Мәтінді «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып
отырады:
+ - мұны білемін;
– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты;
v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің
түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Топтық жұмыс
Карточкаларды (инфографика) үш топқа бөлу: өте жақсы, жақсы, жетілдіруді қажет етеді. Өз
таңдауыңды түсіндір.
- Инфографика жасауға қандай талаптар қояр едің?
Жеке жұмыс
Оқулық материалын зерттеп, инфографика құруға тағы қандай талаптар мен ұсыныстар туралы
білгеніңді айтып бер.
ДК-мен жұмыс
Canva.com. ресурсын қолданып, инфографика құру.
1. Кез келген браузерді қосып, Canva.com. сайтына кір.
2. Кіру үшін аккаунт ашу.
3. Шаблон – Инфографиканы таңда.
5. Білім беру шаблонын таңда.
6. Өзгерістер енгізіңдер: мәтін, графикалық нысандарды, т.б. қосу.
7. Қажетті параметрлерді пішімдеуге тапсыру. Суреттер үшін сүз-
гіні, ашықтығын, кереғарлығын, тұнықтығын баптау. Орналасуына,
тұнықтығына тапсырыс беру.
8. Сенің файлың автоматты түрде сақталады.
9. Инфографикаң дайын болғаннан кейін, тиісті форматты таңдап, файлды сақтай аласың.