Оқу-әдістемелік құрал
46
тамақтың қауіпсіз екенін бақылаңыз:
ол үшін тамақ дайындаған кезде гигиеналық талап-
тарды сақтаңыз – таза және қайнатылған суды, бактериялық және химиялық ластану қаупі жоқ
азық-түлік тағамдарын пайдаланыңыз. Сәбидің тамағын дұрыс сақтау: 1 жылға дейін сақтамау
қажет және тамақты бір рет жейтіндей етіп дайындау керек. Бір жастан асқан бала үшін тамақты
салқын жерде таза жабық ыдыста сақтаңыз. Тамақ берген кезде қолыңызды және бала тамақ
ішетін ыдысты таза ұстаңыз, бөтелкелерді пайдаланбаңыз, кесе мен қасықты пайдаланыңыз.
Баланың тамақ ішетін ыдысының бөлек болғаны дұрыс.
Басында бала қосымша тамақтан бас тартуы мүмкін. Бұл - тамақ оған ұнамайды деген сөз. Ол
кейіннен үйренеді, сондықтан жартылай қатты тамақтың түрін ауыстыруға асықпаңыз.
1 ЖАСТАҒЫ БАЛА отбасында дайындалатын тамақтың бәрін жейді. Ол енді түтас жұмыртқаны
жей алады, апельсин шырынын, табиғи сиыр сүтін немесе айранды іше алады. Егер балаға
қандай да бір тамақ ұнамаса, оны мәжбүрлемеңіз, шыдамдылық танытыңыз, біраз уақыттан
кейін қайта беріп көріңіз. Балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз. Бала да ересектер секілді күніне
3 рет тамақ жейді – бұл негізгі тамақтану. Бір тамақтанғанда бала 17-20 ас қасық немесе 1,5
стақан (300 мл кем емес) тамақ жеуге тиіс. Балаға күніне 2 рет қосымша тамақ беріңіз. Қосымша
тамақ ретінде сіз нанға май жағып беруіңізге; түрлі салмалары бар самсалар мен пирогтарды
(көкөніс, жеміс, ет, сүзбе немесе оларды араластырып); жеміс және қаймақ араластырылған
сүзбелер; жаңа піскен жемістер; жаңа жұлынған немесе пісірілген көкөністерді ұсына аласыз.
Бала отбасында әзірленетін тамақтардың барлығын дерлік жей алса да, ана сүті бұрынғысынша
маңызды. Бір дастарханның басында отырып ас ішу мынадай негізгі қағидаттарды сақтай оты-
рып, жүзеге асырылады:
Көкөністер ұсақ үккіштен өткізілген немесе ұсақ етіп туралған, ет майсыз, пісірілген, ұсақтап
шабылған немесе еттартқыштан өткізілген, жемістер қабығынан аршылған, үккіштен өткізілген
немесе жіңішке етіп туралған болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: