VІ. Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Шәкірт:
- Оқу материалы құрылымының жазбаша түрде бағалайды;
- Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
- Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Мысал:
«Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?» деген пiкiрталас туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа мыңжылдық талабына сай, мұғалім–бақылаушы емес, бағалаушы да емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Қазір менің алдымда орта буын оқушылары отыр. Сөзім дәйекті болу үшін жоғарыда көрсетілген блум таксономиясын өз тәжірибемде қалай, қандай жолдармен іске асыратыныма тоқталайын.