47
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ
Сәбидің порциясы 300 мл аспауға тиіс (шамамен 1,5 стақан).
Қосымша 2 рет тамақ беру бұрынғыша қала береді: жемістер, бөлкемен қатық немесе айран ет
немесе ішек-қарын қосылған самса, қаймақ жағылған құймақ.
Балаға тәтті тағамдарды (кәмпит, шоколад, тітті нан, торт), оның ішінде тәтті газдалған сусын-
дарды, қуырылған картопты (фри), тым тұзды, қышқыл, ащы немесе дәмдеуіштер салынған
тамақты беруге болмайды. Бала ойнап немесе жүгіріп жүрген кезде тамақ беруге болмайды.
Тамақ ішкен кезде бала тыныш отырып жеуі керек. Бұл кезде оны ересек адамдардың қарап
отырғаны дұрыс. Бұл жаста баланың тәбеті жақсы болуы да, нашар болуы да, сонымен қатар
тамақ жеумен байланысты басқа да проблемалар болуы мүмкін – бұл әбден қалыпты жағдай.
Бала тамаққа өзіндік қарым-қатынасы арқылы өзінің дұрыстығын дәлелдегісі келеді. Сөйтіп,
оның бойында тәуелсіз болу сезімі қалыптасалы, ол бәрін де өзі істегісі келеді. Осылай жүріп
ол бәрін былғайды, көптеген артық қимылдар жасайды, бірақ мұның бәрінің де баланың дамуы
үшін маңызы бар.
Осы жаста балалардың барлығы қажетті тағам мөлшерін (1,5 стақан) өз беттерімен жей алатын
халде екенін ұмытпау керек, сондықтан ата-аналар мен отбасының бала күтімімен айналысатын
барлық мүшелері «белсенді тамақтандыру» қағидатын пайдалануға тиіс. Бұл балаға тәрелкеден
тамақты теріп жеуге көмектесу, оны мақтау, ойын компоненттерін пайдалану – тамақтандыру
үдерісіне отбасы мүшелерін тарту, ойыншықтар және т.б. көмектесу қажет екенін білдіреді.
Тамақ ішу үдерісі балаға тек қарнын тойдыру үшін ғана емес, сондай-ақ қызықты болуға тиіс,
тамақ ішу балаға танымдық әрі ойын сәті секілді болуы, тек жағымды эмоция қалдыруы керек.
Осы жастан бастап ата-аналар тамақ ішумен байланысты баланың бойында гигиеналық (ауыз
қуысының гигиенасы, қол жуу, алжапқыш тағу, майлық пайдалану және т.б.) дағдылардың
қалыптасуына ықпал етуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: