Жаңа миобласттар бұлшық ет талшығының миосимпласттық бөлігі құрамына қосылып, құрылымдарының табиғи шығынын толықтырып тұрады. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының репаративтік (зақымданғаннан кейінгі) регенерациясы да жасушалық және жасушаішілік деңгейлерде атқарылады. Бұлшық еттердің жасқа және өмір салтына байланысты өзгеруі. Бұлшық ет көлемі ұлғайған кезде оның талшықтарының саны көбейе бермейді. Бұлшық етке күш салғанда, оның жұмыс қабілеті мен көлемі артады. Бұлшық ет күшті жиырылуында ақуыз жинақталады, қуат пайда болады. Жинақталудан миоциттердің құрамындағы гликоген мен креатин, АТФ тегі фосфордың ыдырауынан толықтырылып отырады
Бұлшық ет талшықтарын зерттегенде олардың жуандағанын байқауға болады. Бұлшық етке күш салудан немесе күшті спорттық жаттығулардан қаңқа бұлшық еттерінде қосымша қылтамырлар пайда болады. Белсенді қызметіне байланысты зат алмасу және қанмен жабдықталуы да артады.
Бұлшық ет қызметіне байланысты бірнеше әдістер пайдаланады.
Қызметтік әдіс – диномометр, тонометрлермен өлшенеді.
2. Микроскопиялық әдіс – бұлшық ет ұлпасының ішкі өзгерістерінің (гипертрофиясын) анықтайды.
Динмометрлік әдіс – бұлшық ет күшін анықтайды. Коллен құралы арқылы – қолбасының бүгетін және омыртқа жотасының жазатын бұлшық ет күшін анықтайды.
Спорттық тәжірибе көбінесе көп салалы – полидиномометрді қолданады. Тонометрді әдіс – жиырылу қуатын қосымша өлшейді. Бұлшық еттің пәшәнән анықтауға – ренген әдісін қолданады.
Биопсия әдісі - бұл микроскопты қолдану арқылы тірі гистологиялық, яғни операция кезінде алынған немесе диагностика үшін алынған ағзаларды немесе ұлпаларды.