Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, копия, копия, копия



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата27.09.2023
өлшемі1,46 Mb.
#110959
1   2   3   4
СІРКЕ ҚЫШҚЫЛЫ


Сіреке қышқылы бактериялары табиғатта кең таралған. Көбінесе олар пісіп тұрған жеміс-жидектер
сыртында, шарапта, кваста, ашыған овощтарда, сүрлемеде кездеседі. Сірке қышқылы
бактерияларының ерекше қасиеті – олар органикалық заттарды ақырғы өнімдер емес, тек
органикалық қышқылдарға дейін тотықтырады.
Сірке қышқылы бактерияларының бұл қасиетін практикада сірке суын алуда қолданады. Сірке суы
практикада бірқатар мақсатта қолданылады. Онымен асты дәмдендіреді, әртүрлі паразит
микроорганизмдердің тіршілігін тоқтату үшін ыстық жақ тұрғындары сірке суды ішетін суға қосады
және тәбет ашу үшін асқа пайдаланады.
Сірке суын түрлі жолдармен өндіреді. Шарап және сыра шикізат ретінде алынғанда олардың
құрамындағы спирт сірке қышқылы бактерияларының әсерінен тотығады. Ерте кезде Германияда
сіркені күшті шараптардан даярлайтын болған, ал Франция, Испания және Грецияда оны жүзім
шарабынан өндірген.


Тұрмыста сірке суын қандай да болмасын ашыған жеміс шырындарынан алуға болады. Бұл кезде
алғаш спирт түзіледі де, кейін одан сірке қышқылы алынады. Сапасы өте жақсы сірке суын жүзім
шарабынан француз әдісімен, яғни Орлеан әдісімен алады. Бұл әдіспен сірке өндіргенде алдымен
200 литрлік бөшкелердің үштен бір көлдеміне құрамында таза сірке бактериялары бар күшті шарап
сіркесін құяды. Осыдан кейін әрбір бөшкеге 10-15 литрден жүзім шарабын қосады. Әрбір апта сайын
бөшкелерге көрсетілген мөлшерде қайталап жүзім шарабын қосып отырады. Сөйтіп сірке суы 5-6
жұмада даяр болады. Бірақ оның барлығын бөшкеден ағызып алмай, тек 10-15 литрін алып, орнын
соншама жүзім шарабымен толтырады. Сөйтіп сірке суын үздіксіз өндіруге мүмкіндік болады. Одан
дәмді, иісі жақсы, жоғары сапалы суы алынады.


Қауіпсіздік мақсатында тағамға әртүрлі химиялық консерванттар қосылады. Жақында химиялық
шығу тегі азық-түлік қауіпсіздігі қосылыстарының орнына микробқа қарсы агент ретінде қызмет
ететін табиғи қосылыстар қолданылды. Осы табиғи қосылыстардың ішінде органикалық
қышқылдар үлкен үлеске ие.
Азық-түлік қауіпсіздігі жаһандық денсаулық және әлеуметтік-экономикалық мәселе болып
табылады, өйткені көптеген адамдар әлі де қауіпті тағамды тұтынудан туындаған әртүрлі
аурулардан зардап шегеді. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тамақ өнеркәсібіндегі
ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады және тағам құрамын құрастыру кезінде ғана емес,
оны пайдалану және сақтау кезінде де ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет