БlРlНШl аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары жұмыс мақсаты: I аналитикалық топ катиондарының қасиеттерiн сапалық реакцияларына тәжiрибе жасау негiзiнде үйрену



бет2/7
Дата14.09.2023
өлшемі72,77 Kb.
#107666
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лаб. АХ1

П а й д а л а н ы л у ы. Құрамына 1- аналитикалық топ катиондары кiретiн тұздар медицинада кеңiнен пайдаланылады: олар көптеген дәрi –дәрмектердiң құрамына кiредi. Сондықтан асқазан шырынын нейтралдау үшiн, шаю, ингаляциялау үшiн жиi пайдаланады, натрий сульфат кристаллогидраты Na2SO4∙½10H2O (глаубер тұзы) iш жүргiзетiн дәрi ретiнде, бензол туындыларымен уланған кезiнде қолданылады. Натрий хлоридi изотоникалық ерiтiндi ретiнде, калий хлоридi- аритмияны басатын дәрi, калий немесе натрий бромидi жайландыратын және ұйықтататын дәрi, калий және натрий иодидi- түрлi ауруларды емдеу үшiн пайдаланылады.
NH4OH-тың 10 процент су ерiтiндiсi “мүсәтiр спиртi” дем және тамыр қимылдатқыш, жүйке орталықтарын қоздырғыш ретiнде пайдаланады. Аммоний тұздары белок шiру процесiнде түзiледi, сондықтан су көздерiнде аммиактың болуы оның таза болмауын көрсетедi.


I-аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары
Na+ -катионының реакциялары

  1. Калий дигидроантимонатының әсерi

Натрий тұздары калий дигидроантимонатымен (гексагидроксостибатымен) ақ кристалдық тұнба түзедi:
NaCl + KH2SbO4 = NaH2SbO4 + KCI
Na+ + H2SbO4- = NaH2SbO4
NaCI + K[Sb(OH)6]= Na[Sb(OH)6]+ KCI
Na++ [Sb(OH)6]-= Na[Sb(OH)6]
Реакция нәтижелi болу үшiн натрий иондарының концентрациясы жоғары болуы тиiстi, себебi реакцияның сезгiштiгi төмен. Сондықтан белгiсiз ерiтiндiлердi зерттеген кезде оларды концентрлеген жөн. Реакцияның ортасы бейтарап болуға тиiстi, өйткенi :
1) қышқылдық ортада метасурьма қышқылының аморфты тұнбасы түзiледi:
[ Sb(OH)6]- +H+ =H[Sb(OH)6
H[Sb(OH)6] =HSbO3+3H2O
2) сiлтiлiк ортада тұнба түзiлмейдi, реакцияны төмен температурада жүргiзген жөн, себебi Na[Sb(OH)6] ерiгiштiгi жоғары, Na[Sb(OH)6] аса қан ерітiндiлер түзедi , сондықтан пробирканың iшкi жақтарын шыны таяқшамен үйкелеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет