіршілік етпекпін.
4
1 Қожа Ахмед Ясауи кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи (1093 – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мəдениетінің тарихында
айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін
таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай
жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері
емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері.
Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Шешесінің аты
Қарашаш. Ахметтің əкесі Ибрахим діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі
болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы
төмендегі сыр шертеді:
... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Ясауи.
….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайыктар сарасы — шейхым Ахмед Ясауи.
Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай болса,
Əзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб əулие болмақ. Ахмет Ясауидің ержете келе
Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты
түркі шейхы Арыстан баб жəне Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тəлім-тəрбие, білім, бата
алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған
қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен,
кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка,
тазалыққа үндеген, қасиетті əулие атанған еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген
аңыз əңгімелер тараған. Қазақтар ол кісіні «Мединада – Мұхамбет, Түркістанда – Қожа
Ахмет» деп дəріптеп, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың тікелей мұрагері етіп көрсеткен.
Түркістан қаласының мəртебесі де Қожа Ахмет Ясауи есімімен жоғары болды.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ).
Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Төрт тармақты
өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге
дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара
халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін,
жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фəнидің жалғандығын білдіреді. "Диуани Хикметте"
негізінен төрт нəрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат.
5
"Шариғат" ислам дінінің заңдары мен əдет ғұрыптарының жинағы, "тарихат" сопылықтың
идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау,
"мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз",
"Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "Хақиқат" болуы мүмкін емес.
Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп əрі шын беріле айтады, ол бұл
шын мəніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол
"надан"
"түк
білмейтін",
"жалған
сүюші",
"жалған
сопы
деп
есептеді.
"Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес інжуімді құнын білмеске
сатпағын", — деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Ясауи, "егер мен басымнан
айырылсам
да,
бұл
жолдан
маған
жалт
беру
жоқ",
—
дейді.
Ясауи былай дейді: "Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре
алады". Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Ясауиден бұрын
түркі нəсілдері Тəңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Ахмет Ясауи
өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінəжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке
келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнə" деп өзіне бір тоқтам жасайды.
Қылуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін
сарапқа салып, қияли күй кешеді. Ахмет Ясауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір
сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал
болды.
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи əзіреті сұлтан аталып, басына XIV
ғасырдың
аяғында
атақты
Ақсақ
Темір
күмбез
орнаттырады.
Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тəуіп етер қасиетті əулие.
Оның мазараты мəдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы. Сондай-ақ Түркістан
қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен
құрметтің белгісі болса керек.
Бар қазақтың баласы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін киелі санап, тəу етіп,
қастерлеп, қадір тұтады, бұл жерде хандар, сұлтандар, атағы шыққан билер, батырлар ғана
жерленген. Ата-бабаларымыздың Қожа Ахмет Ясауи қабірінің маңына жерленуі рухани
сабақтастықтың белгісі, ұлағатты өнеге деп санады. Бұ дүниеде ынтымағы жарасқан Алаш
баласының, о дүниелік болған соң да Əзіреті Сұлтанның қасына жерленіп, бір жерде жатуы
кемелдікке жеткендіктің айқын көрінісі. Олар осы үрдісті ұрпағына аманат ретінде қалдырды.
Сонымен қатар еліміздің əр аймағынан жерленген кейбір тұлғалар ұмытылған, олар жөнінде
мəліметтер ғылыми тұрғыдан түбегейлі зерттеу жүргізуді қажет етеді. Осыған орай біздің
бабамыз Бəйімбет батыр да дер уақытында іздеушісі болмағасын осы тізімге ілінбей қалған.
6
2 БƏЙІМБЕТ БАТЫР
2.1 Бəйімбет шежіресі
Бірінші жұмысты əкем бастап жазған шежірені толықтырып, интернеттен, кітəптардан
алынған мəліметтермен салыстырылып жаза бастадым. Екіншісі - Бəйімбет атамыздың
ұрпақтарын біріктіретін ұйымды жасау үшін - алдымыздағы істейтін жұмыстарды белгіледім.
Бұл – ата-баба аруағы алдындағы перзенттік борышымды аз да болса өтеу үшін жасалған
кішкентай ғана еңбек деп есептеймін.
Əкем Жұсып-қажы алыс-жуықтағы көнекөздермен көп əңгімелесіп пікірлесетін, əрі ата-
тек шежірелерді жинақтап, жазып жүретін. Үлкен кісілер қонақтар келгенде 4—5 жасымыздан
бастап ата-тегімізді айтқызатын. Сол бала кездегі естігеннің бəрі бірдей есте қалмаса да, үш
дəптер қолжазбалары қолда қалған еді. Ішінде діни уағыздар, аяттар, қазақтың атақты
кісілерінің сөздері, əңгімелері, Бəйімбет ұрпағының шежіресінің негізі бар.
Қазақта “тегін білмеген – тексіз, жеті атасын білмейтін – жетесіз” деген ұғым бар. Əкем
жазған шежіреге жүгінсек, Күрсары Керейден Еспол, Есполдан Дуадақ пен Төбет. Төбеттің
төрт ұлы да батыр болған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен. Менің жетінші атам Бəйімбет батыр
болған екен. Бəйімбет батырдың 7 баласы болған: Қарақожа, Биқожа, Байқожа, Қожагул,
Көлбай, Елшібай, Тайкелтір. Біз Биқожа батырдан тарағамыз. Биқожадан Бектемір, Ақтан.
Бектемірден Қанай мен Шадай. Қанайдан Бірман мен Найман. Бірманнан – Дүйсенбай,
Есенбай, Бесімбай. Дүйсенбайдан тұқым жоқ, ал Есенбай, Бесімбайдан Қажымұрат, Еслям,
Еспол, Хамзе, Сəлім ұрпақтары тараған. Найманнан – Сатыбалды, Сатылған. Одан 4 бала –
Жұсып, Жұныс, Хайролла, Абзал. Найман, Бірман аталарымыздан тараған ұрпақтар Əуелі
Дүйсенбай атамызды тыңдап, ол кісі дүние салғасын Сатыбалды атамызды тыңдап, ынтымақта
болып бір кісіден туғандай өскен екен. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»
деген сөз бар емес пе? Жақсының жақсылығын айтуды өзіме парыз санадым.
Төбетұлы Бəйімбет (жобамен1708-1790 ж.) – жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық
жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы болған. Шыққан тегі –
Орта Жүздің Күрсары Керей руынан. Бəйімбет батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі Ресейдің
Омбы, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің
рəмізіндей ел аузында болып кеткелі қашан.
Сонымен, қымбатты ағайын, ата-тек шежірені Бəйімбет батырдың барлық ұрпағы білу
керек. «Білерің-бір тоғыз, білмегенің-мың тоғыз» демекші, барша Бəйімбет баласын таратып
жазу мүмкін, əрі мүмкін емес жағдай. Мүмкіндігі, сұрап-құрап жазуға болар, бірақ бұрынғы
шежірелердегідей, қателік мол болары сөзсіз. Көбісі етене таныс, бірге жүріп-тұрған қоныстас
7
ағайынды жазу оңай болғанның өзінде, осынау шежіреде барлығы толық қамтылады деп айта
алмасақ керек. Үстірт жазудан, қате жіберуден, артық қазбалаудан, керейше айтқанда
«барабасын тербетуден» сақтап кейбір жерде кеткен кемшілік болса, оны толықтыра отырып
оқу жəне толтыру — ағайын сіздің парызыңыз.
2.2 Бəйімбет батыр Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленуі
Біз - қазақ баласы – баққан малымыз сыяқты жылқы мінездеспіз. Бізде момын қойдың
мінезі де бар. Өйткені жылқыдай өр, жылқыдай жылдам жүйрік жоқ, сонымен қабат қойдан
қоңыры да мол, жалпы қазақпын деген адамның бəрінің мінезінде, құлқында тебіздік бар.
Сонымен бірге еттен өтіп, сүйекке жеткенше үндемес момындығымыз бар. Бəлкім, бұл біздің
жамандығымыз шығар. Бізді шет жұрттардың иектей беретіні де осыдан болмақ-дүр. Біздің бір
топтан, бір түп-түпқиыннан тарайтынымызды ұранымыз «Алаш»-ақ айтып тұр. Қазақ қашанда
жауға атасын айтып шабады. Мұны ілгеріде өткен ғаламда аты қазанған ілім иелері де айтады.
Біздің елде Бəйімбет атамыздың, батыр балаларының атын атап балуандар күреске шығатын.
Бəйімбет батыр - менің жетінші атам. Бəйімбет батырдың 7 баласы болған: Қарақожа,
Биқожа, Байқожа, Қожагул, Көлбай, Елшібай, Тайкелтір. Биқожа батырдан тараған менің
немерем Мадиярға Бəйімбет батыр тоғызыншы атасы болады. Бəйімбет батырдың үлкен
баласы Қарақожаның ұрпақтары онға жетті. Бір ұрпақтың арасын 30 жылдан есептесек
Бəйімбет батырдың дүниеге келгеніне 300 жылдай болады. Бұл Абылай ханның (1711-1781)
заманы, жоңғарлармен көп жыл соғысып жеңген кезеңі.
Х. Арғынбаев, М. Мұқанов, В. Востров «Қазақ шежіресі хақында» кітəбіндағы деректер
бойынша:
•
17-18 ғасырда Керейдің Күрсары руы (Сақал, Бурас, Дуадақ, Төбет, Сары аталары)
арғындармен (Атығай руы), уақ жəне қыпшақтармен араласып бірге Есіл өзенінің бойында,
Көкшетау маңайы жəне Ертіс өзенінің бойында Железинка бекінісінен Омбы бекінісіне дейін
көшіп жүреді.
•
19-20 ғасырда Күрсары руы аталарының қоныстары Үлкен Қарой көлінің солтүстігімен
шығысына (Сақал атасы), Теке көлінің төңірегінде жəне одан əрі солтүстік-шығысқа қарай Ом
өзеніне дейін (Бурас атасы), Сілеті,Теңіз көлінің шығыс, солтүстік жəне батыс жағында
(Дуадақ, Төбет аталары) орналасқан. Сары атасы Ертіс бойында, Ом өзені құяр жерде, сондай-
ақ Омбының батысына таман көшіп жүрген.
8
Алайда Бəйімбет атамыздың кейінгі ұрпақтары (соның ішінде
Найман – Бірман
аталарымыз) бұрынғы Қызылту ауданында (қазіргі Ақжар) Кіші жəне Үлкен Қарой деген
жерді мекендеген екен.
Тəуелсіздік алып, дербес мемлекет атануымызда осындай жаужүрек ұлы бабаларымыз
Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен батырлар жəне балаларының есімімен тығыз байланысты. Батыр
атануы үшін, бүкіл исі қазаққа аты қалуы үшін, атамыз заманында талай шабуылға қатысқаны
сөзсіз. Бəйімбет атамыз 16-18 жасында атқа қонып, ағасы Өтебаймен жəне серіктерімен ел
еркіндігі жолында Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылды. Бəйімбет батыр да,
ағасы Өтебай, інілері Асан, Үсен батырларда 1751-1753 жылдары Абылай ханның бірнеше
шешуші шайқастарына қатысып, сенімді серіктерінің біріне айналды.
Моисеев В.А. кітəбінда «Джунгарское ханство и казахи» 219 бетінде жоңғармен болған
соғыс туралы жазылған: «Основной удар был нанесен ойратами по Увак-Кирейскому роду,
старшина которого Каип укрывал беглецов». Тарихшылардың айтуынша осы жылдары
жоңғарлар Керей-Уақтың тұрған жері Көкшетау маңына басып кірген екен. Елдегі
ақсақалдардан естіген мына бір əңгіме сол уақыттың жаугерлік сипатынан сыр шертеді:
«Жоңғарлар қыс түсе Көкшетауға тұяқ іліктіріпті. Жолындаңы қазақ ауылдарында
үрерге ит қалдырмай қырып келе жатқан көрінеді. Дұшпан Бəйімбет батырдың қонысына
жақындады деген хабар келеді. Батыр атамыз сонда шұғыл шешім қабылдайды: «Қалмақтарға
қарсы өзіміз бірінші соғыс ашайық» - дейді ол. Жоңғарлардың тоқтаған жері бір көлдің
маңайы екен. Суы жаңадан қатып, мұзы жарқырап жатқан көрінеді. Бəйімбет атамыз
сарбаздарының аттарының тұяғына киіз оратады. Əскерін бөліп, бір тобын көлдің сыртында
тасада қалдырып, өзі бастағанекінші топпен жоңғарларға тарпа бас салады. Соғыса жүріп əдейі
кейін ығысқанда атқа мінген жоңғарлар соңдарынан көлдің үстімен шаба қуады. Бірақта
аттары тайғанақтап, ұрыса алмайды. Мұз үстінде аттары нық тұрған Бəйімбет батырдың
жауынгерлері жауын ойсырата жеңеді».
Ал тарихшы Мұхаметжан Тынышпаев жəне Н. Аристовтың дерегіне сүйенсек сол
заманда оқиға былай болған екен. Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның
мұрагерлері таққа таласты. Жоңғар “Заргосының” хан (хан кеңесі) шешімімен таққа ортаншы
ұл отырып, бірақ билік жасай алмай, ақыры 1750 жылы Лама - Доржыға тақты берді. Осы
кезде елдің берекесі, ынтымағы кете бастаған еді. Даваци, Əмірсана сияқты ұлыс басшылары
ханға қарсы болып, азамат соғысы басталып кетті. Ақыры Əмірсана мен Даваци (Лабашы)
қашып келіп қазаққа тығылды. Бұл екі қашқын қазақ арасына 1751 жылдың қара күзінде келіп,
Жоңғария шекарасына жақын орналасқан Қайып батырды паналады, бірақ Абылаймен ылғи да
байланысып, қамқорлық көріп отырды. Қазақтар қалмақтың екі ірі ноянының жан-сауғалап
9
келгенін ырым көріп, қолда барын беріп көмектесті, таршылық көрсеткен жоқ. Даваци мен
Əмірсананы қолда ұстап отыру Абылайға да өте тиімді көрінді. Бұл бағытта Абылайды
Бөгенбай батыр, Дəуіт тархан, Жəпек батыр, Ералы сұлтан, Төле би (хат арқылы) қолдап
отырды. Лама Доржы көз алдында болып жатқан бүліншілікті тоқтатпақ болып Саин - Белек
бастаған 20 мың əскерді қазақ даласына, Даваци мен Əмірсананы күшпен алып келуге
жұмсады. Қазақ-қалмақтың арасындағы кезекті соғыс осылай басталды. 1752 жылдың
қыркүйегінде басталған соғыс 1753 жылдың 12 қаңтарында Лама Доржының өлімімен
аяқталды. Ханды өлтірген Даваци мен Əмірсана бастап
қалмақ ордасына жаугершілікке барған
қазақ жауынгерлері еді. Даваци хан болғасын қазақтарға жіберілген əскерлерін шақырып алды
жəне соғыспауға келісті. Осыдан соң көп заманнан бері қазаққа тыныштық бермей тоздырып
келген Жоңғар хандығы біржола жойылып, қазақ даласына бір мезет бейбітшілік орнайды.
Бəйімбет атамыз жаугершілік жорықтарынан қайтқанда «қырғыз», «қалмақ», «қалпақ»
қыздарын əкеліп тұқымына қосқан екен. Сондықтан Бəйімбеттің ішінде шешелерінің атымен
«қырғыз», «қалпақ» аталатын ұрпақтар бар.
Бəйімбет атамыз өлгенде өсиеті бойынша қасиетті Түркістан қаласына апарылып
жерленіпті. Қыстың қырау кезінде қайтыс болған бабамызды жаңа сойылған жылқының
терісіне орап, ауа кірмейтіндей етіп таспамен бітеу тігіп, сыртын қара маймен майлап сақтаған
екен. Күн жылынғасын мəйітті қасиетті орнына жеткізіп жерлеген екен. Бар қазақтың баласы
Түркістанды киелі санап, тəу етіп, қастерлеп, қадір тұтады, бұл жерде хандар, сұлтандар, атағы
шыққан билер, батырлар ғана жерленген. Шындығында, Бəйімбет атамыздың Түркістандағы
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгені Абылай ханның қолбасшыларының бірі
болғанының дəлелі деп есептеймін.
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде киелі саналғандықтан хандар,
сұлтандар, билер, батырлар ғана жерленгені бəрімізге мəлім. Міне, осы Түркістанда халқының
бостандығы жəне тəуелсіздігі жолында құрбан болған адамдармен қатар Бəйімбет атамыздың
да сүйегі жатыр. Алдағы уақытта бабамыздың атын тірілтіп, кесенеге қайта жазылса құба құп
болар еді. Бұдан біздің де мерейіміз өсіп, рухымыз асқақтай түспей ме. Күрсары Керейдің
Бəйімбет батыры туған елінің еркіндігі жолында қатерге бас тіккен, өмірін құрбан еткен жан
ретінде қастерлеуге лайық.. Қазақстан егемендік алғанда Бəйімбет атамыздың ескерткіші
немесе қола мүсіні Көкшетау өңіріндегі Үлкен Қаройда немесе Ресейдің Бəйімбет ауылында
тұрса артықтық етпес. Олардың өмір жолын бүгінгі жəне келер ұрпаққа неге үлгі етіп
ұсынбаймыз?!
2.3 Бəйімбет бабамызды іздестіру
10
Іздестіру жұмыстары 1979 жылдан басталып, тоқтап, ал қазыр қайтадан жанданып
келеді, өйткені «Бəйімбет» бірлестік қоғамы құрылды, жан-жақтан деректер ізделініп жатыр.
Қазыргі уақытқа дейін істелініп жатқан жұмыстардың тізімі:
Бірінші
Мен Омбының политехникалық институтын бітіріп 1975 жылы апрель айында
Алматының Киров атындағы заводына инженер-конструктор болып кірдім. Қарындасым
Нағима Алматыда аспирантурада оқып жүрген. Балалары Алматыда болғасын əке-шешем
Жүсіп Сатыбалды ұлы мен Қамила Нүрпейіс қызы 1975 жылы июлде Ресейдің Омбы облысы
Назыбай ауданы Бəйімбет ауылынан осында көшіп келді. Тұрақты орнығып, үйренгесін жəне
жағдайымыз түзелгесін əке-шешем үшеуіміз машинамен əдейілеп 1979 жылы күзде
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне Бəйімбет бабамыздың жатқан жерін көріп, дұға
жасайық деп бардық. Бізді менің досым Нұрғали əйелі Перузамен үйінде (Физкультурная
көшесі, 22 үй) жақсы қарсы алды. Перуза жеңгем ертесімен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне
ертіп апарды. Бұған дəлел ғимараттың алдында түскен суретіміз. Кесенеде жөндеу жұмыстары
жүріп жатсада, əкем ішіне кіруге рұқсат алды. Кесененің ішіндегі барлық зираттарды аралап
əкем Жүсіп-қажы арабша жазылған тастарды жəне жазуларды зерттеді. Мынау жатқан біздің
бабамыз Бəйімбет, деп темірмен қоршалған, бір жағында арабша жазылған темір қоршауы бар
зираты көрсетті. Осы туралы мен 2006 жылы шыққан «Жұсып-қажы Сатыбалдыұлының
қолжазбалаларынан» (ЖШС «КазМедиа Групп» орталығы, Алматы) деген кітəптің 5 бетінде
жаздым. Көп жыл Бəйімбет бабамызды менің іздестірмеген себептерім:
•
Совет кезеңінде жас маман болғасын жұмыстан сұранудың қиындығы, демалыстың
аздығы;
•
1991-1997 жылдағы қаражаттың тапшылдығы;
•
Əке-шешенің сал болып аурғандықтан күтімнің керектігі (1997-2005 ж.)
Екінші
Елден бірінші болып 2004 жылы Мұхаммед Мезгілбайтегі «Бəйімбет» (Алматы, Абзал-
Ай баспасы) атты кітап шығарды. Мұхаммед ағамыз Бəйімбет ауылының азаматы, Алматының
КазГуын бітірген, мамандығы журналист, лауазымды қызметтерде істеген. Көп жыл
Казтелерадионың бас редакторы болып, жасы келгесін зейнеткерлікке шықты. Бұл кітапта
Ресей жеріндегі Бəйімбет елінің тарихы, ел азаматтары көркем суреттелген жəне Бəйімбет
батырдан тараған ұрпақтың шежіресі жазылған.
Үшінші
11
Мен Абзал ағаммен 2008 жылдың тамыз айында əдейілеп кесенеге барғанымызда
көргеніміз - зираттардың барлығы алынып тасталғандықтан жерленген 130 адамдардың
(хандардың, сұлтандардың, билердің, батырлардың) тізімі тақтаға жазылыпты. Бірақта сол
тізімде Бəйімбет бабамызды таба алмадық. Біз Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің басқару
мекемесінің ғимаратына келіп ғылыми бөлімінің бастығы Рахия Сүлейменқызымен кездестік.
Ол кісі бізге 1977 жылдан бастап кесенеде жүргүзілген жұмыстарды атады, шығарылған
кітəптарды көрсетті. Бірақта арасынан Бəйімбет бабамыз туралы деректер болмады. Қазба
жұмыстарын жүргізгенде 1000 адамнан артық адамдардың сүйектері табылып кесененің бір
бөлмесіне жерленген екен. Рахия Сүлейменқызы бізге Бəйімбет бабамыздың жерленгені
туралы деректер, тарихи дəлелдер болса алып келіңдер, зерттегеннен кейін шешім
қабылданады деді.
Əттең дүние, осындай батыр аталарымыздың өмір тарихын, жауынгерлігін ертегідей
айтып отыратын, ескі əңгімелерді рет-ретімен, жөн-жөнімен өрбітіп, сала-саласымен таратып
айтып беретін баяғы қариялар бұл күнде дүниеден өткен.
Ал, оқыған, көзі ашық, ескіні де, жаңаны да білетін есті азаматтардың алғашқы легін
1918-1928 жылдары «бай, құлақ» деп бір құртты, қала берді 1937 жылы «халық жауы» деп екі
құртты, одан кейінгі зиялы азаматтардың бір толқынын 1941-1945 жылғы соғыс жалмады.
Солардан қалған біздің əкеміз Жұсып қажы, оның замандастары, ауылдастары, достары
(Мұқаш, Ғазез, Сөйін, Қабдолла, Мұқатай, Шəмшидден, Мұхаммеджан, Қабыш т.б.) өз
заманында қуғын-сүргін көріп кеңес үкіметінің құрсауынан қорқып өмір сүргендер. Олар
Кеңес үкіметін орнату кезіндегі тұрмыстың қиыншылығынан, соғыстың əуре азабынан үлкен
ұлағат алған топ. Сондықтан да жүректері шайлы болып өскен. Түйгенімді айтсам - бұл
кезеңде өмір сүрген азаматтардың мақсаты Бəйімбет ұрпағын Ресей жерінде аман алып қалу,
жалғастыру еді. Өмір оны көрсетіп отыр - олар оны орындады да.
Төртінші
2009 жылы Найман Хайролла «Дүние Даурен» (Дəуір баспасы, Алматы) атты кітап
шығарды. Хайролла ағам менің əкем Жүсіп-қажының туған інісі, Бəйімбет ауылының азаматы,
қажы. Алматының Нархозын бітірген, мамандығы экономист, көп жылдар Алматы саудасын
басқарған. Зейнетке шыққасын бұл кітапта Бəйімбет батырдың Қожа Ахмет Яссауи
кесенесінде жерленгенін, елінің тарихын, ел азаматтарын жəне өз жанұясы туралы көркем
естелік жазды.
Бесінші
12
Мен 2010 жылдың қаңтар айында əдейілеп Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып
тағыда Рахия Сүлейменқызымен жолықтым. Қызметі өзгергендіктен ғылыми бөлімінің
жаңадан келген бастығы Нұрлан Дүкенбаевен таныстырды. Өзіммен əкелген дерек-кітəптарды
көрсеткеннен кейін, тағыда қосымша деректердің (қосымша мақалалар, кітəптар) қажеттілігі
екені белгіленді. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы директоры
Садықбек Мəулен Жарылқасынұлымен танысып Бəйімбет бабамыздың атын тізімге тіркеуін
сұрап өтініш жаздым. Осы өтінішті қанағаттандыру үшін Кесененің ғылыми бөлімі
тапсырылған жəне қосымша қосатын деректерді зерттегеннен кейін Бəйімбет атамыз туралы
арнайы шешім қабылдайтын болды.
Алтыншы
«ПРЕЗИДЕНТ жəне ХАЛЫҚ» газетіне (№ 11 (237), 12 наурыз, жұма, 2010жыл) 6 бетте
Бəйімбет батыр атты мақала шықты – авторы Ғалымжан Найманов. (Қосымша № 1)
Жетінші
«ҚАЗАҚ» газетіне (№ 21-22 (482-483), 21-28 мамыр, жұма, 2010 жыл) 8 бетте
Бəйімбет батыр атты мақала шықты – авторы Қанат Тəкебаев. (Қосымша № 2)
Сегізінші
Бəйімбет батыр туралы жазылып шығарылған осы кітап.
Осы мақалаларға орай мен де өз ойымды айтайын. Мың өлiп, мың тiрiлiп, осыншама
кеңбайтақ жердi, елдi сақтап келген ата-бабалар ерлiгiн қанша жазсақ та көптiк етпейдi. Бүгiнгi
бiздер үшiн жанын пида еткен, батыр бабаларымыздың тарих қойнауынан ортамызға қайта
оралғанына қуанамыз. Əлi де болса тарих өзiнiң сан ғасырлық қатпарларында сансыз
батырларды, билердi, əулиелердi жасырып жатқаны күмəнсiз. Уақыты келгенде оларды
зерттеп, тарихи шындықты қалпына келтiрiп, тарихтағы өз орнын беру – бiздiң бабалар
аруағының алдындағы ұрпақтық ұлы мiндетiмiз.
Мақалада айтылып отырған Бəйімбет батыр да сондай елеуге, ел тарихына қайта
оралуға тиiстi тұлғаның бiрi екенi анық. Сол себептен де қазiргi ұрпақтарының іздеу салып,
жоқшы болып жатқаны кiм-кiмдi де қуантарлық əрi құптарлық..
Ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Жауын қуып, өрт боп тынбай жортқан
13
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Даланың селі, желі, шелі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
Шындығында ерлер туралы туған жер де, сағымды бел де, соққан жел де, қуарған шөл
де сөйлеп жатқанда, кейінгі ұрпақтарының борышы Бəйімбет батырдың өмірі мен ерліктері
жөніндегі деректерді құнттап жинап құнды еңбек жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |