БlРlНШl аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары жұмыс мақсаты: I аналитикалық топ катиондарының қасиеттерiн сапалық реакцияларына тәжiрибе жасау негiзiнде үйрену



бет1/7
Дата14.09.2023
өлшемі72,77 Kb.
#107666
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лаб. АХ1




1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
БlРlНШl АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Жұмыс мақсаты: I аналитикалық топ катиондарының қасиеттерiн сапалық реакцияларына тәжiрибе жасау негiзiнде үйрену
1. Жалпы сипаттамасы
Бiрiншi аналитикалық топты Li +, Na+, K+, NH4+ катиондары құрайды. Бұл топ катиондарының тұздары көбiне суда жақсы еридi. Сондықтан, бұл топ катиондарының топтық реагентi жоқ. Жүйелiк талдауда олар ең соңында ерiтiндiде қалады.
Бiрiншi аналитикалық топ катиондары аяқталмаған 2 электронды және 8 электронды сыртқы электрондық қабатты иондар. Бұл катиондардың гидроксидтерi суда жақсы еридi, олар күштi негiздерге жатады: LiOH, NaOH, KOH, ал NH 4OH- әлсiз негiз.
Аммоний (NH4+ ) катионы мен калийдiң иондық радиустары жақын, сондықтан олардың аналитикалық қасиеттерi ұқсас. Олар суда нашар еритiн ақ түстi гидротартраттар NH4HC4H4O6 және KHС4Н4O6 гексахлорплатинаттар (NH4)2[PtCl6], K2[PtCl6] және сары түстi гексанитрокобальтаттар (NH4)2Na[Co(NO2)6] немесе K2Na[Co(NO2)6] түзедi.
Литий (Li+) катионы иондық потенциалының мәнiне байланысты І және II аналитикалық топ катиондары аралығында орналасқан. Сондықтан Li+ сiлтiлiк металдарға ұқсас суда еритiн күштi гидроксид түзедi, Na+ ионына ұқсас суда нашар еритiн цинкуранил ацетатын LiZn(UO2)3(CH3COO)9 . 9H2O бередi. Сонымен қатар, II аналитикалық топ катиондары сияқты суда нашар еритiн карбонаттар, фосфаттар, фторидтер түзедi.
Жиi кездесетiн қосылыстардың ерiгiштiк көбейтiндiлерi 1-кестеде көрсетiлген.
1-кесте
1 аналитикалық топ катиондарының ерiгiштiк көбейтiндiлерi

Реагенттер

К+ Na+ Li+ NH4+

ЕК EK EK EK

[Co(NO2)6]3-[SiF6]2-
HC4H4O6-
[PtCI6]2-
CIO-4
CO32-
F-3
PO3-4
[Sb(OH)6]-



2˝10-11
5˝10-6
4˝10-4
5˝10-5 9˝10-6
1˝10-2
4˝10-3
1,7˝10-3
3,2˝10-9
4˝10-8



Li, Na, K- сiлтiлiк металдар сумен әрекеттеседi, реакция нәтижесiнде сутектi бөлiп шығарады:
2К + 2Н2О = 2KOH + H2
Оксидтерi суда ерiп, гидроксидтер түзедi: Li2O + H2O = 2LiOH, гидроксидтерi суда жақсы еридi, су ерiтiндiлерiнде иондарға толық ыдырайды.
Аммоний катионы комплекстi ион, су ерiтiндiсiнде мына тепе-теңдiк орындалады:
NH3 +H2O= NH4OH= NH4+ + OH-
Аммоний гидроксидiнiң су ерiтiндiсi әлсiз негiз, күштi қышқылдар тұздары ерiтiндiлерiнiң РН < 7 , демек орта қышқылдық.
Бұл топ катиондары (NH4+ басқасы) жалынды әр түске бояйды (3-кесте). 1 аналитикалық топ катиондарының тұздары көбiнесе түссiз, ерiгiштiгi (2-кесте) жоғары болып келедi. Химиялық реакцияларды орындағанда реакцияның жағдайына (температура, концентрация, ортаның pH- ы; қосылыстардың ерiгiштiгiне ) көп көңiл аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет