Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы
Мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасы
«Балбөбек» бағдарламасы Алматы -2006 жыл
Л.И.Пензулаева
Физкультурные занятия с детьми 5-6 лет
Жаттығу – денсаулықтың қайнар көзі
Шымкент – 2006 жыл
Құрастырушы-автор: Ә.О.Мукушева Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшесі,
№93 «Балапан» балабақшасының әдіскері, Қызылорда қаласы
________күні ______айы
Бекітемін
1 ші педагогикалық кеңестің ЖШС "Зереде" балабақшасының
меңгерушісі : С.Майлыкутова
шешімімен қабылданды
Мектепке дейінгі ересек жас балаларына арналған «Сиқырлы сандар»
бағдарламасы
( Вариативтік компонент)
Кіріспе Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану өте маңызды. Себебі, 5-6 жастағы балалар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді, берілген тапсырманы тез қабылдайды, зейін қойып, оны орындауға асығады.
Ұсынылып отырған «Сиқырлы қалам» вариативтік бөлік бағдарламасы балалардың бойына математикалық білімге деген қызығушылықты сіңіру және білімді өздігінен меңгеруге талпынуды дамыту мақсатында құрылған. Сонымен бірге базалық міндетті бөлімде баланың алған білімін одан әрі тереңдетіп, жетік меңгеруіне жағдай жасайды. Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемі арқылы бүлдіршіндер әр түрлі заттарды санауды үйренеді және жаттығады. Соның нәтижесінде «Қанша?» «Нешінші?» сұрақтарына жауап беріп, санау қажеттігін игереді.
Ойын түрінде берілген математикалық тапсырмаларды орындау нәтижесінде балалар заттардың екі тобын салыстыруды, артық, кемді анықтауды үйренеді. Оқу жылы барысында берілген білім «Математикалық эстафета» бөліміндегі тапсырмалар бойынша тексеріліп, қорытындыланады.
«Сиқырлы қалам» вариативтік бөлік бағдарламасында берілген тапсырмалар балалардың математикалық түсініктер мен ұғымдарды жеңіл игеруіне ықпал етеді деп ойлаймыз