Блум таксономиясының «білу» деңгейі бойынша сұрақтар



бет1/3
Дата27.12.2022
өлшемі320,31 Kb.
#59861
  1   2   3

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Физика-математика факультеті
Физика кафедрасы
«Бекітемін»
Факультет деканы
__________ А.Т.Аймукатов
«__» __________ 2022 ж.
6B01508 Математика-Физика ББ, 6В05301-Физика ББ 2 курс студенттері үшін
«Молекулалық физика» пәнінен
емтихан материалдары

Ақтөбе, 2022 ж.


Блум таксономиясының «білу» деңгейі бойынша сұрақтар



  1. Ең ықтимал жылдамдық. Ең ықтимал жылдамдыққа сәйкес келетін молекуланың кинетикалық энергиясының формуласын жазыңыз.

  2. Орташа арифметикалық жылдамдық, орташа квадраттық жылдамдық және ең ықтимал жылдамдықтарды анықтайтын өрнектерді, осы есептелген үш жылдамдықтар арасындағы байланысты көрсетіңіз.

  3. Ыдыстың қабырғасының бірлік ауданымен бірлік уақытта молекулалардың соқтығысу саны дегеніміз не? Формулсын жазыңыз.

  4. Тығыздық. Меншікті қасиеттер. Бірлік көлемдегі молекула саны. Массалық тығыздықтың сандық тығыздықпен байланысын көрсетіңіз.

  5. Концентрация дегеніміз не? Көлемдік, салыстырмалы мольдік, салыстырмалы массалық концентрация формулаларын жазыңыз.

  6. Парциал қысым және оның қоспадағы мольдік үлесімен қалай байланысады? Дальтон заңын жазыңыз және анықтамасын тұжырымдаңыз.

  7. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясының формуласын жазыңыз.

  8. Идеал газдың жылу сыйымдылығы дегеніміз не? Меншікті жылу сыйымдылық, мольдік жылу сыйымдылық формулаларын және олардың өлшем бірліктерін жазыңыз.

  9. Изохоралық процестегі жылус сыйымдылыққа анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз.

  10. Еркіндік дәрежелер саны туралы мәлімдеңіз, мысалдар келтіріңіз. Газдардың жылу сыйымдылығы арасындағы қатынастар және оларды молекулалардың еркіндік дәрежелер саны арқылы бейнелеуді түсіндіріңіз.

  11. Бойль-Мариотт заңын формуласын жазыңыз. Графиктерін әр түрлі диаграммаларда сызып көрсетіңіз.

  12. Гей-Люссак заңын жазыңыз. Графиктерін әр түрлі диаграммаларда сызып көрсетіңіз.

  13. Шарль заңын жазыңыз. Графиктерін әр түрлі диаграммаларда сызып көрсетіңіз.

  14. Кристалл симметриясының элементтері қандай? Кристалдардың және кристалдық жүйелердің классификацияларын атаңыз.

  15. Элементар ұяшық дегеніміз не? Кристалдың физикалық типтерін көрсетіңіз. Кристалдағы ақаулар туралы түсіндіріңіз.

  16. Қатты денелердің жылу сыйымдылығы? Дюлонг-Пти заңын тұжырымдаңыз.

  17. Бірінші және екінші текті фазалық ауысулар туралы түсінік беріңіз. Үш фазалы жүйенің күй диаграммасын сызып көрсетіңіз.

  18. Клапейрон-Клаузиус теңдеуін жазыңыз. Үштік нүкте дегеніміз не?

  19. Екі сұйықтың және сұйық пен қатты дененің шекарасындағы тепе-теңдік жағдайларын қандай? Лаплас формуласын жазып көрсетіңіз.

  20. Политроптық процеске анықтама беріңіз. Политроп теңдеуін жазыңыз.

  21. Жылудың механикалық жұмысқа айналуы. Циклдік процестерге анықтама беріңіз. Цикл жұмысы қандай болады?

  22. Кельвин принципін тұжырымдаңыз. Екінші текті мәңгілік қозғалтқышы (двигателі) туралы айтыңыз.

  23. Карно циклі дегеніміз не? Карно циклінің пайдалы әсер коэффициентінің формуласын жазыңыз. Карно циклі бойынша істелетін жұмысқа формуласын жазыңыз. Карно теоремаларын тұжырымдаңыз.

  24. Келтірілген жылу дегеніміз не? Энтропия және энтропия күй функциясы туралы түсінік беріңіз.

  25. Ван-дер-Ваальс газының ішкі энергиясының формуласын жазыңыз. Нақты газдардың жылу сыйымдылығы қандай болады?

  26. Термодинамиканың екінші бастамасының анықтамасын айтыңыз және формуласын жазыңыз.

  27. Термодинамикалық тепе-теңдік теңдеуі. Клаузиус теңсіздігін формуласын жазыңыз.

  28. Жылуөткізгіштік. Жылуөткізгіштік процесінің негізгі заңы, Фурье заңы. Жылуөткізгіштік коэффициенті және қысым мен температураға тәуелділігі түсіндіріңіз.

  29. Тұтқырлыққа (ішкі үйкеліс) сипаттама беріңіз. Ньютонның үйкеліс заңын түсіндіріңіз. Тұтқырлық (ішкі үйкеліс) коэффициенті және қысым мен температураға тәуелділігін сипаттаңыз.

  30. Диффузия. Фиктің бірінші заңын сипаттаңыз. Диффузия коэффициенті және қысым мен температураға тәуелділігін сипаттаңыз.



Блум таксономиясының «түсіну» деңгейі бойынша сұрақтар



  1. Молекула-кинетикалық теорияның негіздеріне түсініктеме беріңіз.

  2. Материялық денелердің молекула-кинетикалық моделі. Заттың құрылымдық элементтері. Зат мөлшеріне түсініктеме беріңіз, мысалдар келтіріңіз.

  3. Молекулалық жүйенің статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері мен заңдылықтарына түсініктеме беріңіз, мысалдар келтіріңіз.

  4. Газдың қысымының пайда болуын түсіндіріңіз. Қысымның жалпы анықтамасы. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі (қорыту қажет).

  5. Қысымның бірлік көлемдегі молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергиясымен байланысына сипаттама беріңіз. Бернулли теңдеуін қорытыңыз.

  6. Қысымның физикалық мағынасы түсіндіріңіз. Газдың қысымы молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының энергиясы тығыздығымен анықталатынын дәлелдеңіз.

  7. Қысымның газдың тығыздығымен байланысын дәлелдеңіз және қысым мен тығыздық арқылы газдың молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын анықтаңыз. Қалыпты жағдайдағы оттегінің молекулаларының жылдамдығын есептеңіз.

  8. Температура ұғымына түсініктеме беріңіз. Температуралық шкала, реперлік нүктелер, температураны анықтайтын өрнек, Кельвин шкаласы, термодинамикалық температуралық шкаласы, Цельсий шкаласы сипаттаңыз.

  9. Температураның молекула-кинетикалық теория тұрғысынан мағынасын түсіндіріңіз. Больцман тұрақтысын анықтау жолын баяндаңыз.

  10. Идеал газ күйінің теңдеуі, оның жалпы анықталмаған түрін сипаттаңыз. Қысымның газдың сандық тығыздығымен байланысын анықтаңыз.

  11. Менделеев-Клапейрон теңдеуін молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуінен қорытыңыз. Идеал газдың кез келген m массасы үшін жазылған күй теңдеуі.

  12. Молекулалық жүйедегі кездейсоқ оқиғалар мен кездейсоқ шамалар. Броундық қозғалыс және оны молекулалық физикада байқалатын кездейсоқ шамалар мысалы ретінде қарастырыңыз.

  13. Ықтималдық. А оқиғаның P(А) ықтималдығы және оның қасиеттерін сипаттап, мысалдар келтіре отырып түсіндірме беріңіз.

  14. Ықтималдық тығыздығы, нормалау шартын сипаттаңыз және мысалдар келтіріңіз.

  15. Флуктуация. m шаманың флуктуациясының жүйенің бөлшектер санына тәуелділігін сипаттаңыз.Салыстырмалы флуктуация және оның жүйенің бөлшектер санына тәуелділігін анықтаңыз.

  16. Изотермдік жағдайда ауаның қысымының Жердің бетінен биіктікке тәуелділігін дәлелдеңіз. Барометрлік формуланы қорытыңыз. Больцман үлестірілуін (заңын) талдаңыз.

  17. Максвеллдің үлестірілуінің (таралуы) әдеттегі түрі (формуласы) талдау жасаңыз. dv - шама v жылдамдықтары мен dv интервалында жататын n газдың несін анықтайды?

  18. Молекуланың жылдамдығына тәуелді функцияның (скалярлық, векторлық немесе тензорлық) орташа мәнін f үлестірілу функциясы арқылы анықтау. Мысал келтіріңіз.

  19. Газдардың қасиеттерінің идеалдықтан ауытқуын сипаттаңыз. Идеал және нақты газдың сығылғыштық коэффициентін түсіндіріңіз.

  20. Эндрюстің эксперименттік изотермдеріне талдау жасаңыз. Нақты газдар изотермдеріне талдау жүргізіңіз. Критикалық немесе сындық изотерм, критикалық температура ТК, критикалық қысым рК, критикалық көлем VК туралы түсініктеме беріңіз.

  21. Ван-дер-Ваальс теңдеуін қорытыңыз және сипаттаңыз. Молекулалар арасындағы тебу және тартылыс күштерін ескеруді түсіндіріңіз.

  22. Ван-дер-Ваальс изотермдері және оларға талдау жасаңыз. Орнықсыз (стабильді емес), метастабильді күйлерді сипаттаңыз. Аса қаныққан бу, асыра қыздырылған сұйық туралы түсінік беріңіз.

  23. Термодинамиканың бірінші бастамасы (заңы) және оның физикалық мағынасын түсіндіріңіз.

  24. Термодинамиканың бірінші бастамасының бірінші текті мәңгілік қозғалтқыш жасауға тиым салуын түсіндіріңіз.

  25. Изобарлық процестегі жылусыйымдылыққа сипаттама беріңіз. Майер теңдеуін қорытыңыз. Универсал газ тұрақтысының физикалық мәнін түсіндіріңіз.

  26. Термодинамиканың бірінші бастамасы мен идеал газ күйінің теңдеуін изохоралық процесті сипаттау үшін қолдану: газ күйінің теңдеуі; жұмыс, p=f(V) диаграммада жұмыстың графиктік бейнеленуі; процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы; жылу сыйымдылық.

  27. Термодинамиканың бірінші бастамасы мен идеал газ күйінің теңдеуін изотермдік процесті сипаттау үшін қолдану: газ күйінің теңдеуі; жұмыс, p=f(V) диаграммада жұмыстың графиктік бейнеленуі; процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы; жылу сыйымдылық.

  28. Термодинамиканың бірінші бастамасы мен идеал газ күйінің теңдеуін изобарлық процесті сипаттау үшін қолдану: газ күйінің теңдеуі; жұмыс, p=f(V) диаграммада жұмыстың графиктік бейнеленуі; процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы.

  29. Адиабаттық процесс туралы сипаттама беріңіз. Пуассон теңдеуі (қорыту қажет).

  30. Адиабаттық процестегі газ күйінің теңдеуі; жұмыс, p=f(V) диаграммада жұмыстың графиктік бейнеленуі; процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы; жылу сыйымдылық.



Блум таксономиясының «қолдану» деңгейі бойынша сұрақтар



  1. Қысымы 300 мм сын.бағ. болғанда тығыздығы 0,3 г/л газ молекуласының орташа квадраттық, орташа арифметикалық, ең ықтимал жылдамдықтарын табу керек.

Дано:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет