БөЖ-3 4-апта тапсырмасы Тапсырма: Шығу тегіне байланыстырмай, грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсастығы жағынан топтастыру яғни Тілдердің типологиялық тұрғыдан топтастырылуын жіктеңіз
БӨЖ-3 4-апта тапсырмасы Тапсырма: Шығу тегіне байланыстырмай, грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсастығы жағынан топтастыру яғни Тілдердің типологиялық тұрғыдан топтастырылуын жіктеңіз. Типологиялық классификацияның даму тарихына көз жүгіртіп, даму, өзгеру бағытын көрсетіңіз. Мамандық тілінің қай типке жататынын мысалдармен дәлелдеңіз. Тілдердің типологиялық жіктелуі Фонетикалық типология Синтаксистік типология Морфологиялық типология Фонетикалық типология Тілдер дыбыс құрылыстыжәне буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да әріптермен жазады. Мысалы еуропалық тілдер дыбыс құрылысты. Буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады. Мысалы Қытай тілі буын құрылысты.
Тілдер монотониялы және политониялы болады. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшын, қазақ, орыс, араб тілдері. Ал политониялы тілдерде сөздің мағынасын оның айтылу әуені анықтайды. Мысалы қытнай, вьетнам тілдері.
Синтаксистік типологияБұл бойынша тілдер 3 топқа бөлінеді.
Номинативті тілдерде бастауыш атау септігінде тұрады да баяндауышпен жақ бойынша қиысады. Баяндауыш соған қарай жіктеледі.
Эргативті тілдерде етістіктің салт немесе сабақты болуына қарай, белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай баяндауыштың тұлғасы өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға орайласады. Яғни оның тұрақты тұлғасы болмайды, ол етістіктің қажетсінуіне байланысты.
Посессив (пассив) тілдерде етістіктер актив және пассив болып қарсы қойылады. Бастауыштың тұлғасы осыған байланысты болады. Морфологиялық типология Мұнда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады.
Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді. Мысалы қытай тілі. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Қосымшалар бір мағыналы болады да, түбір өзгермейді. Мысалы қазақ тілі (көше-көшелер-көшелерге). Флективті тілдерде қосымшаларФлективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөз көлемі ұзармайды түбір өз ішінен өзгереді. Мысалы орыс тілі (улица- улицы-улиц) Типологиялық жіктелім Дүние жүзі тілдері типологиялық жіктелімінің фонетика, морфология, синтаксистік түрлері бар. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны морфологиялық жіктелім. Ол өз ішінде 4 сыныпқа бөлінеді.
Тұйықталған тілдер (қытай, вьетнам, тибет, тай, кхмер, т.б). Бұл тілдер өзгеріске көп ұшырамайды. Сөзжасамы әлсіз, сөздердің ретімен келу тәртібі мен интонацияныңграмматикалық маңызы бар. Жалғамалы тілдер (түркі, моңғол, угро-финн, т.б). Бұл топтағы тілдерде сөз өзгерімінің, сөзжасамның қосымшалы жүйесі дамыған. Бұл топтағы тілдердің ерекшелігі- сөзде рет тәртібінің қатаң сақталуы, тәуелдену, жіктелу, септелу үлгілерінің бірегейлігі мен фонетикалық өзгерістерінің аздығы.
Инкорпоратив тілдер (чукот, коряк, т.б). Бұл тілдерде сөзбен қатар, инкорпоративті кешен (етістік- баяндауыш объектісінде, кейде бастауышта) қолданылады.
Флективті тілдер (үндіеуропа тілдер шоғыры). Бұл тілдер түбірдің фонетикалықөзгеріске ұшырауымен, септелу мен тәуелдену типтерінде семантикалық және фонетикалық өзгерістердің кездесуімен, сөз шекарасында морфемалардың тұрақты бірлігімен ерекшеленеді.
Морфологиялық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен қатар, басқа негізден тараған тілдердің арасында да бола береді.
Мамандық тілі- ағылшын тілі. Ағылшын тілі- флективті тілдер типіне, соның ішінде аналитикалық типке жатады. Бұл тілдердің негізгі ерекшелігі -- түбір флективтілігі мен жалғамалылық, көмекші сөздердің қосылуы.