Қорытынды
12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін мектептің, жергілікті қауымдастықтың, әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты бөлу қажет.
Мектепті басқаруда білім берудің сапасын үнемі өзіндік тәртіппен бағалауды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Жаңа жағдайда сапалы білім беру білім алушылардың түрлі саладағы қызметте проблемаларды өз бетімен шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін олардың білімдік және жеке жетістіктері деп түсіндіріледі.
Тұтастай алғанда қазақстандық жалпы орта білім беру мемлекеттің даму міндеттерімен сәйкес келуі тиіс және қазіргі замандағы бәсекелестікті қамтамасыз етуі қажет. Білім беру сапасын арттырудың ықпалы мынадай болуы тиіс:
есеп беру және басшылық, басқару, тиісті құжаттарды әзірлеу жүйесін жетілдіру;
білім сапасын диагностикалау мен мониторингтеу мектеп қызметінің жүйесіне;
тұлғалық-қызметтік, құзыреттілік тәсілдерге негізделген оқытудың әдістемелік жүйесіне;
ойластырылған әкімшілік орталықтандыруды, мектептерді басқаруды жүзеге асыруға;
әр түрлі қажеттіліктермен бірге балалардың құқығын қаматамасыз ету мақсатында балаларды ерте жастан диагностикалау үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және оларды дамыту үшін білім беру орталарын құру;
білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік жүйесін енгізуге.
Білім беру ұйымдары білім беру процесіндегі өзін өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін жетекші технологияларды игеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |