Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
БӨЖ №2
Пәні: Мәдениеттану
Тақырыбы: : "Мәдениет интеграциясы мен локализациясы"
Орындаған: Серғалы Айша, ДМ 21-11
Тексерген: Юсупова И. Б.
Алматы 2023
"Мәдениет интеграциясы мен локализациясы"
Мифтік рәміздер
Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде Мифтер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820 – 1903) Миф – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін Миф – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау.[2] Психологиялық мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) Мифтік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшелітері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20-ғасырдағы әлеуметтік антропологияда Б.Малиновский (1884 – 1942) мен К.Леви-Строс (1908) теорияларының ықпалы жоғары болды.
Діни рәміздер
Діни санадағы рәміздің қызмет етуі барысында оның келесі негізгі қасиеттері көрініс табады. Біріншіден, рәміз өзінің қалыпының бейнелілігінің арқасында рәмізделінетін нысанның бейне-көрінісін жасақтайды. Тылсым күшке сенімнің діни сана-сезімнен тұратындығы белгілі, өйткені, осы эмоционалдық механизмдер діни түсініктердің қалыптасуында басты роль атқарады.
Көптеген зерттеушілер діни сананы «көрнекілік пен сезімталдықты» бойына сіңірген бейнелі көрініс ретінде сипаттайды. Өйткені діни идеяларды сенушілердің санасына жеткізудің бірден-бір жолы эмоциялық қобалжуды тудыру болып табылады. Діни рәміздің бейнелік қалпы маңызды рөл атқарады, себебі оның бейнелік қалпы сенушілердің арасында оның идеясы мен мазмұнына эмоциялық әселенуді тудырып, діни фантазияларды одан әрі оянуға ынталандырады. Белгілі философ-материалист Л. Фейербах діннің мәні оның бейнелермен берілуінде деп атап өтеді. Шындығында аналогы жоқ, өзіндік бейнесі жоқ, иллюзорлы (бұлдыр, елестетпе) нысанды көрсете отырып, рәміз оған көрініс беріп, сезіне алатындай бейнекөрінісін қалыптастырып, діни нысанның нақты бейнесінің жоқтығын бүркемелейді.
Екіншіден, жоғарыда атап өткендей, рәміз құбылыс немесе нысанды белгілеп қана қоймайды, оны белгілі-бір деңгейде сипаттайды, рәмізделетін зат туралы хабарлама береді. Діни рәміз елестетілетін нысанды көрсетеді. Оның бейнесі түрлі түсініктердің, мотивтердің, идеалдардың, құндылықтар мен идеялардың өзара әрекеттесуінің негізіндегі діни фантазиямен жасақталады. Осындай бейненің қандай да бір ерекшелігін көрсете отырып, рәміз санада болмашы нысанның бейне көрінісін жасайды , оның нақтылығын көрсеткендей болады.
Үшіншіден, діни санада рәміздің оның рәмізделінетін нысанмен күрделі және көпқырлы арақатынасы сынды танымдық ерекшелігі үлкен маңызға ие. Рәмізге дейінгі қарапайым нышандарға форма мен мазмұнның жартылай тұтастығы тән. Діни рәмізге бұл ерекшеліктер алғашқы қауымдық мифологиядағы рәміздерден жетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |