Коммуникациялық қызметі (Communications as a Service, CaaS) – Интернет желісі немесе кез келген IP-желісі (VoIP) бойынша сигнал беруді, хабарлама (IM) алмасуды, видеоконференцияларды қамтамасыз ететін кәсіпорын үшін бұлтта құрылған коммуникациялық шешім. CaaS үлгісі қосымша төлем жасау арқылы коммуникация құралдары мен қызмет түрлерін ұлғайтуға болады.
Программалық жасақтама қызметі (Software as a Service, SaaS) – қолданушы «бұлттарда орналасқан» бұлттық сервис иелерінің меншігіндегі программалармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болатын модель түрі. Қолданушы кез келген жерден Интернетке қосылған компьютерлік құрылғы арқылы өз дереккөздерімен жұмыс жасай алады. Программаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, кететін шығындарды толығымен бұлттарды ұсынушы қызмет иелері өз мойнына алады да, ал қолданушы (егер қызмет ақылы болса) тек сол бұлттық сервисті қолданғаны үшін ғана айлық жарна төлеп отырады. Осылайша, тұтынушы өзіне керекті программаның лицензиясын сатып алуға көп шығындалмайды, ал программа құрастырушылар өз өнімдерінің заңсыз таралуынан және заңсыз пайдалануынан сақтандырылады.
SaaS моделінің өзгешелігі – тұтынушы белгілі бір программамен ғана емес, программалар жиынтығымен жұмыс істей алуында. Мысалы: Google Apps, Box.net, icloud.com, Яндекс.Диск, mail.kz және т.б SaaS моделінің тағы бір логикалық жалғасы ретінде соңғы кезде Desktop as a Service, DaaS моделі қолданылып жүр. DaaS моделін пайдаланғанда тұтынушылар өз қызметіне қажетті толығымен стандартталған «виртуалды жұмыс орнын» ала алады. Әр тұтынушы осы ұсынылған «виртуалды жұмыс орнын» өз қажетіне ыңғайлы етіп өзгерте алады.
Жабдықтарды есептеу қуаты (Hardware as a Service, HaaS) – виртуалдандыру технологиясын пайдалана отырып, жабдықтың есептеу ресурстарын ұсыну (оның уақыты, деректерді сақтау орындарының қуаттылығы, көлемділігі және т.б.).
Әдетте, қызметтер серверлер, супер компьютерлер және т.б. сияқты нақты есептеу жүйелерінің баламасы ретінде ұсынылады.
Жұмыс кеңістігін құру (Workspaceas a Service, WaaS) – жұмыс ортасын құру және ұсыну қызметі. SaaS сияқты программалық жасақтама қызметін ұсынады, яғни тұтынушыға оңтайлы ортаны қамтамасыз ететін жұмыс ортасын ұйымдастыратын қызмет түрі.
Мониторинг қызметі (Monitoringas a Service, MaaS) – мониторингтеу
және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұлтта программалық қамсыздандырумен қызмет көрсету.