Бұлтты технологиялар


Бұлттық сервис түрлері кімге қажет болуы мүмкін?



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#128695
түріПрограмма
1   2
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint (2)

Бұлттық сервис түрлері кімге қажет болуы мүмкін?

  • Білім беруде. Бұлттық технологиялар – оқу процесін ұйымдастыруда көмекші техникалық құрал. Бұлттық технологиялар білім беру процесін жеңілдетіп, сапасын арттырып қана қоймай, соңғы жаңалықтарға ілесе алатын ақпараттық мәдениеті қалыптасқан тұлғаны дамытуға көмектеседі. Білім беру процесінде қолданылатын бұлттық технологиялардың дүниежүзілік ең көп тараған түрі – Microsoft корпорациясы ұсынған Live@edu. Live@edu – пайдаланушылардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесуіне арналған құралдар жиынтығы.
  • Іскерлік салада. Бұлттық технологиялар – іскерлік саланы ұйымдастырудың оңтайлы тәсілі. Онлайн жұмыс орнының анағұрлым ұлғаюы мен жалпыға қолжетімді болуы – үлкен мүмкіндік. Іскерлік сала үшін тапсырыс беру мен тапсырыс алу арасындағы байланыс «жылдамдығы» маңызды.
  • Қаржы индустриясында. Жоғары жылдамдық, жұмыс жасау икемділігі, өз-өзіне қызмет көрсету мен қашықтан басқару тиімділігі барлық банк қызметкерлері үшін маңызды. Осы мәселелерді шешуде бұлттық технологиялар сұранысқа ие болды және банк бөлімшелері бұлттық ортаның ең белсенді тұтынушыларының біріне айналды. Қарқынды дамудың арқасында қаржы индустриясы алдыңғы қатардан көріне бастады. Қазіргі уақытта белсенді қолданыста жүрген бұлттық технологиялар: Microsoft Hosted SharePoint, oblako.kz, 1С Онлайн (Uchet.kz, ITSheff), 1С (Первый БИТ), SmartCloud, 1С бұлтта (1С-Рейтинг) және т.б.
  • Бұлттық технологиялардың қызмет түрлері нарықта жұмыс істеуі, қолдану салаларының ұлғаюы және оның толыққанды дамуы тиісті нормативтік құқықтық актілерді, ақпаратты қорғау стандарттары және т.б. қойылатын талап түрлеріне қатаң бағынады.

Қорытындылай келе

  • Бұлттық сервистер мынадай маңызды талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
  • Қолданушының сұранысы бойынша өз-өзіне қызмет көрсету ыңғайлылығы мен қолайлылығы. Қолданушы бұлттық сервис иелерінің араласуынсыз автоматты түрде өзіне көрсетілетін қызметтер;
  • Бұлттық қызмет түрлерінің жылдамдығы. Бұлттық ресурстар Интернет желі жылдамдығымен ілесе алуы;
  • Жедел реакция. Тұтынушыға берілетін бұлт ресурстарының көлемін тез және икемді түрде өзгерте алу мүмкіндігі (кеңейту немесе азайту), кез келген мөлшерде сатып алу қолайлылығы мен жылдам іске асуы.
  • Ликлайдердің айтуынша: «Құжаттар, ақпарат көздері бір үлкен виртуалды сервер болып табылатын «бұлтта» сақталады және өңделеді. Жер бетіндегі әрбір адам желіге қосылады, ол тек деректерді ғана емес, сонымен қатар программаларды да алатын болады». Ал «Бұлт­тық есеп­теу­лер» 1960 жылы америкалық ғалым Джон Маккартидің: «Қай уақытта болмасын компьютерлік есептеулер «жалпыхалықтық пайдалану» арқылы жүзеге асырылатын болады» деген тұжырымнан кейін пайда бола бастады.

Назарларыңызға рахмет!

Орындаған: Турдымуратова Дана, Сарсенбаева Шамсия



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет