Блум таксономиясы мүмкіндіктерін қолдану



бет3/4
Дата18.12.2023
өлшемі64 Kb.
#140483
1   2   3   4
Байланысты:
blum-taksonomiyasy-mmkndktern-oldanu

ІІІ. Қолдану.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда тарихи ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Шәкірт:
- Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
- Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
- Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
Тапсырмалар түрі:
Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.
Мысал:
Оқушыларда бума мен файл туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар бума құрып, онда файлды орналастырып беруi керек.
ІV. Талдау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Шәкірт:
- «Сандар сөйлейді» кестесі арқылы тарихи оқиғаларды ашады;
- Тарихи сынақ хат арқылы мәлімет алады
- Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
- Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Тапсырмалар түрі:
Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
Мысалдар:
- Ежелгі заман тарихы мен орта ғасыр тарихын салыстырыңыз.
- Тарихи кезеңдердің бір бірінен айырмашылығы қандай?
- Антропология дегенді қалай түсiнесiз?
V.Синтез (жинақтау, жүйелеу).
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. .Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Шәкірт:
- Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
- Тарихи құндылықтарды дәріптеудің жоспарын ұсынады;
- Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
Тапсырмалар түрі:
Өз шешіміңізді табыңыз, зерттеңіз, зерделеңіз, мағынасын ашыңыз, тұлғаны таныңыз.
Мысалдар:
1.Эссе, шығарма, өлең жазу шешендiк (ораторлық) сөз, батырлар, лиро эпостық жырларын жаттау.
2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет