Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз



бет6/14
Дата03.04.2023
өлшемі1,1 Mb.
#78834
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Информатика 4-тоқсан 11-сынып

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 11

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

«Инфографиканы құру» практикумы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



11.5.3.4 - маркетингтік жарнама құру (инфографика, бейне)

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Инфографика дегеннің не екенін біледі;

Көптеген оқушылар:

Маркетинг жарнаманы (инфографика, бейне) қалай жасау керектігін сипаттай алады;

Кейбір оқушылар:

Инфографика жасайды.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

ҚБ: жұлдыз / 2 балл/





1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.

Жұлдыз
2 балл



Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Педагог сабақтың мақсаттарымен таныстырады.


Мәтінді «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып
отырады:
+ - мұны білемін;
- мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты;
v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің
түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Топтық жұмыс
Карточкаларды (инфографика) үш топқа бөлу: өте жақсы, жақсы, жетілдіруді қажет етеді. Өз
таңдауыңды түсіндір.
- Инфографика жасауға қандай талаптар қояр едің?
Жеке жұмыс
Оқулық материалын зерттеп, инфографика құруға тағы қандай талаптар мен ұсыныстар туралы
білгеніңді айтып бер.
ДК-мен жұмыс
Canva.com. ресурсын қолданып, инфографика құру.
1. Кез келген браузерді қосып, Canva.com. сайтына кір.
2. Кіру үшін аккаунт ашу.
3. Шаблон – Инфографиканы таңда.
5. Білім беру шаблонын таңда.
6. Өзгерістер енгізіңдер: мәтін, графикалық нысандарды, т.б. қосу.
7. Қажетті параметрлерді пішімдеуге тапсыру. Суреттер үшін сүз-
гіні, ашықтығын, кереғарлығын, тұнықтығын баптау. Орналасуына,
тұнықтығына тапсырыс беру.
8. Сенің файлың автоматты түрде сақталады.
9. Инфографикаң дайын болғаннан кейін, тиісті форматты таңдап, файлды сақтай аласың.

Мұғалімді тыңдайды




Презентация


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Смайлик»
барлығын түсіндім
менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

Келесі сабаққа ақпарат дайындау: инфографика жасайтын тақырыпты таңдау. Ортақ ресурсқа өз
тақырыбың бойынша мәтіндік, графикалық … ақпараттарды жинау













Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет