Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а ш.ғ. к



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#8167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақылау сұрақтары 

1 Жерді экономикалық бағалау деген не? 

2 Жерді бағалаудың қандай түрлері бар және олардың мазмұны. 

3  Жерді  экономикалық  тұрғыдан  бағалаудың  негізгі  көрсеткіштері 

қандай? 


4 Жерді экономикалық бағалау ақпараттарының негізгі көздері.  

5  Ауыл  шаруашылық  алқаптарды  экономикалық  бағалау  қай 

мақсаттарда жүргізіледі? 

6 Дифференциалдық пайда деген не? 

7 Шығындар орнының толтырылуы деген не? 

8 Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау нәтижелері қандай мақсаттарда 

қолданылады? 

 

     Әдебиет 

3, с. 213-245; 4, с. 91-106; 5, 144с.; 6, 156-168 б.; 11, 124 с.; 26, с. 75-124; 27,с. 

19-33; 41, 168-180б. 

 

10 Тақырып Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекет тарапынан 

бақылау 

 Мақсаты:  Жерді  пайдалану  мен  қорғауды  мемлекет  тарапынан 

бақылауды оқып зерттеу. 



  Жоспар: 

  10. 1 Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекет тарапынан бақылау 



 

73 


  10. 2 Жер мониторингі 

 

10.  1  Жерді  пайдалану  мен  қорғауды  мемлекеттік  бақылау  –  бұл  жерді 

тиімді  пайдалану  мен  қорғау  мақсатындағы  жер  заңдарын  орындауға 

бағытталған шаралар жүйесі.    

Қазіргі  жайдайларда  біздің  мемлекетте  жерге  мемлекеттік  меншік  пен 

қатар жеке меншік те заң жүзінде бекітілген.  

 Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  жеке  меншiгiнде шаруа  немесе 

фермер  қожалығын ,  өзiндiк  қосалқы  шаруашылық  жүргiзу,  орман  өсiру, 

бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi 

(құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге 

арналған  жердi  қоса  алғанда,  өндiрiстiк  және  өндiрiстiк  емес,  оның  iшiнде 

тұрғын  үйлердi  (құрылыстарды,  ғимараттарды)  мен  олардың  кешендерiн 

салуға  берiлген  (берiлетiн)  немесе  олар  салынған  жер  учаскелерi  болуы 

мүмкiн. 


Шаруа  немесе  фермер  қожалығын ,  өзiндiк  қосалқы  шаруашылық 

жүргiзу,  орман  өсiру,  бағбандық,  жеке  тұрғын  үй  және  саяжай  құрылысы 

үшiн  берiлген  жер  учаскесiнiң  меншiк  иесi  болып  табылатын  азамат 

Қазақстан  Республикасының  азаматтығынан  шыққан  кезде  меншiк  құқығы 

иелiктен алынуға немесе қайта ресiмделуге тиiс. 

Жер  жылжымайтын  мүлік  болып  танылған,  олай  болса  оған  мүліктік 

құқықтар  таралады  /  меншік,  пайдалану,  сервитут,  кондоминиум  және  б./, 

онда  ол  сатып  алу-сату,  кепілдік,  сыйлыққа  беру  және  басқада  заңдалған 

келісімдер объектісі бола алады.  

 Мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты барлық меншік және пайдалану 

құқығы  бар  субъектілері  бойынша  жерді  тиімді  пайдалануы  мен  қорғауына 

жету.  


Ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерлердің  басқа  жер  санаттарына 

қарағанда  басымдылығы  заң  жүзінде  бекітілген.  Олай  болса  ауыл 

шаруашылығына  жарамды  жерлер  тура  мағынасында  пайдалануы  тиіс 

немесе  ең  алдымен  ауыл  шаруашылық  өндірісіне  бөлінеді.  Ал  басқа  да 

нысаналы пайдалану жағдайларына ауыл шаруашылығына жарамсыз немесе 

құнарлылығы нашар жерлер бөлінеді.   

Мемлекеттік  бақылау  жұмысында  жалпы  міндеттер  және  жекеленген 

міндеттер орындалады. Жалпы міндеттер ішінде мыналарды атауға болады: 

I/ министрлік, ведомстволық, сонымен қатар барлық заңды тұлғалар және 

азаматтармен жер заңдарының орындалуына жету; 

2/  жерді  жеке  меншікке  және  пайдалануға  (уақытша  және  тұрақты)  беру 

ережесінің орындалуын қамтамасыз ету; 

3/ жер кадастры мен мониторингтің дұрыс жүргізілуін бақылау; 

4/ жерге орналастыруды дұрыс жүргізуін қамтамасыз ету. 

Мемлекеттік  бақылаудың  жалпы  міндеттері  барлық  жер  учаскелеріне 

таралады, оның ішінде су астындағы және орман жерлері, пайдалы қазбалар 

жерлері.  

Мемлекеттік бақылаудың жалпы міндеттерінің кейбір ерекшеліктері бар, 



 

74 


олар  табиғи  объектердің  өзгешелігінен  туындалады  (тау-кен  заңдары,  су 

және орман заңдары).   

Мемлекеттік  бақылау  жалпыға  бірдей  және  тұрақты  бола  алады.   

Жалпыға  бірдей  болуы  барлық  жер  қорын,  сонымен  қатар  барлық  жер 

иеленушілер  мен  жер  пайдаланушыларды  қамтиды.  Ал  тұрақтылығы 

жұмыстың күнделікті жүргізілуі және үздіксіздігімен сипатталады.   

Бақылауды жүргізуші органдарға қарай мемлекеттік бақылаудың 2 типі 

бар: 


I/ мемлекеттік; 

2/ қоғамдық. 

Мемлекеттік  бақалау  мемлекеттік  үкіметтік  атқарушы  және  басқарушы 

органдары,  арнаулы  бақылаушы  органдар,  арнаулы  ведомстволық  органдар  

арқылы жүргізіледі.  

Қоғамдық бақылау қоғамдық негізде қосымша тапсырыс ретінде, негізгі 

еңбек  міндеттері  үстінде  жүргізіледі.  Сонымен  бірге  екі  жағдайда  да 

құқықтық салдарлары бірдей және орындалуы міндетті түрде болдады.   

Орындалатын  жұмыстың  көлемі  мен  аумағына  қарай  және 

орындаушыларға қарай келесі бақылау түрлерін бөлуге болады: 

I/ жалпы мемлекеттік; 

2/ ведомстволық; 

3/ ішкі шаруашылық. 

 Жалпы  мемлекеттік  бақылау  мемлекеттік  шара  ретінде  жүргізіледі  және 

міндеттері мен жүргізу ретін мемлекет анықтайды (мысалы, құжаттар түрлері 

мен мазмұндары, есеп беру мезгілдері, бақылаушы органдар). 

Ведомстволық бақылау нақтылы халық шаруашылығы саласы бойынша 

мәліметтер береді және бақылау нақтылы иеленуші аумағында шектеледі.   

  Мемлекеттік  бақылау  жүргізудің  толықтығына  қарай  мемлекеттік 

бақылау бірыңғай және ішінара болып айырылады.    

Мемлекеттік  бақылау  келесі  мемлекеттік  органдар  арқылы  жүргізіледі: 

а/ әкімшілік; б/сот; в/прокуратура; г/арнаулы және ведомстволық. 

  Мемлекеттік бақылау жүргізуші ведомстволық және арнаулы органдарға 

қоршаған ортаны қорғау органдары мен жерге орналастыру қызметі жатады. 

 ҚР  қоршаған  ортаны  қорғау  органы  ретінде  Қоршаған  ортаны  қорғау 

министрлігі және олардың жергілікті органдары саналады. 

 Жалпы  мемлекеттік  бақылау  жұмыстарын  келесі  органдар  атқарады:  ҚР 

жер ресурстарын басқару агентствосы, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, 

Денсаулық қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылық министрлігі және т.с.с.  

 Жерге  орналастыру  қызметі  ҚР  жер  ресурстарын  басқару  агенствосына 

және  оның  ҒӨО

ЖЕР


  жүйесіне,  сонымен  қатар  Ауыл  шаруашылық 

министрлігіне кіреді.   

ҚР жерді пайдалану және қорғау жөніндегі Мемлекеттік бас инспекторы 

болып  ҚР  жер  ресурстарын  басқару  агентствосының  төрағасы,  ал 

орынбасары  болып  төрағасының  орынбасары  және  мемлекеттік  жер 

инспекциясының бастығы саналады. 

Жалпы  барлық  Жер  заңдарындағы  бұзылымдарды  3  топқа  бөлуге 


 

75 


болады:  жерді  заңсыз  билеу;  өз  еркімен  жер  учаскелерін  алу;  жерді  тиімді 

пайдалану заңды талаптарын бұзу. 

 Жер заңдарын бұзуда ең көп кездесетін жағдайлар: 

- жерді ұқыпсыз пайдалану; 

- жерді нысаналы емес пайдалану; 

- шаруашылық ішкі жерге орналастыру жобасын орындамау; 

-  жер алқаптарын бүлдіру; 

-  жерді  оның  жай-күйін  бұзатын  процестерден  кейін  жақсартатын  және 

олардан қорғайтын шараларды орындамау; 

- арнаулы жер қоры туралы ақпаратты жасыру; 

- шекаралық белгілерді жою; 

- экоцид; 

-  егіске  мал  түсіру,  ауыл  шаруашылық  дақылдарының  өнімін  бұзу  және 

жою, көп жылдық екпелерді зақымдау. 

 

10.2  Жер  –  қоғамның  байлық  көзі,  ол  еңбек,  су  және  биоклиматтық 

ресурстармен бірге өндіріс құралы болып саналады.  

Жер  қорларын  ұтымды  және  тиімді  пайдалану  –  халых  шаруашылық 

маңызды мәселе. 

 

 ҚР  Жер  кодексінде  жер  мониторингі  жайында  былай  деп  жазылған: 



«Жер  мониторингі  болып  жатқан  өзгерістерді  уақтылы  анықтау,  оларды 

бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау 

мен  оның  зардаптарын  жою  жөнінде  ұсыныстар  әзірлеу  мақсатында 

жүргізілетін  жер  қорының  сапалық  және  мөлшерлік  жай-күйін  базалық 

(бастапқы), жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді». 

Сонымен  қатар  жер  мониторингі  қоршаған  табиғи  ортаның  жай-күйіне 

мониторингтің  құрамдас  бөлігі  және  онымен  бір  уақытта  басқа  да  табиғи 

орталарға мониторинг жүргізугн арналған база болып табылады. 

Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес ҚР ғаламдық 

жер мониторингі жұмыстарына қатысуы мүмкін.  

Жалпы  мониторинг,  латынша  monitor  –  сақтандырушы,  қадағалаушы 

және  бұл  термин  БҰҰ-ның  қоршаған  орта  жөніндегі  Стокгольм 

конференциясының  алдында  (1972  жыл,  маусымда)  «бақылау»  ұғымын 

толықтыру ретінде пайда болды. 

Жер мониторингінің міндеттері: 

1)  жердің  жай-күйінің  өзгерістерін  уақтылы  анықтау,  оларды  бағалау, 

болжам  жасау  және  кері  әсері  бар  процестерді  болдырмау  мен  оның 

зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;    

2)  мемлекеттік  жер  кадастрын  жүргізуді,  жерді  орналастыруды,  жерді 

пайдалану  мен  қорғауды  бақылауды  және  жер  ресурстарын  мемлекеттік 

басқарудың  өзге  де  функцияларын  ақпараттық  қамтамасыз  ету  болып 

табылады. 

Сонымен қатар жер мониторингінің жердің санаттарына сәйкес келетін 

ішкі жүйелері болады. Аум ақтық қамтуына қарай республикалық, аймақтық 



 

76 


не жергілікті жер мониторингі жүзеге асырылады. 

Жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару 

жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. 

Жер  мониторингі  бойынша  мемлекетаралық  және  халықаралық 

бағдарламаларды  іске  асыру  ҚР  басқа  да  мемлекеттермен  жасасқан 

келісімдері  мен  шарттарында  айқындалатын  тәртіппен  және  жағдайларда 

жүзеге асырылады. 

Жер  мониторингінің  объектісі  болып  Қазақстан  Республикасының 

барлық жерлерін қамтитын бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады. 

Жерге  мемлекеттік  меншіктік  барлық  жерлерді,  олардың  мақсаты  мен 

міндет  атқаруы  және  шаруашылық  пайдалануына  қарамастан,  бірыңғай 

мемлекеттік жер қорына бірігіуіне нақты себепші болды. 

Жер қорының бірлік принципі басты заң – Конституция негізінде өзінің 

көрінісін тапты, онда Қазақстан Республикасының барлық жерлері бірыңғай 

мемлекеттік жер қорын құрады деп көрстеілген. 

Жер  мониторингінің  құрылымы  оның  нысаналы  пайдалануына  және 

аумақты  қамтуына  байланысты  болады.  Жер  санаттарына  байланысты 

мынандай  жер  мониторингінің  жүйешелері  болады:  ауыл  шаруашылығы 

мақсатындағы  жерлер  мониторингі,  елді  мекендер  жерлері  мониторингі, 

өнеркәсіп,  көлік,  байланыс,  қорғаныс  жерлері  мониторингі,  ерекше 

қорғалатын  жерлер  мониторингі,  орман  қоры  жерлерінің  мониторингі,  су 

қоры жерлерінің мониторингі, босалқы жерлер мониторингі.  

Аумақты  қамтуына  қарай:  республикалық,  өңірлік  (аймақтық)  және 

локалдық немесе жергілікті жер мониторингі. 

Жер  мониторингінің  мазмұны  тұрақты  пунктерде  жүйелі  бақылаулар, 

түсірулер, зерттеулер жүргізу арқылы өзгерістерді айқындау, болжау: 

-

 

жер учаскелері, алқаптар, танаптардың жай-күйі; 



-

 

ауыл  шаруашылығы  алқаптары  құнарлығының  өзгеруін  болдыратын 



процестер  (су  және  жел  эрозиясы,  гумус  және  қоректік  элементердің 

шығындануы және т.б.); 

-

 

табиғи малазықтық өсімдіктердің деградациялануы; 



-

 

адамдардың  өмір  сүру  және  еңбек  ету  ортасының  экологиялық 



жағдайларының нашарлауы. 

Жер  мониторингінің  жүйесі  бірімен-бірі  байланысқан  және  бірін-бірі 

толықтыратын бірнеше блоктардан тұрады: 

- ғылыми-әдістемелік және нормативті-нұсқаулық базасы; 

-  жердің  бастапқы  жай-күйі  жайындағы  топырақ,  геоботаникалық  және 

басқа да тексерулер деректерін жинақтау (базалық мониторинг); 

- аумақты-аймақтық тұрақты бақылау пунктер торлары; 

- экологиялық жағдайлары тұрақсыз аумақтардың өңірлік және локалдық 

мониторингі; 

- жеделді мониторинг; 

- автоматтандырылған бағдарламалар банкі. 


 

77 


Жер  мониторингін  жүргізу  үшін  арнайы  нұсқаулар,  әдістемелер, 

нормативтік стандарттар әзірленеді және бұлар барлық жермен айналасатын 

заңды және лауазымды тұлғаларға орындауға міндеттеледі. 

Жер  мониторингінің  деңгейлері:  өңірлік  мониторинг  (экологиялық 

жағдайлары 

нашар 


аудандарда 

жүреді), 

локалдық 

мониторинг 

(деградацияланған  жерлерде,  эрозия  және  қайтадан  тұздану  процестерін, 

өсімдіктердің  және  табиғи  малазықтық  алқаптардың  деградациялануын 

бақылау және арнаулы түсірулер-топырақтық және геоботаникалық жүргізу) 

және  жеделді  мониторинг  (административтік  аудан  шегінде,  қалада 

жоспарлы бақылаулар, сонымен қатар жердің жай-күйіне әсер ететін төтенше 

жағдайлар кезінде). 

 

Бақылау сұрақтар 

1

 



 Жерді  пайдалану  мен  қорғауды  мемлекеттік  бақылау  және  оның 

мазмұны. 

2

 

  Нарықтық  реформа  жағдайында  жерді  пайдалану  мен  қорғауды 



мемлекеттік бақылаудың мақсаттары мен міндеттері.  

3

 



 Мемлекеттік  бақылаудың  оны  жүргізуші  органдар,  қамтитын 

аумақтары және атқарушылар бойынша түрлері және типтері. 

4

 

 Жер пайдалану мен қорғауды қандай мемлекеттік органдар жүргізеді? 



5

 

 ҚР  жерді  пайдалану  мен  қорғауды  атқаратын  мемлекеттік  бас 



инспектор және олардың орынбасарлары кімдерге жүктелген? 

6

 



 Жер 

заңдарының 

бұзылымдары 

және 


жиірек 

кездесетін 

бұзылушылықтар. 

7 Жер мониторингі дегеніміз не? 

8 Жер мониторингінің мазмұны қандай атап өтіңіз. 

9 Жер мониторингі неше блоктардан тұрады және олар қандай? 

10 Жер мониторингі деңгейлерін атаңыз. 

 

Әдебиет 

2, 111-113 б.; 13, с. 3-68; 14, 108 с.; 23, с. 17-20; 30, с.295-301.  

        


11 Тақырып ҚР жер кадастрын жүргізу реті 

Мақсаты: Студенттерді ҚР жер кадастрын жүргізу ретімен таныстыру. 

Жоспар: 

11. 1 Жалпы ережелер  

11. 2 Кадастр жүргізу тәртібі 

11. 3 Санды және сапалы есеп жүргізу тәртібі 

11. 4 Жерді тіркеу мақсатында есеп жүргізу 

11. 5 Мәліметтерді беру және кадастр ақпараттарын пайдалану 

 

      11.  1  Жер  кадастрын  жүргізу  ережесі  Қазақстан  Республикасының 

Жер  кодексiне сәйкес  әзiрленді  және  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң 

2003 жылғы 20 қыркүйектегi N 958 Қаулысымен бекітілген. Ол мемлекеттiк 

жер  кадастрын  жүргiзу,  жердi  сандық  және  сапалық  есепке  алу  мен  жердi 



 

78 


бағалау,  тiркеу  мақсаты  үшiн  жер  учаскелерiн  есепке  алу,  мемлекеттiк  жер 

кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану тәртiбiн 

белгiлейдi.  

    Қазақстан  Республикасында  мемлекеттiк  жер  кадастры  (бұдан  әрi  - 

Кадастр)  мемлекеттiк  органдарды,  жеке  және  заңды  тұлғаларды  жер  және 

жекелеген  жер  учаскелерi  туралы  ақпаратпен  қамтамасыз  ету  мақсатында 

жүргiзiледi.  

     Тұйық  шекарада  бөлiп  шығарылған,  белгiленген тәртiппен  жер 

құқығы  қатынастары  субъектiлерiне  бекiтiлген  жер  учаскесi  кадастрдың 

деректерiн есепке алу мен оларды сақтау бiрлiгi болып табылады. 

      Кадастрда  әрбiр  жер  учаскесi  үшiн  оны  кеңiстiкте  бiр  мәндi  бөлуге, 

мөлшерiн  және  орналасқан  жерiн  айқындауға  мүмкiндiк  беретiн 

сәйкестендiру  сипаттамалар,  сондай-ақ  учаскенiң  кадастрлық  бағалау  құны 

белгiленедi.  



            Кадастрдың  құрамына  жер  учаскесiнiң  меншiк  иелерi  мен  жер 

пайдаланушылар туралы ақпарат кiредi.  

     Жер  учаскесi  туралы  мәлiметтер  осы  учаскеге  бекiтiлiп  берiлген 

нөмiрi,  орналасқан  жерi,  шекарасы  және  мәтiндiк  сипаттамасы  көрсетiлетiн 

жер-кадастрлық карталармен ара қатынаста болады.  

     Мемлекеттiк 

жер 

кадастрының 



мәлiметтерiн 

қалыптастыру 

топографиялық-геодезиялық, 

аэроғарыштық, 

картографиялық, 

жерге 


орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен 

iздестiрулер,  жер  мониторингi  жөнiндегi  жұмыстарды,  жердi  сандық  және 

сапалық  есепке  алуды  жүргiзумен,  нақты  жер  учаскесiне  жер-кадастр 

iсiн жасаумен,  жер-кадастр  карталары  мен  жер  учаскесiне   сәйкестендiретiн 

құжат дайындаумен қамтамасыз етiледi. 

       Деректердi  жинақтау  жер  учаскесiнiң  кадастрлық  нөмiрi,  жеке 

немесе  заңды  тұлғалардың  -  жер  учаскесiне  құқық  субъектiлерiнiң  атауы, 

атқарушы органдардың кесiмдерi мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, 

жер  учаскесiнiң  орналасқан  орны  мен  мөлшерi,  кадастрлық  (бағалау)  құны, 

жер  учаскесiне  құқығы  мақсатты  тағайындауы,  бөлiнетiндiгi  және 

бөлiнбейтiндiгi,  жер  учаскесiне  сервитуттар  туралы,  сондай-ақ  атқарушы 

органдар белгiлеген оны пайдалану жөнiндегi шектеулер туралы ақпараттар 

тiркелетiн және caқталатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың 

тиiстi  аудандарының  (облыстық  маңызы  бар  қалалардың)  деңгейiнде 

жүргiзiледi.  

       Көрсетiлген  деректер  аудандар  (облыстық  маңызы  бар  қалалар), 

облыстар,  республикалық  маңызы  бар  қала,  астана  және  тұтастай  алғанда 

Қазақстан  Республикасы  бойынша  өзара  салыстыруға  мүмкiндiк  беретiн 

меншiк нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендiрiледi.  

 

    11. 2 Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында Кадастрды жүргiзу 

бiрыңғай  жүйе  бойынша  жүзеге  асырылады  және ол  жер  учаскелерi  туралы 


 

79 


мәлiметтердi  жинау,  құжаттау,  жинақтау,  өңдеу,  есеп  жүргiзу  және  сақтау 

жөнiндегi дәйектi iс-қимыл болып табылады. 

                   Жер  учаскелерiнiң  желiлiк  және  алаңдық  сипаттамаларын  бейнелеу 

және  өзгерiстер  енгiзу  мүмкiндiгiн  қамтамасыз  етуге  тиiстi  жер-кадастрлық 

карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады. 

             Жер-кадастрлық  карталардың  масштабы  есепке  алу  бiрлiгiнiң 

мөлшерiне және Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне байланысты таңдалады.  

            Кадастрды автоматтандырылған жүргiзу кезiнде картографиялық негiз 

геоақпараттық  технологияларды  қолданумен  және  қағаз  жеткiзгiштермен 

көшiрмелерiн дайындаумен электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.  

           Жер  учаскелерi  туралы  ақпарат  учаскелер  мен  жер  алқаптарының 

шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелi түрде жаңартылады.  

             Жер-кадастрлық  iс  -  жер  учаскесiнiң  қалыптасуы  туралы  iс,  оған  жер 

учаскесi туралы құжаттар кiргiзiледi.  

     Азаматтарға  және  заңды  тұлғаларға  иелiк  ету  не  пайдалану 

құқығымен  бұрын  берiлген  жер  учаскелерiн  жеке  меншiкке  немесе 

пайдалануға  берудi  алғашқы  ресiмдеу  кезiнде  жер-кадастрлық  iс  олардың 

жер  учаскелерiнiң  орналасқан  жерi  бойынша  жер  қатынастары  жөнiндегi 

уәкiлеттi органдарына берiлетiн өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiледi. 

    Жер  учаскесiне  құқық  туралы  бұрын  берiлген  құжаттар,  ал  олар 

болмаған кезде - бұл учаскенi берген атқарушы органның шешiмiмен учаске 

шекарасының сызбасы (схемасы) өтiнiшке қосыла берiледi. 

     Аумақтық 

жер  қатынастары  жөнiндегi  уәкiлеттi  органдары 

көрсетiлген құжаттарды тексерудi жүзеге асырады және осы құжаттарды жер 

учаскелерiн  жергiлiктi  жерде  зерттеу  үшiн  Кадастрды  жүргiзетiн 

мамандандырылған  кәсiпорындарға  жiбередi.  Олардың  шекаралары, 

алаңдары және мақсатты тағайындауы өзгергенi белгiлi болған жағдайда, бұл 

өзгерiстер  жергiлiктi  атқарушы  органының  Жер  кодексiнде  белгiленген 

құзыретiне  сәйкес  қайта  бекiтуiне  немесе  мүдделi  тараптардың  арасында 

жасалатын шартта көрсетуге жатады.  

      Азаматтардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi 

жерден  учаске  құру  бөлiнетiн  жер  учаскесiнiң  бөлiгiмен  мәмiле  жасалған 

кезде жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер қатынастары жөнiндегi 

уәкiлеттi  органына  берiлетiн  олардың  бөлiнетiн  жер  учаскесiн  бөлу  туралы 

өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi. 

      Өтiнiшке жер учаскесiне жеке меншiк құқығы туралы құжаттар қоса 

берiледi.  

               Бөлудiң  нәтижесiнде  пайда  болған  жер  учаскелерiне  Жер  кодексiнде 

белгiленген  құзыретiне  сәйкес  жер  қатынастары  жөнiндегi  уәкiлеттi  органы 

бекiткен  жер  учаскесiн  бөлу  туралы  жерге  орналастыру  жобасы  және  жер 

учаскесiнiң  шекараларын  белгiлеу  жөнiндегi  материалдар  негiзiнде  жаңа 

жер-кадастрлық  iстер  жүргiзiледi,  ал  бөлiнетiн  жер  учаскесiне  бұрын 

жүргiзiлген  жер-кадастрлық  iсi  Кадастрды  жүргiзетiн  мамандандырылған 

кәсiпорынның мұрағатында сақталады. 


 

80 


     Жер  учаскесiнiң  есептiк  деректерiне  жер  учаскесiне  меншiк 

құқығының  немесе  жер  пайдалану  құқығының  ауысуы  туралы  мәлiметтердi 

енгiзу  оларға  жылжымайтын  мүлiкке  құқықтарды  және  олармен  жасалатын 

мәмiлелердi  мемлекеттiк  тiркеудi  жүзеге  асыратын  орган  ұсынатын 

материалдар негiзiнде жүргiзiледi.  

               Осы  жер  учаскесiн  кадастрлық  есепке  қойғаны  туралы  (жаңа  құқық 

иесi  туралы  мәлiметтермен  бiрге)  Кадастрды  жүргiзетiн  мамандандырылған 

кәсiпорын  екi  апта  мерзiмде  жер  учаскесi  орналасқан  орны  бойынша 

атқарушы органына хабарлайды. 

      Азаматтардың  және  заңды  тұлғалардың  меншiгiндегi  немесе 

пайдалануындағы  жерден  мемлекеттiк  мұқтаждықтар  үшiн  жер  учаскесiн 

қалыптастыру  кезiнде  оған  жүргiзiлген  жер-кадастрлық  iске  жаңа  учаскенi 

құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттiк мұқтаждықтар 

үшiн  алу  туралы  атқарушы  органның  шешiмi  не  соттың  шешiмi,  сондай-ақ 

жоспар (шекара сызбасы) және басқа құжаттар кiргiзiледi. 

      Мемлекеттiк мұқтаждар үшiн жасалатын жер учаскесiнiң бiр бөлiгiн 

алып қою жағдайында жаңа жер-кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн 

қайта ұйымдастыру процесiмен бiрге жүретiн барлық құжаттар осы учаскеге 

бұрын жүргiзiлген жер-кадастрлық iске кiргiзiледi. 

        Бiрнеше  жер  учаскелерi  бiрге  қосылған  кезде  жаңа  кадастрлық  iсi 

ашылады,  оған  осы  учаскелерге  бұрын  жүргiзiлген  кадастрлық  iстер 

жинақталады.  Бiрiктiру  нәтижесiнде  құрылған  жер  учаскесiне  жаңа 

сәйкестендiру құжаты дайындалады. 

      Азаматтар  мен  заңды  тұлғалардан  ерiксiз  алуға  не  тәркiлеуге 

жататын  жер  учаскесiнiң  жер-кадастрлық  iсiне  сот-атқарушылық  iс  жүргiзу 

құжаттары кiргiзiледi.  

      Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық 

кiтабына жазу және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне жер учаскесi туралы 

мәлiметтердi енгiзу үшiн негiз болады. 

      Бiрыңғай  мемлекеттiк  жер  тiзiлiмi  құқықтық,  сәйкестендiру, 

экономикалық  және  басқа  да  сипаттамаларды  қамтитын  Кадастр 

құрамындағы  жер  учаскелерiн  есепке  алудың  қорытынды  құжаты  болып 

табылады.  

           Жер-кадастрлық  кiтабы  жер  учаскелерi  есепке  алынатын,  жердiң 

кеңiстiк,  табиғи  және  шаруашылық  жағдайы  туралы  анық  мәлiметтер 

қамтылатын құжат болып табылады. 

     Жердiң жер-кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерiн, 

мөлшерлерiн  және  шекараларын  көрнектi  кескiндеу,  бiрiктiру  және  бөлу 

кезiндегi  олардың  өзгерiстерiн  есепке  алу  мақсатында  құрылады  және 

жүргiзiледi. Кадастр және жер учаскелерiн есепке алу үшiн жер-кадастрлық 

карталар  жүргiзу  осы  Ереженiң  39  және  41-42-тармақтарында  көзделген 

тәртiппен жүзеге асырылады.  



 

81 


     Кадастр 

қағаз  жеткiзгiшпен  жүргiзiледi  және  ақпараттарды 

жинақтаудың,  өңдеудiң  және  сақтаудың  электрондық  жүйелерiн  пайдалана 

отырып жүргiзiлуi мүмкiн.  

      Кадастрдың  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйелерi  жұмыс  iстеу 

тәртiбiн  жер  ресурстарын  басқару  жөнiндегi  орталық  уәкiлеттi  орган 

айқындайтын  мамандандырылған  бағдарламалық-техникалық  кешендердiң 

базасында құрылады.  

    Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:  

барлық  деректемелердi  (оларды  шығарушы  органның,  мекеменiң,  ұйымның 

атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, мекен-жайын (құжатты алушыны) көрсету) 

толтыра отырып белгiленген үлгiдегi бланкiлерде орындалады;  

           жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау 

жер  ресурстарын  басқару  жөнiндегi  орталық  уәкiлеттi  орган  белгiлейтiн 

техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады; 

    мемлекеттiк  құпияға  жатқызылған  жер  учаскелерiнiң  жоспарларында 

(сызбаларында) қамтылатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз 

ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет