Алғашқы туындысы туралы бейнеролик сіздердің назарларыңызға. №2
Өлең: «Қайран елім!» 13 б. №2том
1-жүргізуші:
1934 жылы КСРО Жазушылар одағына мүше боп қабылданды. Мәскеу қаласында өткен жазушылардың 1 съезіне делегат боп қатысты. 1935 жылы “Жеңешем өлеңдері” кітабы жарық көрді. Мұның бәрі қазақтың классик жазушысы Бейімбет Майлиннің тікелей ықпал етуімен жүзеге асып жатты. Бұл кезеңде жеке басының тағдыры да мамыражай қалыптасып, Серғали Бермұхамедов сынды музыкалық сан алуан аспаптардың құлағында ойнайтын шебер орындаушы, заң саласы қызметі мен сал-серілік қасиетті қатар ұстаған жігіттің сұлтанымен тұрмыс құрған еді. “21 жасымда өлідей, 31 жасымда тірілей жесір қалдым, екі рет күйеуге шыққанымда, он жыл да бірге тұрмаппын”, дейтін. 1937 жылы Серғали “халық жауы” деген жаламен ұсталып кетті.
1937 жылдың Мариям Хакімжанованың өміріне айтарлықтай әсер еткендігі, сіздерге бейнеролик арқылы көрсетеміз. № 3, 4
Достарыңызбен бөлісу: |