Келесі ..... орындауында «Ақ тілек» өлеңі. 322 бет. №2том
2-жүгізуші:
Содан кейінгі өмірі өксумен өтті, тұрмыстың тауқыметін тартты, бірақ қалайда намысқа тырысып, ар-ожданын әрқашан биік ұстады. Ақыны, ғалымы, қайраткері бар, сөз салып, сезімдерін білдірген бір де біреуінің етегінен ұстамады. “Неғып бос жүре бергенсіз, әлгілердің біреуіне шықсаңыз, бала-шағаңыз да, өзіңіз де еш қиындық көрмес едіңіз ғой”, – деп қалжыңдайтынбыз. Біздің пендешілік ойымызға о кісі асқақтай әрі мысқылдай жымия қарайтын еді. Мәриям апамның өнбойынан ескен тазалық, әділдік, шуақтың аржағында анау-мынау баса көктей алмайтындай сұс, айбар жататын. Әр жылдары шыққан “Ана махаббаты”, “Жыр асуы”, “Бөбегім менің – өлеңім менің”, “Ана көктемі”, “Гүл туралы аңыз”, “Намыс”, “Өткелдер” және басқа да жыр жинақтарын қалың оқырман жылы қабылдап, ақын ретінде ғана емес, халық ауыз әдебиетін жинап-зерттеуші, атақты Мұрын жырау, Жамбыл, Омар Шипин, Нұрпейіс Байғанин, Абдолла Жұмағалиев, Мұқан Төлебаев, Тайыр Жароков және басқа да тұлғалар туралы жазған аса құнды естелік, мақалаларымен тарихтан өз орнын ойып алды. Бүгінгі таңда Мәриям Хакімжанова есімі тұтастай ұғымға, ұлттық мақтанышқа айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |