Тотығу процесінің ішінде тұрмыста кең таралғаны сірке қышқылы ашу
процесі. Бұл процестің де биохимиялық табиғатын 1862 жылы Л.Пастер
ашқан болатын. Қандай да болмасын құрамында аздаған мөлшерде
спирті бар (шарап, сыра) сұйықты ауалы жерде қалдырса-ақ болғаны
оның бетінде сірке қышқылы бактерияларынан жұқа қабат пайда
болады да, ортада сірке қышқылы пайда түзіледі. Этил спиртінің
тотығуы екі сатыда жүреді. Алдымен сірке альдегиді түзіледі де,
соңынан ол сірке қышқылына дейін тотығады:
2СН3СН2ОН+О2=>2CH3CHO+2H2O;
2CH3CHO+O2=>2CH3COOH
Достарыңызбен бөлісу: