Мүгедек – ауру немесе жарақат алу нәтижесінде, өмір бойына немесе ұзақ уакытқа, еңбек қабілетін (толық немесе жартылай) жоғалтқан адам. БҰҰ ұсынысы бойынша Конвенцияны ратификациялаған бірқатар елдер заңнамада «мүгедек» терминін «мүмкіндігі шектеулі адам» деп өзгертті.
Жеке тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Бұл термин латыннан келеді. Persona – ежелгі грек театрының актеры киген маска. Демек, адам – қоғамға кіргенде адамның киетін «маска» түрі. Бұл анықтама келесі критерийлер бойынша әртүрлі әлеуметтік жағымды қасиеттерге әкелді:
Жеке тартымдылық;
Сүйкімділік;
Харизма ;
Танымалдылық;
Мәртебесі.
Құқық — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Логопед – бұл сөз «логопедия» ғылымы арқылы пайда болған. (гр. Logos — cөз, ілім, paіdeіa — тәрбиелеу, оқыту) – психология мен педагогиканың тіл кемшілігін, оны жою мен оның алдын алудың әдістері мен қағидаларын зерттейтін саласы. Бала тілінде болатын кемістіктерді зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздестіретін арнайы педагогика тарауының бірі. Логопед - бала тілінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, түзету жұмыстарымен айналысады.
Психолог – бұл психология саласында кәсіби білім алған, дипломы және практикалық жұмыс тәжірибесі бар адам. Психологтар негізінен әр түрлі қиындықтары бар сау адамдармен жұмыс істейді: қарым-қатынаста, өз тәжірибесінде, жағдайды түсінуге және қолдауға мұқтаж (егер адамда ауыр психикалық бұзылулар болса, психологтар оны психиатрға жібереді). Адам жан-дүниесін түсініп, оған көмек пен қолдау көрсетуді талап ететін ерекше мамандық.
Дефектология - (лат. Defectus – жетімсіздік және гр. Λόγος – ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.
Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика – мылқау балаларға, тифлопедагогика – зағип балаларға, олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Дефектология, сондай-ақ дене кемістігі күрделі (соқыр және саңырау, саңырау және ақыл-ой кемістігі бар, т.б.) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды.
Дефектолог - латын тілінен аударғанда «кемістік» деген мағынаны білдіреді. Педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы. Кемістігі бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттейді. Дефектология ғылымның зерттеу объектісі – дамуында қандай да бір кемістігі бар адам.
Науқас - ауырсыну мен ыңғайсыздықтан зардап шегетін және сол себепті медициналық көмекке жүгінетін және денсаулығын жақсарту үшін кәсіби көмекке жүгінетін адам. Науқас сөзі латыннан шыққан «шыдайды» ол «азап шегу» немесе «зардап шекті» деген мағынаны білдіреді.
Құжат (лат. Documentum – куәлік, дәлелдеу) –заңда фактілер туралы мәліметтер, жазулар, рәміздер, таңбалар, суреттер арқылы тиянақталған ақпаратты материалдық нысан. Мазмұнына қарай ғылыми-техникалық (мақалалар, кітаптар, патенттер, сызбалар, т.б.), құқықтық (қаулылар, жарлықтар, шарттар, т.б.), басқарушылық (бұйрықтар, директивалар) құжаттарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |