БөЖ №1 Глоссарий Тақырыбы: Инклюзивтi бiлiм беру моделі



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі23,73 Kb.
#21134
1   2   3   4
Байланысты:
ИНКЛЮЗИВНЫЙ. $1

Әлеуметтiк бейiмдеу – нысаналы әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесiнде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын игеруi мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтiк орта жағдайларына белсендi түрде икемделуi.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау – мүмкіндігі шектеулі балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi еңсеру және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн ұсынатын бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі.

Арнаулы бiлiм беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып бiлiм беру.

Медициналық оңалту – организмнiң бұзылған немесе семiп қалған функцияларын емдеуге, қалпына келтiруге бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi.

Кәсiби диагностика – бойындағы психикалық және дене кемiстiгiн ескере отырып балалардың еңбек қызметiнiң немесе кәсiптiң дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрi – ПМПК) – арнайы бiлiм беру ұйымдары түрлерiнiң бiрi болып табылады.

Кемтар бала (балалар) – белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет