1.2 Халық шаруашылығында осы мiндеттердi шешудегі жер
кадастрының ролi және практикалық маңызы
Еліміздің жер қорын басқару, оны қорғау, тиімді пайдалануын
ұйымдастыру оларды жер кадастры жүйесінде жан-жақты зерттеуін талап
етеді. Сондықтан жер кадастрының халық шаруашылығында рөлі өте жоғары
және мемлекеттік шара болып саналады. Жер кадастры жерге деген
мемлекеттік меншік пен жеке меншіктілікті бұзбау принцибінде тұрады.
Сонымен қатар жерді пайдаланушылар мен иеленушілердің заң жүзінде
берілген жерге деген құқығын қорғайды және жердің нысаналы пайдалануын
мемлекеттік тарапынан бақылауына мүмкіншілік жасайды.
Жер қорларын ұтымды және тиімді пайдалану – халық шаруашылық
маңызды мәселе. Ол халық шаруашылық салалары арасында жерді дұрыс
үлестіруді, қоғамға керек ауыл шаруашылық өнімді толық алуды,
топырақтың құнарлығын сақтау және жүйелі түрде жоғарылатуды көздейді.
Осы мәселені шешу үшін жер кадастрын толық, қомақты жүргізу керек.
Ұйымдастыру-шаруашылық қызметін атқара отыра, мемлекет жер иесі және
аумақтық басымдылық құқығын тұтқасы ретінде бірыңғай жер қорын
басқаруды жүзеге асырып, жер кадастрына ерекше мемлекттік мәнділік
береді.
Өндірістің дамуымен оның төңірегіне табиғи қордың шоғырлану үлесі
өсе береді де, сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық,
биологиялық процестердің өзара байланысы күшейе түседі. Өндіріс тек қана
материалдық игілік жасаумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғау, табиғатта
экологиялық тепе-теңдікті сақтау тиіс. Осыған байланысты табиғат
қорларын, соның ішінде жер қорларын қорғау ең бір маңызды халық
шаруашылық мәселе, сондықтан оған мемлекеттік назар аударылады.
Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болып топырақтардың
құнарлығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан,
11
өнеркәсіп шығарындыларынан ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы
қалпына келтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін
еліміздің жер қорларын сапалық жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат
жинақталуы және болуы керек. Сонымен қатар ғылыми негізде
ұйымдастырылатын шаралар жер қорларының сапалық жай-күйін жан-жақты
зерттеу және есепке алуға негізделеді. Бұл мәліметтер жер кадастры
жүйесінде толық деңгейде болады.
Жер кадастры жердің бөлу және пайдалану кезіндегі нақтылы жай-күйін
анықтайды және осыған орай жер қорын мемлекеттік тарапынан басқаруды
және оның халық шаруашылығында дұрыс нысаналы пайдалануын
қамтамасыз етеді.
Мысалы, алқаптардың бір түрінен екіншісіне аудару керектігін негіздеу
үшін олардың нақты жай-күйін білу қажет, сондай-ақ олардың көлемі,
кеңістікте орналасуы, бедері, топырақтары, геоботаникалық құрамы,
шаруашылық пайдалану және т. б. туралы толық мәліметтер болуы қажет.
Сондықтан жерді әртүрлі санаттарға жатқызу және бір түрінен екіншіге
аудару реті ҚР жер кодексінде анықталады және мемлекеттік жер кадастры
мәліметтері негізінде белгіленеді.
Жер қорларын жақын және алыс болашақта пайдалануға байланысты
алқапты бір санаттан екіншіге ауыстыру, жерге орналастыру схемаларында
белгіленген жоспарлар мен болжауларға сәйкесті мемлекеттік ұйымдар
арқылы жүзеге асырылады. Ал жаңа немесе жұмыстағы құрылысты ұлғайту
жер қорларын іздестіруді талап етеді, оларды мемлекеттік босалқы жерлер
қорынан немесе басқа да бұрынғы жер пайдаланушылардан алады.
Сонымен, мемлекет жер қорының санаттарға алғашқы жіктелуін жердің
сандық және сапалық көрсеткіштері, олардың орналасуы және
шаруашылықта пайдалану жайындағы жер кадастрының мәліметтері
негізінде жүргізеді.
1.3 Жер кадастры пәнi және оның ғылым ретiнде саналуы, баска да
кәсiбиленген пәндермен өзара байланысы
ҚР жер туралы заңдарына сәйкес жер қорларын тиімді пайдалануын
қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және
шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы
пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардык сапалық сипаттамасы
туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық
кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып
табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты
субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер
мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу; жер алқаптарын сандық
және сапалық есепке алу; топырақты бонитеттеу; жерлерді экономикалық
тұрғыдан бағалау.
12
ҚР Жер кодексі бойынша жер кадастрының кұрамдас бөлігі болып
суармалы жердің мелиорациялық кадастры саналады, ол суармалы жер
учаскелерінің мелиорациялық жай-күйі, олардың табиғи және ирригациялы-
шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау
туралы, оларды пайдаланудың eceбi туралы мәліметтер жүйесін құрайды.
Жоғарыда айтылғандай мемлекеттік жер кадастры - халық шаруашылық
маңызды мәселе. Оның деректері жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыру
және қорғау, халық шаруашылығын жоспарлау, ауыл шаруашылығы
өндірісін дұрыс орналастыру және мамандандыру, жерді мелиорациялау мен
ауыл шаруашылығын химияландыру, сонымен қатар жерді пайдаланумен
байланысты басқа да халық шаруашылық шараларын ұйымдастыру үшін
қызмет етеді.
Олай болса, жер кадастры – бұл жердің құқықтық, табиғи және
шаруашылықтық жағдайын жан-жақты зерттейтін мемлекеттік шаралар
жүйесі. Ол үшін жер пайдалануды тіркеу, оның саны мен сапасын есепке алу,
топырақты бонитеттеу және экономикалық тұрғыдан бағалау жұмыстары
жүргізіледі және бұның бәрі халық шаруашылығында жерді тиімді
пайдалануға бағытталған.
Әрине жер кадастры толық мемлекеттік жүйе және жер пайдалануды
басқарудың өзіндік функция ретінде кешірек қалыптасты, бірақ жерді есепке
алу және бағалау арнаулы және өзіндік шаралар түрінде жүргізілді де жер
қатынастарын реттеудің маңызды құралы болып мемлекетке қызмет етті.
Барлық жерлерді есепке алу және жер пайдалануды тіркеу тәртібін
анықтайтын негізгі нормативті акт ретінде 1954 жылы 31 желтоқсан айында
"ССРО жер қорын біртұтас мемлекеттік есепке алу туралы" ССРО
Министрлер кеңесінің қаулысы саналды және ол жер пайдалануды тіркеу
мен есепке алудың бір жүйесін белгіледі. Сол кезде үлкен көлемде арнаулы
тексеру және түсіру жұмыстары жүргізілген болатын, осыған орай жердің
сапасы жайында ақпарат банкін құруға мүмкіншілік болды да жерді есепке
алу және бағалау нәтижелерінің деңгейлері артты.
Қазіргі кезде «жер учаскесі» кадастрдың негізгі есепке алу бірлігі
болғандықтан барлық операциялар сонымен жүреді, жер ақылы
пайдаланатын болды, жер учаскелерін иеленушілер мен пайдаланушылардың
құқығы заң жүзінде қорғалады.
Қазіргі жер кадастрына тән қасиет оның көпфункциялығы, үйткені
кадастрлық іс-әрекеттерді орындау әдістері бірнеше және міндеттері де
күрделі деуге болады. Осыған байланысты ҚР жер кадастры өзара
байланысқан келесі блоктардан тұрады: құқықтық, қаржылық және
көпфункциялық.
Мемлекеттік жер кадастры жер қорларын басқаруды оңтайландыру үшін
қажетті бірқатар маңызды істерді жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайды:
- құқықтық қатынастар саласында – мемлекеттік кадастрлық есепке алу
жұмысын және Жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін автоматтандырылған
жүйеде орындау, жеке меншіктілер, иеленушілер және жалға беру
құқықтарын нақтылы қорғау және бекіту, кадастрлық ақпараттарды беру.
13
- экономика саласында – жерді кадастрлық бағалауды қамтамасыз ету
және бюджетке жер салықтары мен төлемдердің түсуі, жердің нарықтық
айналымын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету, жерден салық алу
механизмін жетілдіру.
- жер қорларын тиімді пайдалану және қорғау саласында – болжау,
жоспарлау және жобалау, мемлекеттік бақылау жүргізу, жер дауларын шешу
және т. с.с. үшін толық және шынды ақпараттар беру.
Қазіргі заманда жер кадастрының ең негізгі міндеті оның
автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өзегі болып келетін жер
ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпаратты-есептеуіш жүйесін (ЖКААЖ)
құру болып саналады. Бұл жүйенің негізгі міндеттері мыналар: басқару
органдары, әртүрлі мүдделі ұйымдар, ведомстволар, заңды және жеке
тұлғаларды жер кадастры мәліметтері жөнінде ақпараттық, есептеуіштік
және аналитикалық қызмет ету.
ЖКААЖ – бұл мемлекеттік ақпараттық жүйе.
ЖКААЖ құрудың негізгі мақсаты - жер қорларын басқарудың барлық
сферасын жер кадастрын заманға сай жоғарыөнімді компьютерлік
технологияларды қолданатын жаңа әдістер мен жүргізу түрлеріне көшу.
Мемлекеттік жер кадастрын ұйымдастыру, жүргізу және қамтамасыз
етуді орталық атқарушы орган – ҚР жер ресурстарын басқару Агенттігі, оның
аумақтық органдары және өндірістік бөлімшесі – жер ресурстары мен жерге
орналастыру Мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы жүзеге асырады.
ҚР аумағында ЖКААЖ мемлекеттік ақпараттық инфраструктура ретінде
қаралады.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру құрылымы және
оның республикадағы автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үш деңгейлі
әкімшілік-аумақтық иерархиялық құрылымы бар - республикалық, областық
және аудандық.
ЖК ААЖ әр деңгейінде қызмет етудің негізгі міндеттері мыналар:
- жер-кадастрлық ақпараттардың қалыптасуы, жиналуы және есепке алу;
- ақпараттарды өңдеу;
- мүдделі пайдаланушыларға ақпараттарды беру.
ЖК ААЖ республикалық орталығы – барлық әкімшіліктік-аумақтық
деңгейде жер кадастрын автоматтандарылған жүйеде жүргізудің әдіснамалық
координациялық, әдістік және технологиялық органы.
Негізгі міндеттері:
- қажетті жер-кадастрлық ақпараттармен уақытымен және сапалы
қызмет ету;
- жер-кадастрлық ақпараттарды автоматтандырылған өңдеуге бағыттау
үшін ақпараттарды бірыңғай жіктеу және кодтау жүйесін жасау және енгізу,
локалдық классификаторларды бір ізге салу үшін құжаттар түрлерін
дайындау;
- жер кадастрының ақпараттық-есептегіш жүйесі жұмыскерлерін
техникалық оқыту және квалификациясын арттыру;
-
барлық әкімшілік-аумақтық деңгейлерде жер кадастрының
14
автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмысын координациялау.
ЖК ААЖ облыстық және аудандық орталықтары кадастрлық
ақпараттарды автоматтандырылған жүйеде облыс, ауданда сәйкесті
жүргізеді.
Негізгі міндеттері:
- облыстың және ауданның бірыңғай ақпараттық банкін қалыптастыру;
- жер пайдаланушыларды тіркеу, жердің саны мен сапасын есепке алу
жұмыстар ретін жетілдіру;
- мемлекеттік тіркеу мақсатында жер учаскелерін есепке алу,
автоматтандырылған жүйеде аудан және облыс деңгейінде деректер банкін
жүргізу;
- кадастрлық карталарды құрау, жүргізу және кейінннен жаңарту
жұмыстарын жүргізу (шекараларын, жер учаскелерінің кадастрлық нөмірін
көрсету);
- қажетті ақпараттарды жоғарыдағы орталыққа және мүдделі басқару
органдарына, заңды және жеке тұлғаларға беру.
Жер кадастрын оқу көптеген ғылыми пәндердің теорияларына сүйенеді,
олар: ауыл шаруашылығы экономикасы, жер құқығы, жерге орналастыру,
топырақтану, егіншілік, агроэкология, ауыл шаруашылық мелиорациясы,
табиғатты қорғау және т.б.
Жер ресурстары жөнінде деректерді жинау, өңдеу және талдау кезінде
математикалық статистика негіздері, геодезия, фотограмметрия, картография
пәндерінің әдістерін пайдаланады.
Жер кадастрының заты немесе объектісі болып жер ресурстары немесе
қорлары саналады.
Пән жер пайдалану, жердің саны мен сапасын есепке алу, топырақты
бонитеттеу және жерді экономикалық тұрғыдан бағалаудың теориялық
негіздерін және жер-кадастрлық жұмыстарды жүргізу ретін зерттейді.
Қазіргі кезде жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру саласында жер
кадастрының маңыздылығын ескере отырып жоғарғы оқу орындарында жер
ресурстарын басқару және қорғау үшін инженер-жерге орналастырушы
мамандарын дайындау жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары
1 ҚР жер реформасы және оның негізгі міндеттері.
2 ҚР Жер кодексі қашан қабылданды?
3 Жер кадастрының халық шаруашылығындағы рөлі және практикалық
маңызы.
4
Мемлекеттік жер кадастры дегеніміз не?
5 Қазіргі кездегі жер кадастрының негізгі міндеттері қандай?
6 Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және оның
құрылымы, деңгейлері.
7 Жер кадастры және ол қандай агрономиялық пәндермен тығыз
байланысқан?
15
2 бөлім. ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Жер кадастрының жалпы түсiнiгi және мазмұны
Мемлекеттік жер кадастры табиғи қорлар кадастрлары ішінде ерекше
орын алады. Ол жер кадастрының объектісі ретінде жердің ерекшеліктері
және қоршаған табиғи ортаның маңызды құрауыштарының бірі болғанына
байланысты.
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер
туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер
кадастры туындалады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік
кіріс және арнайы салық объектісіне айналды
Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке
алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болды, яғни жер кадастрын
жүргізу қажеттілігі туындалады.
«Кадастр» сөзінің алғашқы түсінігі латынның capitastrum деген сөзінен
шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді.
Кейіннен бұл ұғым Францияда cadastre (реестр) деген ұғымға ауысады және
оны қазіргі кезде қолданады.
ҚР Жер кодексіне (2003 ж.) сәйкесті мемлекеттік жер кадастры
Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер
учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен
шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке
алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге
де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Біздің елде жер кадастрының мемлекеттік сипаты оның халық
шаруашылығын жоспарлау, жер қорларын басқару, жерге деген мемлекеттік
меншікті қорғау, жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру мәселелерін
шешудегі маңыздылымен анықталады. Оларға жататындар: еліміздің
бірыңғай мемлекеттік жер қоры жер кадастрының объектісі болып саналады;
жер кадастрының мазмұны, жүргізу тәртібі, кадастрлық құжаттар түрлері,
кадастрлық мәліметтерді дұрыстау және жаңарту мерзімділігі, есеп беру
түрлері мен мерзімдерін ҚР Үкіметі белгілейді; жер кадастрын мемлекеттік
жерге орналастыру органдары жүзеге асырады және бір жүйеде жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастрының мазмұнына қарай мемлекеттік жер
кадастры мынадай жұмыс түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық iciн калыптастыруды;
2) жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды,
сондай-ақ жер құқығы катынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
5) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
6) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін,
16
сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және
электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық
жүйесін құру мен жүргізуді;
8) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау
мен жүргізуді;
9) жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
10) жер учаскесіне кұқықты куәландыратын кұжаттарды дайындауды
қамтиды.
2. 2 Есепке алу және кадастрдың пайда болуы және дамуы
Есеп жүргізу адамзат қоғамының дамуында ерекше оқиға болып
саналады. Оның қажеттілігі ең алдымен өндірістің сұранысына байланысты
туындалады. Үйткені қай өндірісте болмасын жүргізу процесінде қанша
жұмыс күші, өндіріс құралдары, жерді өңдеу құралдары, материалдар, шикі
заттар керек, солар туралы мәліметтер болмай жұмыс дұрыс жүрмейді.
Сондықтан есеп жүргізу тіпті сонау құлдық дәуірдің өзінде жүргізілген.
Кейіннен феодалдық және капиталистік қоғамдарда дами бастаған.
Феодалдық дәуірде помещик шаруашылығын басқару және бақылау
мақсатында ішкішаруашылық есеп одан әрі дами бастады. Феодалдық
мемлекет жерге негізгі өндіріс құралы ретінде салық салу үшін жер
кадастрын жүргізді. Феодалдық дәуірдің жер кадастры жүйесінде жерді
тіркеу, жерге жеке меншік құқығын заң жүзінде рәсімдеу пайда болды.
Былайша айтқанда жер қорларын зерттеу және жер кадастрын жүргізу
мемлекет пайда болғаннан және салық салудың дамуынан қажеттілігі
туындалған.
Кадастр деген сөздің өзі жоғарыда айтылғандай салық салынатын
заттардың тізімі болғандықтан, бастапқыда жер кадастры салық салынатын
жердің тізімі, ауданы, топырақ сапасы және салық мөлшері жазылатын кітап
болып саналатын.
Жер кадастры туралы алғашқы мәліметтер көне Мысыр, Қытай, Грекия
және Римде байқалған.
Мысалы, Мысыр папирустары біздің эраға дейін Мысырда сапасына
қарай жердің бірнеше санаттары болғанын дәлелдейді. Алғашқы мысырлық
фараондар кезінде салық салынатын жерлердің бағалау тізімдері мұқыятты
жүргізілген.
Батысевропа мемлекеттері сияқты Ресей жер кадастрының дамуы ұзаққа
созылған. Ресейде жерді ең алғашқы рет жазып сиапаттау IX ғ байқалады.
Олар негізінен монастыр және шіркеу жерлері болатын және олар дін
басылардың жылжымайтын мүлігі ретінде қарастырылатын болды, сонымен
жер учаскелері де.
Жерлерде алғашқы рет саны мен сапасына қарай сипаттама жүргізіп
санақ жүргізу жұмыстары XII ғ. жатады.
17
Бізге дейінгі ең көне кадастрлық құжаттар ретінде татар қысымы
кезіндегі жерді сипаттап жазу кадастрлық құжаттарын қарауға болады. Киев
жерлерін алғашқы татарлық жазып сипаттау 1245 ж. жүргізілген. Сонымен
қатар жерді жазып сипаттау жұмыстарын орыс княздері де жүргізеді. Табыс
және татарларға деген алым мөлшерлерін есептеу үшін арнаулы жазу
кітаптары құрылады.
Жерді жазып сипаттау үшін XVI ғ. Жергілікті жарлық атты арнаулы
мекеме құрылады. Жергілікті жарлық жалпы мемлекеттік басқару орталығы
болып саналады, оны құрамына барлық шекаралық, кадастрлық және құлдық
жұмыстар біріктіледі.
Жазу кітаптарының заңды және құқықтық сипаты болады. Былайша
айтқанда жазылған жер кадастрында жерді тіркеу, жердің саны және сапасын
есепке алу және оларды салыстырмалы бағалау мәліметтері жинақталады.
Академик С. С. Соболевтің айтуы бойынша XV, XVI және XVII ғғ.
басындағы жазу кітаптарын алғашқы топырақ-бағалау еңбектері деп санауға
болады және олар өз кезінде жоғары ғылыми деңгейде болған.
1718 ж. Петр I адам басына салық жинауды және жазу кітаптарының
орнына санақ-ревизия енгізеді.
Жерлердің шекаларын өлшеу жұмыстары жүргізіледі және ол үшін
геометрияны қолдану арқылы геодезиялық негіздер енгізіледі.
XIX ғ. екінші жартысында Ресей капиталистік даму жолына кіреді.
Осыған орай жаңа жер кадастрлық жүйені құру керек болады да жер
кадастры одан әрі дамиды.
Социализм кезінде есеп еңбекшілердің мүдделері үшін жүргізіледі және
жер кадастрының даму жағдайы тежеледі.
2. 3 Жер туралы ұғым және оның функциялары
Кез келген мемлекетте жер кадастрының объектісі болып оның жер
қорлары саналады.
Жалпы «жер» деген ұғымды екі мағынада қарастыруға болады:
біріншіден Жер оның табиғи құрауыштары және сипаттамаларымен планета
ретінде, екіншіден – тек Жер беті немесе үстіңгі қабаты. Жер қатынастары,
жерге орналастыру және жер кадастры жағынан белгілі табиғи (кеңістік, жер
бедері, топырақ, өсімдік, сонымен бірге және ормандар, қазбалар, су және б.),
әлеуметтік-экономикалық (өндіріс құралы, байлық, бедел және б.) және
өндірістік (еңбек заты, құрал-жабдығы, тәсілі және б.) сипаттамаларымен
қоршаған ортаның маңызды бөлігі.
Жер ауыл шаруашлығы, өнеркәсіп, көлік және басқа да халық
шаруашылығы салаларының дамуының негізі болып саналады. Адамның
өмір сүру және өндірісте іс әрекет ету үшін қажетті материалдық жағдайлар
ішінде жер өзінің топырақ жамылғысы, қазбалы байлықтары, ормандары
және суларымен ерекше орын алады. Осыған орай ол кезкелген өндірістік
процестің бірінші жаршысы және табиғи негізі.
Жер табиғитарихи дене, еңбектің жалпы шарты және заты, адамның
18
қалауынсыз және санасынсыз, қоғамның әсерінсіз пайда болғанмен тіршілік
етеді. Өндіріске тарту барысындағы процестерде оған тірі және затталған
еңбек кіреді, жер өндірістің құралы болады.
Кең мағнада өндіріс құралдарына еңбек процесінің жалпы
орындалуына қажетті барлық материалдық жағдайлар жатады.
Өндірістің осындай жалпы құралы ретінде жер саналады. Сондықтан
жер өндірістің құралы ретінде ауыл шаруашылығында ғана емес, сонымен
қатар өнеркәсіпте және адам еңбек ететін барлық салаларда қызмет етеді.
Дегенмен оның ауыл шаруашылығындағы рөлі басқа және ауыл
шаруашылығына жатпайтын өндіріс салаларымен салыстырғанда бірдей
емес.
Өңдеу өнеркәсібінде жер пассивтік немесе сылбыр рөлді атқарады, ол
еңбек процестері жүретін тек орын, фундамент немесе операциялық кеңістік
базисі ретінде саналады. Өндіріс процесі және өңдеу өндірісінің өнімі
топырақтың құнарлығына және сипатына, табиғи өсімдіктердің сапасына
және жердің өндіріс құралы ретінде басқа да қасиеттеріне байланысты емес.
Пайдалы қазбаларды игеру өндірісінде жердің рөлі артады, мұнда ол
операциялық кеңістік базисі ғана емес, сонымен қатар ерекше қойма ретінде
қаралады. Бірақ бұл жағдайда да өндіріс процесі топырақтың сапасына
байланысты емес.
Ауыл шаруашылығында жердің маңыздылығы әбден басқаша, мұнда
ол бұл өндіріс саласының материалдық шарты ғана емес, сонымен қатар
өндірістің белсенді факторы болып саналады. Өндіріс процесі жер, топырақ
құнарлығы, табиғи, биологиялық процестермен тікелей байланысты. Ауыл
шаруашылығында жер жалпы шарт және операциялық кеңістік базисімен
қатар екі функцияны атқарады, ол еңбек заты және өндіріс құралы.
Жер өндірістің оригиналды құралы болып саналады, сондықтан оның
басқа да өндіріс құралдарынан өзгеше айрықша белгілері бар. Ол
ерекшеліктері келесідей:
1. Жерден басқа барлық өндіріс құралдары адам еңбегінің туындысы,
ал жер табиғаттың жаратылысы. Ол табиғаттың сыйы ретінде еңбектің алдын
алады және оның табиғи шарты болып саналады. Тек қоғамның өндірістік іс
әрекеттері арқасында өндіріс құралы болып қалыптасады. Сондықтан оның
қызмет етуі табиғат заңдарына да, қоғамның заңдарына да бағынады. Жерді
өндіріс құралы ретінде табиғат кешенінен бөліп қарауға немесе қарсы қоюға
болмайды.
2. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол
орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды (тракторлар,
комбайндар, автомобильдер) әр орындарда пайдалануға және бір орыннан
басқа орынға жылжытуға болады, ал жермен бұндай істерді орындауға
болмайды.
3. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады.
Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып,
өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен,
құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы
19
төмендемейді, керісінше жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды,
былайша атқанда ол тозбайды. Бұл ерекше құнды қасиет және басқа өндіріс
құралдарында байқалмайды.
4. Жер кеңістікте көлемі бойынша құрлықпен шектелген және
ештеңемен ауыстыруға болмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік
күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа,
жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла
алады.
Барлық кадастрлық істердің және процедуралардың бірінші және негізгі
объектісі – жер учаскесі. Барлық қалғандары – топырақтың құнарлы қабаты,
өсімдік, пайдалы қазбалар, су қоймалары, ғимараттар, құрылыстар,
инженерлік орналастыру элементтері және т.с.с. – жылжымайтын мүлік. Жер
учаскесі мен басқа жылжымайтын мүлік арасындағы айырмашылық мынада:
жер табиғат жаратқан жалпыға бірдей адамның тіршілік ету жағдайы, ал
жылжымайтын мүлікті жасауға адамның қатысы немесе еңбегі бар. Жер
учаскесі мен жылжымайтын мүліктің бірлігі екеуін өндірістікте пайдалану
процесінде байқалады. Сондықтан әлемдік практикада жер учаскелерін
пайдалану кезіндегі қатынастар жер заңдарымен, ал жылжымайтын мүлікті
пайдаланудағы қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі.
Жер учаскесі алғашқы ұғым ретінде – барлық елге бірыңғай, сондықтан
ол белгілі бір көрсеткіштермен сипатталады. Олар мыналар: орналасқан жері,
шекарасы, ауданы, құны, қатыстылығы және т.с.с. Жер учаскесін онымен
тығыз байланысқан жылжымайтын мүлікпен қарастырғанда көрсеткіштер
саны жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамаларына, оны пайдалану
тарихы мен экономикасына байланысты артады.
Достарыңызбен бөлісу: |