Блум таксономиясы мүмкіндіктерін қолдану



бет2/4
Дата18.12.2023
өлшемі64 Kb.
#140483
1   2   3   4
Алдыма қойған мақсатым: Тарих сабағын оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып,оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру арқылы теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда мынадай міндеттерді алға қойдым:

  • Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, өз бетімен ақпараттар іздеуге дағдыландыру;

  • Жеке тұлғаны және оның шығармашылық қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту;

  • Оқушыларды қазіргі заманғы жаңа техникаларды меңгере білуге дағдыландыру, оны оқу үрдісінде кеңінен қолдану;

Күтілетін нәтиже: қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім – тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытуда жеке тұлға әр сапада көрініп, өзіне ғана тән жеке тұлғаға қажетті қалыптасатыны анық.
Блум таксономиясы бойынша тарих сабағында қолданған категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмаларымның үлгісі.
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Шәкірт:

  • Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);

  • Тарихи оқиғаларды біледі

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,

  • Негізгі ұғымдарды біледі;

*хронологиялык кезеңдерді біледі
Тапсырмалар түрі:
Кім Қашан? Қайда? Атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
Мысалдар:
- тарих ұғымы нені білдіреді
- тарихты окып білу не үшін қажет
- адамды кім жаратты
- тас дәуірі .қола дәуірі . темір дәуірі.
ІІ. Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, ағылшын тілінде берілген командалар атын қазақшаға аудару; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Шәкірт:

  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Тапсырмалар түрі:
Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; суретті түсіндіріп беріңіз.
Мысалдар:
- алғашқы адамдардың шығу тарихы
- тас дәуірі мен қола дәуірі
- Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;
- Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет