«Үкім шықты» өленің ұсынамыз
Кенет сөйлеп радио қоя берді,
Ызғарлы үні жарғандай қара жерді.
Үкім шықты тыңдаңдар-тыңдаңдар деп,
Айдаһардай айбаттанып дүрілдеді.
Одан әрі тізімді оқып сақылдады,
Ел-жұрт бар деп, арсыз үн тартынбады.
Қазақтың боздақтарын қамап алып,
Қойға шапқан қасқырдай алқымдады.
Туған жылын, аттарын атап жатты,
Бір-біріне қосақтап, матап жатты.
Көзімде жас, кеудемді қайғы керіп,
Шабақталып, жүрегім, қанға батты...
Қайталап қақылдады сағат сайын,
Халықты қара түнек, басты уайым.
Жазаның ең ауырын атағанда,
Аспаннан сынып түсті күн мен айым...
Он жеті, қыршын жандар оққа ұшты,
Төгіліп ыстық қаны жерді құшты.
Не үшін өлгендерін білмей кетті,
Қайысып, қара жер де дір-дір етті!
Көр де жоқ, кебін де жоқ, қалды жайрап,
Басқа емес, өз отаны оққа байлап.
Күн күрсініп, аспанда ай тұтылса,
Ойран болып тулады теңіз қайнап.
Мұз бүркеніп, қар жамылып таулар тұрды,
Ешбір адам ұқпады жұмбақ сырды.
Төре-қара деген жоқ топырлатып,
Қолға түскен боздақтың бәрін қырды.
Талай ару зарланып жесір қалды,
Шырылдатып қаңғыртты балаларды.
Ата-аналар аһ ұрып аңырап жатса,
Мал-мүлкін олжалап талап алды.
Соның бірі болдым да, қала бердім,
Өтірік емес, бәрін де көзбен көрдім.
Қайғының қара тонын арқау етіп,
О халқым! өксіп жүріп өлең өрдім.
2-жүргізуші
Туған ұлтының тілегін жырлап өткен ақын “бар қазақтың көкірегіне кіріп, солардың жүрегінде жүретінін” біліп кетті. Бұған дәлел көп, соның бірі – көзі тірісінде оған арналған өлеңдердің, игі тілектердің том-том боп жиналғаны. Іні-сіңлі әріптестерінің оған жыр арнамағаны кем де кем. Ал, жандары қысылып, әлденеге алаңдап мазасызданғанда, іздейтіні де Мәриям апа болатын. Мұңдарын шағып, сырын төккен хаттар, ақыл-кеңес сұрап соғылатын телефон қоңыраулары, әйтпесе арнайы іздеп келіп, өздерін қинаған түйткілдің шешімін сұрап, риза боп кететіндерін жақындары, бала-шағасы жақсы білетін. “Ешбір жанға “мазаладың” деп көрмеген адаммын, – дейді бір оқырман хатына жауабында. – Көптің бабын табам деген кісіге жақсы атақ та, тыныш өмір де, рахат тұрмыс та болмайтынына көзім әбден жетті”. Осындай ерекшелігін жоғары бағалаған тілектерді тыңдайық.
Слайд
Біз есейіп үлгірмеген кезде сіз шашпауыңызды тепкен қол жетпейтін бұлт едіңіз. Ал, жігіт болғанымызда, біз үшін аспандағы айдан алыс, атақты ақын болдыңыз. Енді міне, біз балаларға ата болғанда сіз бізге ардақты апа болып отырсыз, сөйтіп жеткізбей-ақ алға сермеп бара жатырсыз. Бізге бұл қатты ұнайды.
Сіздің өмірбаяныңызбен танысқан сайын ғажайып таңқалатын, мақтан ететін қадір-қасиетіңізге табынам, қызығып та, қызғанып та қараймын.
Достарыңызбен бөлісу: |