Бұлтты технологиялар



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#128695
түріПрограмма
  1   2

Бұлтты технологиялар

  • 1. Кіріспе
  • 2.Негізгі бөлім
  • 1.1 Бұлтты технология түрлері
  • 1.2 Бұлтты технология қолданылуы
  • 3.Қорытынды

Бұлттық технологиялар (ағылш. Cloud technology, яғни Cloud – бұлт, цифрлық деректерді өңдеу технологиялары арқылы интернет-пайдаланушыға барлық қызмет түрлері бір аппараттық жүйеде біріктіріліп онлайн сервис ретінде ұсынылуы.

  • Бұл терминдер – компьютерде арнайы программалардың орнатуынсыз, Интернет желіге қосылған жалпыға қолжетімді деректер ортасын өңдеу, жүктеу және сақтау т.с.с. қашықтан басқарудың технологиялық мүмкіндіктерін ұсынатын виртуалды қызмет түрлерінің жалпыланған атауы
  •  Маңызды мәлімет. «Бұлттық есептеулер» ұғымы алғаш рет 1970 жылы америкалық ғалым Джозеф Карл Робнетт Ликлайдердің ARPANET (Advanced Research Projects Agency Network) желісінің құрылуына жауапты болуынан пайда болған.
  •  2002 жылы Amazon компаниясы бұлттық веб-сервисті әзірледі. 2006 жылы Amazon «Elastic Compute cloud» (EC2) деп аталатын сервисті іске қосты. Amazon EC2 және Amazon Simple Storage Service (S3) сервистері алғашқы қолжетімді және бұлттық есептеулер саласындағы көшбасшылардың бірі болды. Дүниежүзілік нарықта бұлттық технологияларды қолданысқа енгізген компаниялардың саны көбейді, олар: IBM, Microsoft, Google, HP, Atos, Cap Gemini, ал Қазақстандық компаниялардан «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұсынған Microsoft Hosted Exchange және Microsoft Hosted SharePoint, Қазтелепорт акционерлік қоғамы ұсынған «SmartCloud», KT Cloud Lab компаниясының инфокоммуникациялық кешендері (mycloud.kz) т.б

Бұлтты технология түрлері



Бұлттық технологиялар мақсатына қарай төрт түрге бөлінеді: Жеке бұлттар (private cloud). Жеке бұлтты дербес басқара алатын кәсіпорынның өзіне ғана,
сондағы жеке тұлғалар мен тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым
. Кәсіпорынның өзі де үшінші тараптың меншігі болуы мүмкін. Қоғамдық бұлттар (public cloud). Көпшіліктің Интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым.
Коммерциялық, ғылыми және үкіметтік ұйымдардың меншігінде болуы мүмкін.
Мысал ретінде әлеуметтік желілердегі Facebook, Twitter; Интернет желісіндегі Google, Яндекс т.с.с. қоғамдық бұлттарды аламыз. Ортақ бұлттар (community cloud). Ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфрақұрылым.
Басқару және қызмет көрсету мәселелері бойынша барлық жауапкершілік осы бұлттың иесіне жүктеледі.
Кез келген компания мен жеке тұтынушы қолданушы бола алады. Аралас бұлттар (hybrid cloud). Екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас үйлесімін атауға болады.
Осы модельді географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар немесе көптеген программалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.Көрсетілген бұлттық технологиялар мақсаттарына байланысты өмірдің әртүрлі салаларында қолданылып келеді.
Бұлттық технологиялардың қолдану салалары өте ауқымды: онлайн-аудармашылар, жедел төлемдер, видеобайланыс,
мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ мәтін, кесте, фотосуретпен жұмыс істеуге арналған әдеттегі программалар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет