Ақын-жыраулар өлеңдеріндегі өнер Ой-толғамдар өнер тақырыбына келгенде барынша тақырыптың ауқымды екенін атай отырып, байырғы ақын-жырауларымыздың ақындық және шешендік өнерге берік болғандығын айта аламыз. Тіпті Шәкәрім Құлайбердіұлы осы бір жыраулар поэзиясындағы жырлар мен жыраулардың соншатықты нақышқа келтіре отыра керемет өлеңдер қалдырғанын басып айтады.Яғни,Шәкәрімнің бұл шырылынан жыраулар поэзиясында келте өлеңдер көп болмағанлығын аңғара аламыз. Мысалы, “Ескі ақындық” өлеңінде:
“Мұны оқыған ұландар,
Үмбетей жырын тыңдаңдар! Байқап оқып әрбірін,
Ақылға салып бар сырын,
Не деп отыр, көр түрін.
Абылайдың алдына,
Салып отыр, көрдің бе,
Басынан кешкен тағдырын,
Сыртын ұқпа, мұны аңғар!
Бүгінгілер айтса жыр,
Буыны бірдей бәрі бір.
Үмбетейше құбылтып,
Сала алмайды басқа түр.
Тақылдатып айтсақ та,
Ұйқасқа жылдам қайтсақ та,
Аяқты бірдей бассақ та,
Шықпайды бізден терең сыр.
Жырдың жайын білмейтін
Бізде осындай ылаң бар.
Ескі ақын бізден әлі артық,
Ол кезде туған бала артық,
Жасымыздан шал артық,
Тақпақ пен мақал тағы артық,
Суырып салма жағы артық.
Айтады олар ойланбай,
Сыпыра жырау, Шортанбай, Үмбетей мен Марабай, Алды-артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландар!”
Бұл өлеңнің түпкі ойы бұрынғы өлеңдергі бүгінгінің өлеңдері жетпейтіндігін,асқан әсемдікпен, шеберлікпен жазылғандығын,Үмбетей,Сыпыра,Шортанбай,Марабай ақындардың қайталанбас өнерлі, өр тұлға екендіктері сөз етілген.Мұндай өнерлі тұлғалардың өнерін дәріптеп жазу үлгісі Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасында да кездескен:
”Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда, Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр”,-дейді.
Яғни мұнда да түсіндірме дәйектерді қажет етпейтін,жұмулы көзге көрінер факт айтылған.
Келесі бір кезекте дәл осы “өнер” концептісін өз жырына қосқан Тұрмағамбет Ізтілеуұлының өлеңіне қарай бет бұрсақ: “Ақыл — тон, андағанға тозбайтұғын,
Ғылым — кен, күнде өніп қоздайтұғын.
Иелік екеуіне еткендердің
Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.
Адамды әрлі-берлі үйірілдіріп
Сияқты тұрмыс - толқын қозғайтұғын.
Өнер мен кен— ғылымға уақытың барда,
Себеп не сыбанып қол созбайтұғын.
Қатарың қалмай шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын?!
Көшке ермей, өз бетінше қаңғалаған,
Ботадай боз тақырда боздайтұғын.”
Қорытынды: Өнер – өміртанудың бір мектебі. Көркем, сұлу мектеп. Көпшіліктің қолы жете бермейтін, бірақ көрермен бола алатын, сол арқылы бәрібір іштесіп, көңілі сезіп, жаны сусындайтын мектеп. Әл-Жамал (Ең Сұлу, Сұлулық Иесі) жаратқан жарық дүниенің өзі – сұлулық көрмесі. Көрмені көретін көзге тәрбие керек. Өнер – сол тәрбие мектебінің бірі. Өнердің миссиясы осы жерде анықталады: Сұлулықты танып, паш ету; Сұлулық арқылы Өмір мәніне үңілдіріп, түбінде түп Иесімен қауыштыру. Өйткені Өмір сүру, Тірлік кешу дегеніміз – Сұлулық пен Мән-мағына іздеу… Өнердің мазмұны шексіз болғанымен, түрі-қалыбы – Ұлт қасиетіне табан тірейді. Ұлтына қызмет ету арқылы, яғни ұлттың Жан-дүниесін әсемдеу, ізгілендіру арқылы – Адамзат көшін көрікті етеді.
Пайдаланылған әдебиет: 1.Х.Сүйіншәлиев “Қазақ әдебиетінің тарихы”
2. https://bilim-all.kz/olen/365-Eski-aqyndyq
3. https://kazislam.kz/oner-mani/
4. https://stud.kz/referat/show/74997