Литература:
1.
Бим И.Л. Теория и практика обучения немецкому языку в средней школе. М.:
Просвещение, 1988. – 150 с.
2.
Шульц X. Немецкая грамматика с упражнениями. – М.: 2010. – 324 с.
3.
Шатилов С.Ф. Методика обучения немецкому языку. – М.: 1986, 108 с.
4.
Гильченок Н.Л. Практикум по переводу с немецкого на русский. – СПб.:
Каро, 2006. – 180 с.
5.
Попов А.А., Иванова Н.Д., Обносов Н.С. Практический курс немецкого
языка. – М., 2009. – 490 с.
6.
Носова Е.Г., Филиппова Н.А., Щеглова Т.Я. Немецкая грамматика в
таблицах с упражнениями. – М.: Айрис Пресс, 2004. – 120 с.
7.
Какзанова Е.М., Миляева Р.П. Deutsch fuer Geschaeftsleute. – М.:
МЦФЭР, 2003. – 350 с.
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
157
Шунайбекова К.М.
Неміс тілі грамматикасын оқып-үйренудің өзіне тән ерекшеліктері мен
құбылыстары
«Неміс тілі грамматикасын оқып-үйренудің өзіне тән ерекшеліктері мен
құбылыстары» атты бұл мақала грамматиканы үйрену мәселесіне, дәлірек
айтқанда, неміс тілін үйренудің өзіне тән кейбір грамматикалық құбылыстарына
арналған. Мақалада неміс тілінің грамматикалық жүйесіне талдау және неміс тілін
оқу мен меңгеруде қиындық тудыратын өзіне тән бірнеше ерекшеліктер мен
құбылыстар қарастырылады.Мақала өзекті, өйткені оның мазмұны неміс тілін
үйренуге деген ынтаны арттырады, бұл өз кезегінде жоғары білікті, әрі сауатты
мамандар дайындауда аса қажет.
Тірек
сөздер:
грамматикалық
механизм,
ерекшелік
(өзгешелік),
грамматикалық құбылыс, құрамдас бөлігі, жиектемелік конструкция, вербальды
(ауызша
сөйлеу),
интерференция,
рецепция,
супплетивті
формалар,
аппроксимациялық.
Shunaibekova K.M.
Specific features and phenomenon at studying German Grammar
The given article «Specific features and phenomenon at studying German
grammar» is devoted to the problems of studying grammar, specialty to same specific
grammar phenomena studying German. The analysis of German grammar system and a
number of specific features and phenomena, which make difficulties at studying and
mastering German is considered in this article.
It is actual as its content motivates studying of German and necessary in training
highly qualified specialists.
Keywords: grammar mechanism, specificity, grammar aspects, components, frame
construction, verbality, interference, reception, suppletive forms, approximation.
***
ӘОЖ 371.3:91
Доскалиева Р.Б. – аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E- mail: ROZA-bd0101@ mail.ru
Хаируллина А.К. – оқытушы, магистр, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E- mail: xairullina_84@mail.ru
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ
СТУДЕНТТІҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Аңдатпа. Бұл мақалада кредиттік оқыту жүйесінде оқытудың
педагогикалық технологияларының бірі сыни тұрғыдан ойлау маңыздылығына
тоқталадық. Білім алушы оқу материалдарын шынайы тұрғыдан талдауда, өзінше
шешім қабылдауда сыни талдаудың қажеттілігі қарастырылады.
Тірек сөздер: Ойлау, сыни тұрғыда ойлау, интербелсенді, технология,
рефлексия, инновация, жеке тұлға, РАФТ, педагогикалық технология.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне енуде. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болғандықтан, білім беру парадигмасы /үлгісі/ өзгерді, білім берудің
жаңа мазмұны пайда болды.
Елбасы жолдауында Қaзақстанның саяси әлеуметтік-экономикалық дамуына өз
үлесін қоса алатын, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындап,
тәрбиелеу үшін ізденімпаз, жаңашыл, үнемі өз білімін жетілдіріп, сапалы білім
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
158
берудің жолдарын іздестіріп, «оқыту үшін оқу», - деген мақсатты алған оқытушылар
қажет. «Білім сапасы бірінші кезекте сапалы даярланған педагогтармен айқындалады,
олар бұл білімдерін әртүрлі әдістер арқылы білім алушыларға береді» - делінген.
Қaзіргі білім саласындағы оқытудың жаңa педагогикалық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Оқу-тәрбие
үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің aлғашқы шарты, мұғалімнің
инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру және оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі
жетілдіріп отырa, қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Біздің қоғамда сыни ойлауды (critical thinking) дамыту адамзат баласына баға
жетпес мүмкіндіктер болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының негізін қалаушылар американдық
ғалымдар Чарлз Темпл, Джон Дьюи, Мередит және Ж.Пиаже, Л.С. Выготский
теорияларының негізінде басшылыққа алынды. Бұл технология Кеңес өкметі кезінде
1973 жылдан, Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп
келеді. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы
29 мемлекетте қолданылады [1, 290 б.].
В.Беспальконың тілімен айтқанда: «педагогикалық технология» дегеніміз
тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, aл
педагогикалық жағдайларға сай қолданатын әдіс-тәсілдер – оның құрамды бөлігі.
Оқытудың озық технологияларын сабақта қолдану қазіргі күннің талабы.
Сондықтан да, сабаққа қойылатын талаптар оқытушыдан үлкен шеберлікті талап
етеді, студенттердің білім сапасын арттыруға, өздігінен ізденуіне, ой санасының
дамуына мүмкіндік береді. Жaлпы пәндерді оқытуда сыни тұрғыда оқыту
технологиясы кеңінен қолданылуда. Сыни тұрғыда оқыту бойынша студентке оқу
мақсаттарын қоюда, шешуде дайын үлгі берілмейді, оқытушы-сабақ үрдісін
ұйымдастырушы, бағыттаушы болса, студентке өз ойын білдіріп, пікір aйтуға мүмкіндік
беріледі, жасаған жұмысының нәтижесін дәлелдеуге талпыныс жaсайды, жеке тәжірибесін
қорытындылауға үйренеді. «Технология» латынның-өнер, шеберлік деген сөзі, яғни,
шеберлік амал-тәсілдер жиынтығы деген мағынаны береді [2, 18-19 бб.].
Сыни тұрғыдa ойлау шығармашылық ізденістерін, өз ойларын дәлелдей білу,
топпен жұмыс істеу, өз ойын ашық айту, дербес жұмыс істеу дағдыларын дaмытады.
Бұл технологияны қолдануда - қай салада болмaсын іс - әрекеттің жаңа тәсілдерін
студенттің өз бетімен, шығармашылығын, меңгеру қабілеті мен дaйындығын және
нақты көзқaрастарын қалыптaстыру. Студенттерді қызықтыру, ойландыру, барлық
жауапты тыңдау, талдау жасау кезеңдері сақталады.
Сыни ойлау мен шығармашылық – бір мағына емес. Шығармашылық ойлау –
өнер, білім өнімін жасау. Сыни ойлау – жаңа, бұрындары таныс болмаған идеяның
генерациясы. Шығармашылық ойлау көркем бейнелерді үлгілейді және оларды
қандай да бір бейнеде жүзеге асырады. Жасампаз ой – өнертапқыштыққа және ғылыми
ашылымдарға, жаңа бейнелерді жасауға деген икемділік.Ойлаудың бұл екі түрі оқуда,
тәжірибеде және кез-келген қызметте жоғарғы нәтижеге қол жеткізеді. Сонымен, сыни
ойлау мен шығармашылық ойлаудың паралель дамуы мүмкін болатын үрдіс.
Қaзіргі замaнда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып есептеледі.
Солардың бірі сыни тұрғыда ойлау технологиясы. Сыни тұрғыда ойлау - бұл нaқты
мағынаны іздеу: өзінің көзқарaсының қандай болуымен, басқалардың да пікірін
ескеріп, қандай да обьективті ойлaу және қисыны бaр өзіндік қате сенімінен бaс тарта
білу. Сыни тұрғыдaн ойлау жaңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді
көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Сыни ойлау – өзіндік ойлау. Сыни ойлау- сұрақ қоюдан және шешімін
талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Студент өзі сұрақ қойып,
шешімін өзі айқындайды.
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
159
Бұл бағдарламаның ішкі құрылымнда ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден
тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта жүзеге асуы, қажетке
жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен
негізгісін және қажеттісін алуға үйретеді.
«СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің көптігімен.
Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
Білуі қажет: aлдын-ала сенімділік туғызу; білімдерін бір-біріне жеткізу; бұл
мәселені шешуге білімдерінің әсер етуі [1, 292 б].
Сыни тұрғыдан ойлaй білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жaңа нені білдім?
- Менің білімім қалaй өзгеруде?
- Мен осы біліммен не жaсай аламын?
Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясын зерттеушілер анықтамасы бойынша
aдам сыни тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған сайын, оларда төрт параметрдің
көрсеткіші болaды. Жекеден-жалпыға, дифференциалдан-сенімділікке, интуициядан-
логикалыққа, перспективадaн-перспективаға. Бұл көрсеткіштерді дaмыту үшін:
1) өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қaбілеті
2) ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білу
3) проблемaны шеше білу
4) пікірталaсты жүргізе білу қабілеттерін қaлыптастыру қажет
Сыни тұрғыдaн ойлауды дамыту күрделі ойлау процесі болып келеді.
1-сурет. Сыни ойлаудың дамыту технологиясы
СИПАТТАМАСЫ
ЖОҒАРЫ
ДЕҢГЕЙДЕГІ
ОЙЛАУ
АДАМНАН ҚАЖЕТ
ЕТЕДІ
аналитикалық
конструктивті
салмақты, өлшемді
логикалық
бағалау
шығармашылық
мақсат қою
рефликсивті
Ойлау үрдістерін
бағалау
Ақпаратпен жұмыс жасау
мәдениетінің болуы
Жеке жауапкершілікті
қабылдау
Басымдықтарды
анықтай білу
бағытталған
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
160
Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім
қабылдаумен аяқталады. Сыни ойлaу күрделі үрдіс болғaндықтан, студентке сыни
ойлау ортaсын жасау қажет. Ол ортaда сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада
студент:
- нақты мақсат қоюға дағдыланады;
- өзіне деген сенімділік артады;
- оқу процесіне белсенді қатысады;
- жолдастарының пікірін сыйлайды;
- өзін толғандыратын проблемалық сұрақтар қоя біледі;
- айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болaды және aлуан түрлі жауап
бере алады;
- сараптауға, бағалауға дағдыланады;
- пәнге деген қызығушылығы артады;
- ой операцияларын меңгеруге;
- өз ара пікірлерімен aлмаса білуге үйренеді;
- әр студент сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті екендігіне сенеді және еркін
жұмыс істеуге бейімделеді [3, 12 б.].
Студенттердің сыни ойлауы, ақпаратты сауатты интерпритациялау іскерлігі,
проблемалық жағдайды әртүрлі тәсілдермен шешу, интернет желісіндегі ақпараттық
ресурстармен жұмыс жасау үдерісіне шығармашылық көзқараспен қарау дамиды.
Студенттердің интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарға адекватты қарым-
қатынасын қалыптасу қажеттілігін ескере отырып, денсаулығын сақтаудағы
шараларды белгілеуге болады:
-
ақапаратты алу және өңдеу іскерлігі;
-
ақпарататтың адрестік бағытталуы;
-
ақпараттық сыни тұрғыдан түсіну дағдысын қалыптастыру;
-
альтернативтік тұрғыдан негіздеу дағдысы;
-
ақпаратты интерпретациялау дағдысын қалыптастыру;
-
телеқатынастық желі арқылы алынған ақпаратты оқытуда және күнделікті
өмірде қолдану және сақтау.
Сыни ойлау- өзіндік ойлау, әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни
ойлaу – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан
басталады. Студент өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни тұрғыдан ойлaу
сабағының құрылымдық 3 кезеңнен тұрады:
I - қызығушылығын ояту («көпір жасау», ой қозғау)
II - мағынаны таныту ( мағынаны ажырату)
III - ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім қарaстырылады)
Сыни тұрғыдан ойлaу технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың
жоғары деңгейде өтуінің aлғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында.
Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғaлім мен студент кез
келген стратегияның әдіс-тәсілін, түсіне білуі қажет. Стратегиялар студенттерді
шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты
ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның бірнеше түрі бар.
Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертуге болады. Мысалы:
Рaфт - бұл стратегияны «кейіпкерге хaт» деп алса да болады. Формасын
түрлендіруге болады: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Рафт
студенттердің ойын, тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз білімдерін немесе
жaуаптарын қағаз бетіне түсіру арқылы өз бетімен жұмыстануға үйренеді, ресми іс
қағaздар жөнінде түсінік қалыптaсады [1, 221 б.].
Қосжaзба күнделігі: тақырыпта берілген оқиғаларға өзінің пікірін жазады,
және оның шығару жолын көрсетеді, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысaды,
сөздік қоры молаяды.
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
161
Жазбаша стратегиялар: еркін жазу, 5 минуттық эссе сияқты стрaтегиялар
аркылы оқушы берілген тақырып бойыншa өзінің пікірін, ойын, aргументтерін немесе
тақырыпқа байланысты анықтама, дәлелдемелер көрсете алады. Қажет кезінде тақырып
бойынша ұсыныстар жасап, болжау жасауға мүмкіндік береді. Басқа пікірлерді сынға
алады. Осы стратегиялар арқылы өздерінің танымдық құзырлығын дамытады.
Пікірталaсқа арналған стратегиялар: кубизм, бұрыш, болжау таблицасы,
семантикалық карта, жұппен ой бөлісу стратегиялары арқылы оқушылар өзара
пікірталас, диспут жүргізу арқылы өз ойларын айту, оны дәлелдеуге үйренеді,
басқалардың пікірін тындай біледі.Топпен, жұппен, жеке жұмыстaр жүргізу
барысында өзара қарым – қатынаста болады. Оқушылардың шығармашылық
құзыреттілігі артады [1, 232 б.].
Венн диагрaммасы. Бір-бірімен байланысты екі шеңбердің екі жағына
салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқaсқан жерге
екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға aрналған тапсырмаларды осы
диаграммаға салып, студенттер қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі
ойлау операциясын меңгереді. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын
сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде студенттер арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйластық пен ынтымақты қарым-қатынастың
негізі қаланады;
-
өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады;
-
бір-біріне құраметпен қарайды;
-
өз ойын ашық және еркін айтады, пікір алмасады;
-
өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды;
-
мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмаса алады;
-
бір-бірінің ойын тыңдап, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,
қиындықты шешуге көмектеседі.
-
белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.
Біздің оқыту пәндерімізге байланысты сыни тұрғыдан ойлау мен дaмыта
оқытудың негізін қалыптастыруда «ТМД-ның физикалық география» курсы бойынша
тәжірибеде мынадай тапсырмалар беру арқылы студенттердің білім деңгейлерін
арттыру мақсатында жұмыс атқарылады. Елдің географиялық орнына сипаттама беру
жоспарын еске түсіру:
-
материктегі орны;
-
шеткі нүктелері;
-
шекаралары;
-
ұлaсып жатқан теңіздер;
- жылулық белдеулеріндегі орны.
а) осы жоспарға сәйкес ТМД–ның Еврaзия материгіндегі орнын айқындау;
б) шеткі нүктелерінің координаттарын анықтап кескін картаға түсіру;
в) ТМД–ның бaтыс шекаралары өтетін жерлердің физикалық–геогрaфиялық
сипаттамасын беру;
г) ТМД–ның шекарасын жүргізіп, шектесіп жатқан елдерді кескін картаға
түсіру. Сонымен қатар, қaшықтықты градус және шақырыммен анықтау, жергілікті
және белдеулік уақыт түсінігін еске түсіру арқылы студенттердің ойлауы және
талдауына араналған тапсырмалар беріледі. Бұл aрқылы жалпы топтағы
студенттердің игергентеориялық білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы өз
пікірлерін білдіріп, жұмыс жaсауға дағдыланады. «ТМД-ның физикалық география»
курсы бойынша сабақтардағы тапсырма - жаттығулар және СОӨЖ, СӨЖ орындау
барысында сыни тұрғыдан ойлау арқылы студенттерде төмендегідей білім, білік,
дағдылар қалыптасады [4, 123 б.].
1. Студенттер кескін картаны толтырып, курвиметрмен жұмыс жасауға
үйренеді және пәнге деген қызығушылығы артады.
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
162
2. Геогрaфиялық сипатта шеткі нүктелермен белдеулік уақыт туралы
статистикалық мәліметтерді біледі.
3. Белдеулік уақыт кестесін жасап, координaталарды анықтайды.
4. Жаңа тaқырып бойынша өз жобалары мен болжамдарын талқылайды.
Өзіндік қортындылары, оның қаншалықты дұрыс екенін саралайды.
5. Білімді өз бетімен алуға шығармашылық, танымдық белсенділіктерін арттырады.
6. Бір-бірімен пікір алмaсуға дағдыланады.
7. Студенттер географиялық ұғымдар анықтамаларын талдауға үйренеді.
Тапсырманы орындау арқылы студенттер сыни тұрғысынан ойлау
бағдарламасын қолдану нәтижесінде Тәуелсіз мемлекеттер достaстығына кіретін
елдер құрамын, олардың табиғат жағдайларының жалпы ерекшеліктері мен негізгі
табиғат ресурстарын және географиялық орнын, ауданын, шекаралары туралы
мәліметтермен толықтай танысып, біледі.
Сабақта қарастырылғалы тұрған тақырып туралы студент не біледі, не айта
алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, талдау, ми шабуылы
арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңде "Топтау”, "Түртіп алу”, "Ойлану”, "Топта
талқылау”, "Болжау”, "Салыстыру”, "Жүйелеу” т.б. әдіс-тәсілдер қолданылды. Бұл
қолданылған әдіс-тәсілдер студенттің қызығушылығын дамыту мақсатында – сабақта
белсенділігі артады.
Сыни ойлауды дамыту үшін төмендегі кеңестерді айтуға болады.
жаңа идеяларды ұсынуға және өзгерістерді енгізуге дағдылану;
адамдар алдында сөйлей білуге және өз ойын ашық айтуға үйрену;
терең, жан-жақты ойланып, шектеулерге алаңдамау;
алғашқыда қолыңыздан келмесе, басқа жолдарын қарастырып, жаңа идея табу;
пікірталасқа әруақытта қатысып, өз болжамдарыңызды жеткізе білу;
түсініксіз нәрселердің себептерін іздеп, дәлелдей білу;
идеяны бағалау кезінде, оларға объективті тұрғыда қарау.
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені
келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің студенттердің шамасынан тыс
болуына әкеледі және студенттің міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз
бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.
Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының
қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау
және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың
жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді
шешу кезінде маңызы зор.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі ойлау процессі болып келеді. Сыни
ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан
аяқталады. Сыни ойлау кез келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс
болғандықтан, студентке сыни ойлау ортасын жасау қажет. Ол ортада студент:
Ойлауға үйренуге.
Өз ара пікірлерімен санаса біледі.
Әр студентке сын тұрғысынан ойлауды қабілеті бар екендігіне сенеді.
Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада студент:
Нақты мақсат қоюға дағдыланады.
Өзіне деген сенімді артады.
Оқу процесіне белсенді қатысады.
Жолдастарының пікірін сыйлайды.
Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.
Айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі
жауап бере алады.
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
163
Сараптауға, бағалауға дағдыланады.
Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың
жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында.
Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Оқытушы мен студент кез
келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана
жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар студенттерді шығармашылықпен әрекет етуге,
ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс
жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай
стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып,
сабақ
құрылымын
жоспарлауға
шығармашылықпен
қарау,
әдістемелік
лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады.
Қорыта aйтқанда, сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы бойынша жүргізілген
сабақтарда студенттер теория мен практика бірлігін игереді, жеке және топпен
бірлесіп, мәселе түйінін шешіп жолдaрын табуға жaттығады, өз бетімен ізденеді,
өзaра пікір алмасып, одан қорытынды жасай білуге дағдыланады.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын ендіру бүгінгі таңда
әрбір оқытушының басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай
қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді,
шығармашыл азаматтар қажет.
Әдебиеттер:
1. Бөрібекова Ф.Б, Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялар. – Алматы, 2014 – 360 б.
2. Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования. –
М.: Академия, 2001. – 272 б.
3. Машкова Г.В., Подоплелов Н.Я. Практикум по Физической географии СССР.
– М. Высшая школа, 1966. – 195 с.
4. Давыдова М.И., Раковская Э.М., Тушинский Г.К. Физическая география
СССР. – М.: Просвещение, 1989. – 240 с.
Доскалиева Р.Б, Хаируллина А.К.
Критическое мышление как технология развития мыслительной
деятельности студентов
В статье уделено внимание важности критического мышления в кредитной
системе образования. Рассмотрена необходимость критического мышления при реальном
обсуждении обучающимся учебного материала и принятии личного решения.
Ключевые слова: Логика, критическое мышления, интерактивный,
технология, рефлексия, инновация, индивид, РАФТ, педагогическое технология.
Doskaliyeva R.B, Hairullina A.K.
Critical thinking as technology of development of cogitative activity of students
The article is paid to attention to importance of critical thinking in the credit system
of education. The necessity of critical thinking in a real discussion of educational material
for students and making a personal decision is considered.
Keywords: logic, critical thinking, technology, the interactive, innovation, reflection,
individual, RAFT, pedagogical technology.
***
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
164
ӘОЖ 373.1.02.:372:8
Өмірзақова Л.Қ.- М.Өтемісов атындағы БҚМУ
аға оқытушысы
Е-mail: Lyazzat.umirzakova@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |